Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің 2023 жылға арналған жұмыс жоспары

    Ақмола облыстық мәслихаты

    №

    Іс-шараның атауы

    Өткізу форматы

    Орындау мерзімі

    Аяқталу нысаны

    1. Ұйымдастырушылық-әдістемелік мәселелер

    1

    Ақмола облысы ҚК 2023 жылға арналған жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту.

    ҚК комиссияларының жұмысы

    сәуір

    2. ҚР ҚК өкілеттіктерін орындау бойынша

    2

    «Жергілікті атқарушы органдардың 1 және 2-жартыжылдықтарда атқарған жұмыстары және 2023/2024 жылдарға арналған міндеттері туралы».

    Ақмола облысы әкімінің есебін тыңдау

    сәуір-желтоқсан

    3

    Ақмола облысы мемлекеттік органдарының НҚА жобаларын қарау

    отырыстар

    жыл бойы

    тұрақты

    4

    Кеңес мүшелерінің мемлекеттік органдардың мемлекеттік сатып алу жөніндегі конкурстық комиссияларына қатысуы (мемлекеттік органдар комиссияларының жоспарлары мен құрамдары бойынша)

    конкурстық комиссиялардың отырыстары

    жыл бойы

    5

    Кеңес мүшелерінің «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ жер учаскелерін беру жөніндегі жер комиссиясына қатысуы (мемлекеттік орган комиссияларының жоспарлары мен құрамдары бойынша)

    М.М. Қойшин

    жыл бойы

    6

    Кеңес мүшелерінің ҚР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 47-бабының 3-тармағы негізінде «Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ функцияларын бәсекелестік ортаға беру жөніндегі жұмыс тобының құрамында қатысуы (мемлекеттік органның жұмыс тобының жоспарлары мен құрамдары бойынша).

    Қ.Қ. Құлышев

    жыл бойы

    7

    Кеңес мүшелерінің «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ жобаларды кредиттеу қағидаларының 14-тармағына сәйкес агроөнеркәсіптік кешен саласындағы жобаларды іріктеу комиссиясына қатысуы (мемлекеттік орган комиссияларының жоспарлары мен құрамдары бойынша)

    Е.Б. Нұғыман

    жыл бойы

    8

    Кеңес мүшелерінің «ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақмола облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті» ММ білім беру қызметін лицензиялауды және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыру жөніндегі комиссиясына қатысуы (мемлекеттік орган комиссияларының жоспарлары мен құрамдары бойынша)

    М.М. Қойшин

    жыл бойы

    9

    Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің 2022 жылға арналған жұмыс жоспарының орындалуы туралы. ҚК мүшелерінің белсенділігі (отырыстарға қатысуы). ҚК 2023 жылға арналған жұмыс жоспарының жобасы туралы.

    ақпаратты тыңдау

    2023 ж. қаңтар

    10

    Білімнің қолжетімділігі, жұмысқа орналасу, жастар саясаты саласындағы әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру мәселелерін зерделеу мақсатында білім алушы, жұмыс істейтін жастармен Ақмола облысының аудандарына көшпелі кездесулер.

    білім алушы, жұмыс істейтін жастармен кездесулер

    жыл бойы

    тұрақты комиссиялар

    11

    «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 16-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес 2023 жылға арналған бекітілген тоқсан сайынғы кестеге сай ҚК комиссияларының қоғамдық консультациялар өткізуі және азаматтарды жеке қабылдауды жүзеге асыруы.

    азаматтарды жеке қабылдау

    тоқсан сайын

    тұрақты комиссиялар

    Заңдылық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия (С.Г. Құсайынова)

    15

    Комиссия мүшелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында барлық деңгейдегі бюджеттер есебінен жобалардың іске асырылуын қоғамдық бақылауға қатысуы.

    Негіздеме: Қоғамдық бақылауды енгізу Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекет істерін басқаруға қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

    Кіші мәселелер:

    • Қазақстан Республикасының азаматтарын қоғамдық бақылау процесіне тарту;

    • Қазақстан Республикасының жалпыұлттық басымдықтары шеңберінде орындалатын жобалардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету;

    • қоғамдық бақылау объектілерінің шешімдер қабылдауы кезінде қоғамдық пікірдің ескерілуін қамтамасыз ету;

    • қоғамдық бақылау объектілері қызметінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;

    • қоғамдық бақылау субъектілері мен объектілерінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;

    • қоғамдық бақылау объектілері қызметінің тиімділігін арттыру;

    • Қазақстан Республикасы азаматтарының қоғамдық бақылау объектілерінің қызметіне сенім деңгейін арттыру;

    • қоғамда құқық бұзушылық мінез-құлыққа төзбеушілікті қалыптастыру.

    Отырыс / мониторинг

    Ақмола облысының әкімдігі, ЖАО («Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ, «Ақмола облысының энергетика және ТҮКШ басқармасы» ММ, «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ)

    (С.Г. Құсайынова)

    мамыр

    16

    Мемлекеттік органдардың қызметіне жобалық басқаруды енгізу мониторингі.

    Негіздеме: Жалпыұлттық басымдықтардың бағдарламалары/портфельдері шеңберінде орындалатын жобалардың сапалы іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында қоғамдық мониторинг жүзеге асырылады, соның ішінде жобалардың іске асырылу барысының және іс жүзінде қол жеткізілген қоғамдық маңызы бар нәтижелердің жоспарланған параметрлерге, соның ішінде мерзімдерге, сапаға, жобалардың құнына сәйкестігіне мониторинг жүргізіледі.

    Кіші мәселелер:

    • заманауи технологияларға негізделген жаңа ұйымдастырушылық мәдениетті және мемлекеттік басқарудың жобалық-желілік моделін енгізу;

    • жобалық менеджмент құралдары, әдістері, озық тәжірибелері мен стандарттары негізінде мемлекеттік секторда жобалық басқаруға бірыңғай унификацияланған тәсілді қамтамасыз ету;

    • республикалық және жергілікті бюджеттер, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік есебінен қаржыландырылатын жобаларды бастау және іске асыру процестерінің азаматтар үшін ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;

    • Біріккен Ұлттар Ұйымы айқындаған 2030 жылға дейінгі Орнықты даму саласындағы мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ету.

    Отырыс / мониторинг

    Ақмола облысының әкімдігі,

    «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» ММ,

    «Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасы» ММ

    тұрақты

    17

    Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының паспорттарын, мемлекеттік органдардың даму жоспарларының жобаларын, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандардың даму жоспарларын, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын, өңірді дамытудың кешенді жоспарларының жобаларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тұрғысынан талқылау.

    Негіздеме: Өңірлердің экономикалық бәсекеге қабілеттілігін арттыру және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту.

    Кіші мәселелер:

    • Халықтың қажеттілігін зерделеу.

    • Қаржыландыру алған жобалардың тиімділігін бағалау критерийлері.

    • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу.

    Комиссия отырысы / мониторингі

    Ақмола облысының әкімдігі,

    «Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ,

    «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» ММ,

    Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері,

    «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ (С.Г. Құсайынова)

    мамыр-маусым

    18

    Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының орындалуын талқылау, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылу барысына жүргізілген мониторинг нәтижелерін қарау.

    • Ақмола облысы бюджетінің 2023 жылдың 1-жартыжылдығындағы орындалуы: талдау және тәуекелдер

    Негіздеме: Бюджеттің бірінші жартыжылдықтағы орындалуын талдау өңірдің кірістері мен шығыстарының ағымдағы жағдайын бағалауға, бюджеттік міндеттемелердің орындалмау ықтимал тәуекелдерін анықтауға, жоспарлы көрсеткіштерден ықтимал ауытқулардың себептерін айқындауға және түзету шараларын ұсынуға мүмкіндік береді. Түсімдердің құрылымын, бюджет қаражатының игерілу деңгейін және оларды бөлудің тиімділігін қарастыру маңызды.

    Кіші мәселелер:

    • Есепті кезеңдегі бюджеттің орындалу пайызы қандай?

    • Бюджетке кірістер түсімінің динамикасы қандай және жоспарлы көрсеткіштерден ауытқулар бар ма?

    • Шығыстардың қай баптары толық көлемде қаржыландырылды, ал қайсысы қаржыландырылмады?

    • Екінші жартыжылдықта бюджеттің толық орындалмау тәуекелдері қандай?

    • Мүмкін болатын қаржылық тапшылықтарды жою үшін қандай шаралар ұсынылады?

    • Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою.

    • Білім беру және денсаулық сақтау объектілерін күрделі және ағымдағы жөндеуге бөлінген қаражат қалай пайдаланылуда?

    • Бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру үшін қандай шаралар қабылдануда?

    • Бюджет қаражатын игеруде және мемлекеттік бағдарламаларды орындауда қандай мәселелер бар?

    ҚК отырысы

    Ақмола облысының әкімдігі,

    «Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ,

    «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ,

    Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері

    шілде-тамыз

    19

    Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органның немесе өңірдің тиісті қызмет саласының қоғамдық маңызы бар мәселелері бойынша, соның ішінде мемлекеттік басқаруды жетілдіру және мемлекеттік аппараттың ашық жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауы мәселелері бойынша өтініштерін қарау.

    Комиссия отырысы / мониторингі

    Ақмола облысының әкімдігі, тәртіптік комиссия, Мемлекеттік қызмет істері департаменті

    тамыз-қыркүйек

    20

    Мемлекеттік құпияларды немесе Қазақстан Республикасының заңдарымен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтерді қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде заңдылықты қамтамасыз ету және адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мәселелері бойынша құқық қорғау органдары басшыларының ақпаратын тыңдау.

    Комиссия отырысы / мониторингі

    Ақмола облысының әкімдігі, СЖҚАД, ПД, ҚАЖД, Ақмола облысының прокуратурасы (Ж.Б. Кәрімов)

    қазан-қараша

    21

    Сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу және ескерту бойынша мемлекеттік қызметшілермен, құқық қорғау органдарымен құқықтық оқыту шеңберінде кездесулер ұйымдастыру және өткізу.

    Дәрістер, семинарлар, тыңдаулар, отырыстар

    «ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаменті» ММ (комиссия мүшелері)

    тұрақты

    Аграрлық мәселелер, экология, инновациялық даму және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жөніндегі комиссия

    22

    ТҮКШ және экология саласындағы мәселелерді зерделеу мақсатында өңірлерге шығу.

    Негіздеме: ТҮКШ мәселелерін талқылау, өңірдегі экожүйенің жай-күйін бағалау үшін аудандар мен қалаларда көшпелі отырыс ұйымдастыру ұсынылады. Жергілікті қоғамдастықтар деңгейінде экологиялық бастамаларды талқылау. Халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру мәселелерін талқылау. Аумақты көгалдандыру және тазалау акциясын ұйымдастыру.

    Кіші мәселелер:

    • Ауыл шаруашылығы техникасы паркінің жай-күйін талдау және лизинг мәселелерін қоса алғанда, оны жаңарту шаралары;

    • Үлесшілер мен жалға алушылар арасындағы дауларды реттеу;

    • Ауылдық колледждер базасында дуальды оқытудың болмауы;

    • Аграрлық кәсіпорындардың оқу орындарымен байланысының әлсіздігі.

    Комиссия отырысы / мониторингі

    Ақмола облысының әкімдігі және аудандық ЖАО,

    «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ

    маусым

    23

    Шағын және орта ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қолдау мәселелері бойынша дөңгелек үстел өткізу.

    Өңірдегі аграрлық сектордың жай-күйі туралы талдамалық есеп дайындау. Орнықты агротехнологияларды енгізу бойынша семинар өткізу. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеу. Өңірдің агроөнеркәсіптік кешеніне инновациялық технологияларды енгізу деңгейін талдау.

    Негіздеме: Ауыл шаруашылығына инновацияларды енгізудің ағымдағы жай-күйін бағалау және агроөндірістің технологиялық деңгейін арттыруға ықпал ету.

    Кіші мәселелер:

    • Цифрлық және «ақылды» технологияларды (GPS-бағдарланған егіншілік, дрондар, автоматтандырылған суару және азықтандыру жүйелері) қолданатын шаруашылықтарға мониторинг жүргізу;

    • Фермерлердің, аграрлық жоғары оқу орындары мен IT-компаниялар өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастыру;

    • Жергілікті атқарушы органдар үшін инновацияларды енгізуді субсидиялау бойынша ұсынымдар әзірлеу.

    Комиссия отырысы / мониторингі

    ЖАО, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша экология департаменті» РММ, Ақмола облысының әкімдігі және аудандық ЖАО, «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ

    тамыз

    Қоқыс шығаратын, энергия, жылу және сумен жабдықтайтын ұйымдар үшін бірыңғай абоненттік база құру. Көкшетау қаласы әкімдігінің мекенжайына тұрақты жел жағдайында шашылатын қоқыс көлемін азайтуға мүмкіндік беретін қоқыс контейнерлеріне қақпақтар орнату туралы ұсыныстар енгізу.

    "Me First Kokshetau" экологиялық жобасын енгізу және қолдау.

    Негіздеме:

    Көкшетау қаласының әрбір ұйымында экологиялық қауіпсіздік және энергия мен ресурсты үнемдейтін технологияларды енгізу, эко-ағартушылық қызмет және кәсіпорынның / ұйымның имиджі бойынша қызмет құру.

    Ұсыным жобасын енгізу

    ЖАО, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы, «ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша экология департаменті» РММ, Ақмола облысының әкімдігі және аудандық ЖАО, «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ

    Орындалуы 31 мамырға күтілуде

    24

    Жер-құқықтық қатынастар саласындағы жағдай мен мәселелер.

    Облыстық маңызы бар қала шегінде жер учаскелерін бөлуге және таратуға мониторинг жүргізу. Ауылдық жерлерде ауыл шаруашылығы айналымына тарту мақсатында иесіз және пайдаланылмайтын жерлерді түгендеу. Жалға алу тоқтатылғаннан кейін жерді қайта бөлу тиімділігін арттыру.

    Негіздеме:

    Өңірдің жер ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығы жерлерінің өнімділігін арттыру және олардың деградациялануын болдырмау.

    Жерді қайта бөлудің ашық әрі әділ механизмін құру, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін және «қолмен басқаруды» жою.

    Көкшетау қаласының әкімдігі,

    ХҚКО-лар, «Ақмола облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ, «Көкшетау қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ

    қазан

    Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі комиссия

    25

    Халықты сапалы ауызсумен қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларға бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігі.

    Негіздеме: Халықты таза ауызсумен қамтамасыз ету мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Су құбыры желілерін жаңғыртуға, салуға және жөндеуге, сондай-ақ су тазарту бағдарламаларына бөлінген бюджет қаражатының қаншалықты тиімді пайдаланылып жатқанын бағалау қажет. Қойылған мақсаттарға қол жеткізу деңгейін, инфрақұрылымның тозу дәрежесін және көрсетілетін қызметтердің сапасын талдау маңызды.

    Екі комиссияның бірлескен отырысы / мониторингі

    Ақмола облысының әкімдігі,

    «Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ,

    «Ақмола облысының энергетика және ТҮКШ басқармасы» ММ,

    «Ақмола облысының құрылыс басқармасы» ММ

    мамыр

    26

    Коммерциялық емес ұйымдарды қаржыландыру: бюджеттік гранттарды бөлу және олардың тиімділігін бағалау.

    Негіздеме: ҮЕҰ үшін мемлекеттік гранттар әлеуметтік, экономикалық және мәдени мәселелерді шешуге бағытталған қоғамдық бастамаларды қолдау құралы болып табылады. Қаражаттың бөлінуіне, оның нысаналы пайдаланылуына және қол жеткізілген нәтижелерге талдау жүргізу, сондай-ақ бұл жобалар өңірдегі жағдайды жақсартуға қаншалықты ықпал ететінін және жарияланған мемлекеттік басымдықтарға сәйкестігін бағалау қажет.

    Комиссия отырысы / мониторингі

    Ақмола облысының әкімдігі,

    «Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ,

    «Ақмола облысының ішкі саясат басқармасы» ММ,

    Гранттар бөлуге қатысушы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері

    мамыр-маусым

    27

    Ақмола облысы бюджетінің 2023 жылдың 1-жартыжылдығындағы орындалуы: талдау және тәуекелдер.

    Негіздеме: Бюджеттің бірінші жартыжылдықтағы орындалуын талдау өңірдің кірістері мен шығыстарының ағымдағы жағдайын бағалауға, бюджеттік міндеттемелердің орындалмау ықтимал тәуекелдерін анықтауға, жоспарлы көрсеткіштерден ықтимал ауытқулардың себептерін айқындауға және түзету шараларын ұсынуға мүмкіндік береді. Түсімдердің құрылымын, бюджет қаражатының игерілу деңгейін және оларды бөлудің тиімділігін қарастыру маңызды.

    ҚК отырысы

    Ақмола облысының әкімдігі,

    «Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ,

    «Ақмола облысының қаржы басқармасы» ММ,

    Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері

    шілде-тамыз

    28

    ҚК мүшелерінің қызметі туралы материалдарды баспа БАҚ-та, әлеуметтік желі парақшаларында, облыстық мәслихат сайтында және «Қазкеңес» республикалық сайтында жариялау.

    ақпаратты дайындау және орналастыру

    жыл бойы

    ҚК мүшелері

    29

    Қоғамдық кеңестің 2023 жылғы қызметінің қорытындылары туралы.

    ҚК төрағасының есебі

    желтоқсан - 2024 ж. қаңтар

    30

    ҚК 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын әзірлеу және бекіту.

    отырыс

    желтоқсан - қаңтар

    31

    Ақмола облысы ҚК қызметі туралы есептерді ҚР АҚДМ ұсыну.

    есеп

    жыл бойы

    Жүктеу
    9cf3e52e682336fe6f486e07db0249bb_original.50077.docx
    DOCX · 49 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Өкім

    Қоғамдық кеңестің сандық құрамы бойынша өкім

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды:
    Тізбе

    Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің құрамы (2025-2027 ж.ж.)

    Ақмола облысы Қоғамдық кеңесінің құрамы (2025-2027 ж.ж.) № Кандидаттардың аты-жөні Лауазымы мен жұмыс орны 1 Ахетова Әлияш Қойшыбайқызы Публицист. Педагог. Қазақстан Республикасы Журналистер одағының мүшесі. Қазақстан Ре...

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды:
    Қаулы

    Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары бірлескен отырысының қорытындысы бойынша қаулы

    Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары бірлескен отырысының қорытындысы бойынша қаулы Көкшетау қ. 2026 ж. 11 маусым Қоршаған ортаны қорғауға бөлінген жергілікті бюджет қаражатын, оның ішінде қоршаған ортаға...

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды:
    Бюджет

    "Ақмола облыстық мәслихатының аппараты" ММ 2024 - 2026 жылдарға арналған БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

    "Ақмола облыстық мәслихатының аппараты" ММ 2024 - 2026 жылдарға арналған БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ 001 Облыс мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды:
    Ақпарат

    2023 жылғы 19 наурызда өткен Ақмола облысы қалалық, аудандық мәслихаттары депутаттарын сайлаудың қорытындылары туралы хабарлама

    №п\п Қала\ауданның атауы Наименование города\района Қазақ тілінде сілтеме Ссылка на казахском языке Орыс тілінде сілтеме Ссылка на русском языке 1 г.Көкшетау https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-kokshetau/document...

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды:
    Ақпарат

    2023 жылғы 19 наурызда өткен Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау қорытындылары туралы хабар

    2023 жылғы 19 наурызда бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауы өтті. Сайлаушылар тізіміне 517816 азамат енгізілген. Дауыс беруге 309188 сайлаушы қатысты,...

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды:
    Бюджет

    "Ақмола облыстық мәслихатының аппараты" ММ 2025 - 2027 жылдарға арналған БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

    "Ақмола облыстық мәслихатының аппараты" ММ 2025 - 2027 жылдарға арналған БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ 001 Облыс мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды:
    Хаттама

    Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ 2025 ж. 15 мамыр

    Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес отырысының Хаттамасы Көкшетау қ. 2025 ж. 15 мамыр 10.00 Қатысқандар:қалалық пен аудандық мәслихаттардың төрағалары (тізім қоса беріледі) Төрағалық етуші...

    Ақмола облыстық мәслихатыЖарияланды: