Ақмола облыстық мәслихатының Әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия отырысының №11 ҚАУЛЫСЫ

    Ақмола облыстық мәслихаты

    Көкшетау қ. 2026 жылғы 24 тамыз

    «Ақмола облысы азаматтарының

    жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде

    тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін,

    оның ішінде дәрілік заттарды,

    арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды

    қосымша беру туралы»

    шешім жобасын алдын-ала қарау

    Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Д. Д. Сайданғазиннің ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 8С-11-10 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу мәселесі бойынша облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының депутаттары-мүшелері ұсынылған өзгерістер республикалық тізбе шеңберінде жеткілікті көлемде қамтамасыз етілмейтін дәрілік қамтамасыз етудің өңірлік тетігін жетілдіруге және дәрілік препараттарға мұқтаж ауыр, сирек және созылмалы аурулары бар пациенттерді емдеудің үздіксіздігін қамтамасыз етуге бағытталғанын атап өтті.

    Жобада нақты пациенттер үшін, оның ішінде муковисцидозды, бұлшықет дистрофиясын және созылмалы лимфоцитарлы лейкозды емдеуге арналған қосымша дәрілік препараттарды қосу көзделеді.

    Жаңа позициялар бойынша қаржыландыруға қосымша қажеттілік 129,3 млн. теңгені құрайды және облыстың денсаулық сақтау басқармасының бекітілген бюджеттік бағдарламалары шеңберінде қаражатты қайта бөлу есебінен жабуға жоспарлануда.

    Бір мезгілде қамтамасыз ету 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы бұйрығымен бекітілген заңнамадағы өзгерістерге және тізбені жаңартуға сәйкес республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын дәрілік препараттардың өңірлік тізбесінен алып тастау көзделеді.

    Жобада облыстық және республикалық көпсалалы топтардың шешімдерін ескере отырып, жекелеген қымбат тұратын дәрілік препараттарды тағайындау тәртібі нақтыланады.

    Баяндалғанды назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының ақпараты назарға алынсын.

    ҰСЫНУ:

    1. Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасына:

    2.1. «Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 8С-11-10 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» шешім жобасы облыстық мәслихат сессиясының қарауына енгізілсін.

    2.2. Облыстық және республикалық мультидисциплинарлық топтардың медициналық көрсетілімдері мен шешімдеріне сәйкес ауыр, сирек және созылмалы аурулары бар пациенттерді дәрілік қамтамасыз етудің үздіксіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ аталған топтардың қорытындыларын ескере отырып, қымбат тұратын дәрілік препараттарға қажеттіліктің тұрақты мониторингін қамтамасыз ету.

    2.3. Көзделген бюджет қаражаты шегінде, оның ішінде қалыптасқан бюджет қаражатын үнемдеу есебінен өңірлік тізбеге енгізуге ұсынылатын дәрілік препараттарды уақтылы сатып алуды қамтамасыз ету;

    2.4. Жекелеген дәрілік препараттар 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап республикалық бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға көшкен кезде пациенттерді, әсіресе муковисцидозы және басқа да сирек аурулары бар балаларды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде үзілістерге жол бермеу жөнінде қажетті шаралар қабылдау;

    2.5. Бюджет қаражатының қайталануын және тиімсіз пайдаланылуын болдырмау мақсатында дәрілік қамтамасыз етуді қаржыландырудың республикалық тізбесі мен тәртібінің өзгерістерін ескере отырып, дәрілік заттардың өңірлік тізбесін уақтылы өзектендіруді қамтамасыз ету;

    2.6. Қосымша өңірлік Тізбеге енгізілген дәрілік препараттарды сатып алу және бөлу қажеттілігін қалыптастырудың негізділігі мен ашықтығын қамтамасыз ету.

    1. Ұсынымдардың орындалу қорытындысы бойынша ақпарат Ақмола облыстық мәслихатына 2026 жылғы 20 қазанға дейін берілсін.
    1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

    Әлеуметтік мәселелер жөніндегі

    тұрақты комиссия төрағасы С. Сыздықов

    Жүктеу
    489bd4feec41a239aca2c47143e9396e22721db10f56b157eff0e148ddda64bb_original.952941.pdf
    PDF · 931 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Қаулы

    Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының ҚАУЛЫСЫ.

    Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының ҚАУЛЫСЫ 2026 жылғы 4 қыркүйек Қатысқандар:Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының мүшелері, облыстық басқармаларының басшылары. Күн тәртіб...

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды:
    Қаулы

    Аграрлық мәселелер және өңірді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысының ҚАУЛЫСЫ

    Көкшетау қ. 2026 жылғы 26 тамыз Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы А.М. Ахмедьяновтың, Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы М. К. Ержанның, Ақмола облысының ауыл...

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды:
    Қаулы

    Ақмола облыстық мәслихатының Әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия отырысының №10 ҚАУЛЫСЫ

    Көкшетау қ. 2026 жылғы 24 тамыз «Ақмола облысында балалардың құқықтардың қорғау және жетім балаларды отбасылық орналастырудың отбасылық нысандарын дамыту бойынша кешенді жұмысты ұйымдастыру» (оның ішінде кәсіби қабылдау...

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды:
    Қаулы

    Ақмола облыстық мәслихатының Әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия отырысының №9 ҚАУЛЫСЫ

    Көкшетау қ. 2026 жылғы 24 тамыз «Ақмола облысында білім беру жүйесін дамыту: Қазақстан Республикасының мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын і...

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды:
    Өкім

    Қоғамдық кеңестің сандық құрамы бойынша өкім

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды:
    Тізбе

    Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің құрамы (2025-2027 ж.ж.)

    Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің құрамы (2025-2027 ж.ж.) № Кандидаттардың аты-жөні Лауазымы мен жұмыс орны 1 Ахетова Әлияш Қойшыбайқызы Публицист. Педагог. Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі. Қазақстан Ре...

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды:
    Қаулы

    Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары бірлескен отырысының қорытындысы бойынша қаулы

    Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары бірлескен отырысының қорытындысы бойынша қаулы Көкшетау қ. 2026 ж. 11 маусым Қоршаған ортаны қорғауға бөлінген жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде қоршаған ортаға...

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды:
    Бюджет

    "Ақмола облыстық мәслихатының аппараты" ММ 2024 - 2026 жылдарға арналған БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

    "Ақмола облыстық мәслихатының аппараты" ММ 2024 - 2026 жылдарға арналған БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ 001 Облыс мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды: