Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары бірлескен отырысының қорытындысы бойынша қаулы
Көкшетау қ. 2026 ж. 11 маусым
Қоршаған ортаны қорғауға бөлінген
жергілікті бюджет қаражатын,
оның ішінде қоршаған ортаға
теріс әсер еткені үшін төлем түріндегі
бюджетке арнайы түсімдерді
жоспарлау және пайдалану тиімділігіне жүргізілген
мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы
Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі М.Х.Рахымжановтың, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А. Қ. Шүгірмақованың, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары А. Е. Құсманованың мемлекеттік аудиттің қорытындылары туралы сөйлеген сөздерін тыңдап, талқылағаннан кейін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Белгіленген:
- қоршаған ортаны қорғау саласында іске асырылып жатқан мемлекеттік саясат нысаналы экологиялық көрсеткіштерге толық және сапалы қол жеткізуді қамтамасыз етпейді;
- табиғат қорғау іс-шараларын іске асыру бойынша бюджет ресурстарын тиімсіз басқару, қабылданатын шаралардың жеткіліксіздігі, бұл өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тежеуші әсер етеді және экологиялық жағдайдың тиісті жақсаруын қамтамасыз етпейді.
- Ұсыну:
2.1 Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы:
- 2027 жылға арналған бюджеттік параметрлерді уақтылы қалыптастыру мақсатында қысқа мерзімде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына, оның ішінде қоғамдық тыңдауларды ескере отырып аудит жүргізу және өзектендіру және экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына келісуге уақтылы ұсыну;
- Ақмола облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарының нысаналы индикаторларына қол жеткізбеу себептеріне талдау жүргізу және болашақта мұндай бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі іс-шараларды әзірлеу;
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы есепті жылдан кейінгі жылдың 1 ақпанынан кешіктірмей Ақмола облыстық мәслихатына жыл сайынғы есептерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
2.2 Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына:
- облыстық бюджеттен қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарын қаржыландыру көлемін жергілікті бюджетке үш жыл ішінде түскен қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлемақы сомасынан кем емес деңгейге жеткізуді қамтамасыз ету;
- табиғат қорғау іс-шараларының тиімділігін жоспарлау мен бағалаудың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында облыс аумағында іске асырылатын экологиялық жобаларды, соның ішінде газдандыруды, тазарту құрылыстарын, қалдықтармен жұмыс істеу объектілерін салуды және басқа да экологиялық жобаларды қоршаған ортаны қорғау жөніндегі 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына интеграциялау жөніндегі мәселені қарау.
Жоғарыда көрсетілген қаулының іске асырылуы туралы ақпарат Ақмола облыстық мәслихатына ағымдағы жылғы 1 қарашаға дейінгі мерзімде берілсін.
Осы қаулының іске асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Экономика және бюджет
мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы М. Қойшыбаев
Депутаттық әдеп, заңдылық,
экология және табиғатты пайдалану
мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы П. Безвербный