Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысының
ҚАУЛЫСЫ
2026 жылғы 4 қыркүйек
Қатысқандар: Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларының мүшелері, облыстық басқармаларының басшылары.
Күн тәртібі:
- Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 22 шілдедегі № 8С-31-3 «Ақмола облысы бойынша Толық бітіріп берілетін құрылыс объектілерінің тізбесін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
- Ақмола облысының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тiзбесiн келісу туралы.
- Ақмола облысының рәміздерін бекіту туралы.
- Ақмола облысы бюджетінің проблемалық мәселелері.
- Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының м. а. А.С. Байқуанышевтің ақпаратына сәйкес, бекітілген Тізбені шамамен құны 398 млрд теңге болатын 47 жобамен толықтыру ұсынылады. Іске асыруға үлгілік жобалар емес, бірегей сәулет шешімдерімен ерекшеленетін жобалар, сондай-ақ Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде көзделген іс-шаралар ұсынылатыны атап өтілді.
Толық бітіріп берілетін құрылыс форматы бір мердігердің қажетті жабдықты жобалауды, салуды және жеткізуді қоса алғанда, жұмыстардың толық кешенін орындауын көздейді. Бұл ретте конкурстық іріктеу неғұрлым күрделі рәсім бойынша жүзеге асырылады, бұл жосықсыз мердігерлердің қатысу тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.
Мәселені талқылауды ескере отырып Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.«Ақмола облысы бойынша Толық бітіріп берілетін құрылыс объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 22 шілдедегі № 8С-31-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы мақұлдансын және Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз екінші сессиясының қарауына енгізілсін.
- Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп:
- ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы мектеп-интернатты толық бітіріп берілетін құрылыс объектілерінің тізбесіне енгізу, оның ішінде тізбенің жекелеген объектілерін қайта форматтау арқылы енгізу мүмкіндігін қарастыру;
- аудандар мен қалалардың әкімдіктерімен бірлесіп, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым объектілеріне қажеттілікті анықтау тұрғысынан облыстың ауылдық елді мекендеріне кешенді мониторинг жүргізу және жүргізілген жұмыс нәтижелері бойынша ауылдық жерлерде толық бітіріп берілетін құрылыс объектілерінің тізбесін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар енгізу.
Осы жылғы 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде осы тапсырманың орындалуы туралы ақпарат облыстық мәслихат аппаратына жіберілсін.
- Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.Қ. Шүгірмақованың «Ақмола облысының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының тiзбесiн келісу туралы» шешім жобасы бойынша ақпараты талқыланды.
Шешім жобасына өзгерістер енгізу қажеттілігі облыстық басқармалардың: мәдениет, жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру, цифрландыру және архивтердің Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 139-бабының 9-тармағына сәйкес ауылдық жерде жұмыс істейтін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізбесін нақтылау және өзектендіру жөніндегі ұсыныстарына негізделген.
Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы өзгерістерді енгізу азаматтық қызметшілерді әлеуметтік қолдауды қамтамасыз етуге, ауылдық елді мекендердегі жұмыстың тартымдылығын арттыруға және жергілікті жерлерде кадрлық әлеуетті сақтау үшін жағдайлар жасауға мүмкіндік береді.
- Жоғарыда көрсетілген шешім жобасы мақұлдансын және облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз екінші сессиясына енгізілсін.
III. « Ақмола облысының рәміздерін бекіту туралы» шешім жобасы бойынша ішкі саясат басқармасының басшысы Г. Т. Кәрімованың ақпаратын талқылауды ескере отырып, Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Жоғарыда көрсетілген шешім жобасы мақұлдансын және облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз екінші сессиясына енгізілсін.
- Ақмола облысы бюджетінің проблемалық мәселелері бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А.Қ.Шүгірмақованың кірістер, бюджет қаражатының тапшылығы, шығыстарды оңтайландыру, облыстың 2026-2028 жылдарға арналған кірістер болжамы, КТС бойынша жергілікті бюджет шығындары және т. б. бойынша жоспардың орындалмауы туралы ақпараты тыңдалды.
Мәселені талқылауды ескере отырып Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы:
- ағымдағы жылғы 10 қыркүйегіне дейінгі мерзімде облыстық мәслихат депутаттарының Қазақстан Республикасының Құрылтайына хат дайындау үшін облыстық мәслихат аппаратына өңірдің ірі бизнесінің 29 субъектісінен 30 млрд. теңге сомасында корпоративтік табыс салығын республикалық бюджетке аударуға байланысты Ақмола облысына «өтемақы» беру қажеттілігі туралы негіздемелері бар ақпарат жіберілсін;
- Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп 2025 жылы денсаулық сақтау ұйымына жеткізілген медициналық жабдығы бойынша берешекті өтеу үшін 2027 жылға бюджет қаражатын бөлуді көздесін.
- Облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы:
- өңірдің қаржылық тұрақтылығын және жергілікті бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету үшін ү. ж. 15 қыркүйегіне дейінгі мерзімде ірі бизнестен КТС бойынша жергілікті бюджеттің 30 млрд теңге мөлшерінде шығындарына байланысты Ақмола облысының өтемақысын бөлу қажеттілігі туралы өтініш дайындасын және Қазақстан Республикасы Құрылтайының Қаржы және бюджет комитетіне жолдасын;
- тиісті өңірлердің әкімдіктерімен, экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп, жергілікті бюджеттердің проблемалық мәселелерін шешу жолдарын жан-жақты қарастыру, соның ішінде кіріс жоспарының толық орындалмауына жол бермеу және салық шығындарын азайту.
Осы қаулының іске асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Экономика және бюджет мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы М. Қойшыбаев
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы С. Сыздықов
Аграрлық мәселелер және өңірді
индустриялық-аймақтың инновациялық
дамыту жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы Ә. Ошақбаев
Депутаттық әдеп, заңдылық, экология
және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы П. Безвербный