Цифрландыру
Қазіргі уақытта аудандық деңгейге дейінгі және одан төменгі барлық медициналық ұйымдар компьютерлік техникамен 100% қамтамасыз етілген, ал кемінде 4 Мбит/с жылдамдықтағы интернет желісіне 93,2%-ы қосылған.
Барлық медициналық ұйымдар «Даму-мед» кешенді медициналық ақпараттық жүйесіне қосылған. Бүгінгі таңда Қызылорда облысының медициналық ұйымдарына тіркелген халықтың 93,6%-ына электрондық денсаулық паспорттары толтырылған. Қазіргі уақытта «Даму-мед» жүйесі арқылы дәрігер қабылдауына жазылу және дәрігер тағайындаулары электронды форматта 47%-ды құрайды. Облыстың 15 медициналық ұйымында, оның ішінде 8 аудандық, 1 қалалық және 6 облыстық медициналық ұйымда телемедициналық жабдықтар кешені орнатылған. 2026 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша (01.01–30.06.2026) телемедициналық консультациялар саны 449-ті құрады, оның ішінде республикалық орталықтармен — 42, облыстық деңгейдегі медициналық ұйымдармен — 407 кеңес өткізілді. Зерттеу нәтижелерінің жоғалуын болдырмау, қайталама зерттеулер жүргізуді болдырмау, сондай-ақ медициналық құжаттаманың ұзақ әрі сенімді сақталуын қамтамасыз ету мақсатында «DICOM-бейнелерді беру және мұрағаттау үшін PACS жүйесін енгізу» жобасы іске асырылды. PACS жүйесі меншік нысанына қарамастан енгізілуге тиіс барлық 24 медициналық ұйымға, соның ішінде Қызылорда қаласының барлық 18 медициналық ұйымына енгізілді.