«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысы бос лауазымына орналасуға ашық конкурс ЖАРИЯЛАЙДЫ

    Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы

    Кәсіпорынның атауы: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
    Кәсіпорынның орналасқан жері: Қызылорда облысы денсаулық сақтау басқармасының «Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны. Индекс 120100, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Арал қаласы, Сырым батыр даңғылығы №1. Байланыс телефоны: 8/72433/2-14-46, электронды пошта: [email protected].
    Негізгі қызметі: Кәсіпорын қызметінің мақсаты азаматтардың медициналық қызметтегі қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру және денсаулық сақтау саласында өндірістік-шаруашылық қызметтер атқару болып табылады.
    «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның бас дәрігері.
    «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның дара басшылық негізінде бас дәрігер басқарады, оны денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.
    Қызметтік міндеттері:
    Кәсіпорынның бас дәрігері кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметіне және мүлкінің сақталуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады, бас дәрігер дара басшылық қағидаттарында әрекет етеді және кәсіпорын қызметінің барлық мәселелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Жарғысында айқындалатын өз құзыретіне сәйкес дербес шешеді, кәсіпорын қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру тетіктерін анықтайды, мемлекеттік стандарттарға сай болуы үшін көрсетілген диагностикалық, емдеу және профилактикалық көмектің тиімділігі мен сапасын арттыруға, көрсетілетін қызметтердің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған қызметкерлердің жұмысын ұйымдастырудың нысаны мен әдістерін жаңадан енгізуді және қолданыстағылардың жетілдіруді қамтамасыз етеді, білікті кадрлардың өз кәсіптік білімдері мен тәжірибелерін ұтымды пайдалануына, өмір мен денсаулыққа қауіпсіз еңбек жағдайын құруға, ұжымда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыру үшін шаралар қабылдайды, кәсіпорын жұмысының нысаны мен әдісін жақсартуға арналған қажетті шараларды қабылдайды, әлеуметтік әріптестік принциптерінің негізінде ұжымдық шартты әзірлеуді, жасауды және орындауды қамтамасыз етеді, қызметкерлердің еңбекке ынтасын, бастамасын және белсенділігін дамытуға ықпал етеді, эпидемиологиялық жағдайды зерделеу және бағалау жөніндегі жұмыстарды үйлестіреді, адам денсаулығына қолайсыз әсер ететін басым факторларды анықтайды және эпидемиологиялық жағдайды жақсартуға арналған пәрменді шараларды қабылдайды, гигиеналық нормативтерді сақтауды, медициналық этиканың орындалуы, ішкі еңбек тәртібінің, құралдарды, жабдықтарды және тетіктерді техникалық пайдаланудың талаптарын, еңбек қауіпсіздігі мен қорғалуы, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитариялық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардың сақталуын қамтамасыз етеді, кәсіпорынның уақытында есеп беруін қамтамасыз етеді, кәсіпорынның атынан сенімхатсыз әрекет етеді және оның мүдделерін барлық органдарда білдіреді, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген шектерде кәсіпорынның мүлкіне билік етеді, шарттар жасасады және өзге де мәмілелер жасайды, сенімхаттар береді, банктік шоттар ашады, кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес кәсіпорынның қызметкерлерін жұмысқа қабылдайды және олармен еңбек шарттарын бұзады, көтермелеу шараларын қолданады және егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Жарғысында өзгеше көзделмесе оларды жазаға тартады, тиісті саланың уәкілетті органы басшының ұсынымы бойынша қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын кәсіпорын қызметкерлерінің номенклатурасы оның Жарғысында белгіленеді, белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде еңбекақы төлеу нысанын, штаттық кестені, лауазымдық айлықақылардың мөлшерлерін, кәсіпорынның қызметкерлеріне сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесін бекітеді, өзінің орынбасарларын қызметке тағайындау және қызметтен босату үшін тиісті саланың уәкілетті органына кандидатуралар ұсынады, өзінің орынбасарлары мен кәсіпорынның басқа да басшы қызметкерлерінің құзыретін белгілейді, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
    - "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім, "Денсаулық сақтау менеджменті" ("Қоғамдық денсаулық сақтау") мамандығы бойынша біліктілікті арттырудың (кайта даярлаудың) сертификаттық курсынан өткені туралы куәлік және (немесе) тиісті мамандық бойынша біліктілікті беру туралы куәлік (немесе сертификат), денсаулық сақтау саласындағы менеджер сертификаты және денсаулық сақтау ұйымдарында басшылық лауазымдағы жұмыс өтілі кемінде 2 жыл болуы.
    Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Азаматтық, Еңбек, "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы", "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодекстерін, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы", "Мемлекеттік сатып алу туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңдарын және Қазақстан Республикасының осы кәсіпорынның қызметі саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілерін білетіндігі тексеріледі.
    Сондай-ақ, мемлекеттік басқару органы бекіткен тиісті кәсіпорын басшысының біліктілік талаптары мен лауазымдық нұсқаулығының негізінде конкурсқа қатысушылардың кәсіби білімі анықталады.
    Конкурсқа қатысқысы келген азаматтар «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне келесі құжаттарды тапсырады:
    1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
    2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
    3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
    4) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
    5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе жеке еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және одан босатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмесі;
    6) денсаулық туралы белгіленген нысандағы анықтама.
    7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің соттылығы жоқ екендігі туралы анықтама.
    Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, осының алдындағы жұмыс орнының басшылығынан кепілдеме және т.с.) беруіне болады.
    Осы қағидалардың талаптарына сәйкес барлық құжаттар дайын болғанда комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап 2 жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.
    Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін, комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік 3 жұмыс күні ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді. Конкурс өткізетін мекен-жайы: индекс 120100, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Арал қаласы, Сырым батыр даңғылығы №1. Байланыс телефоны: 8/72433/2-14-46 электронды пошта: [email protected].
    Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар аталмыш хабарландыру жарияланған мерзімнен бастап 15 күнтізбелік күн аралығында, яғни 10.08.2026ж сағат 17:00-ге дейін. Құжаттар қабылдау мекен жайы: индекс 120100, Қазақстан Республикасы, Қызылорда облысы, Арал қаласы, Сырым батыр даңғылығы №1. Байланыс телефоны: 8/72433/2-14-46, электронды пошта: [email protected].
    Аталмаш лауазымға орналасқан азамат үшін көтерме шығындар төленбейді, тұрғын үй және жеңілдіктер ұсынылмайды.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының халықпен жұмысы туралы 2026ж 6 айлық мәліметі

    01.01.2026ж.-30.06.2026жж.аралығында Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына барлығы 2999 өтініш тіркелінді, оның ішінде 2301 жеке тұлғалардан, 698 заңды тұлғадан, 235 басшы мен орынбасарларының қабылдауына, 52...

    Хабарландыру

    Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Көп бейінді облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына бақылау кеңесінің мүшесі лауазымдық қызметіне Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы конкурс жариялайды.

    ХАБАРЛАНДЫРУ Конкурс өткізілетін күн: Конкурсты өткізу туралы хабарландыруды жариялағаннан бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткеннен кейін.Конкурс өткізілетін орыны: Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы, мекен...

    Есеп

    Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының игерілуі туралы 2026 жылдың 30 маусым айына

    АНЫҚТАМА2026 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 15 231 948,7 мың теңге. 2026 жылдың маусым айына төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 3 605 597,9 теңгеден іс жү...

    Ақпарат

    2026 жыл II тоқсан қорытындысы бойынша денсаулық сақтауды цифрландыру

    Цифрландыру Қазіргі уақытта аудандық деңгейге дейінгі және одан төменгі барлық медициналық ұйымдар компьютерлік техникамен 100% қамтамасыз етілген, ал кемінде 4 Мбит/с жылдамдықтағы интернет желісіне 93,2%-ы қосылған.Бар...