Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Көп бейінді облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнына бақылау кеңесінің мүшесі лауазымдық қызметіне Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы конкурс жариялайды.

    Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы

    ХАБАРЛАНДЫРУ

    Конкурс өткізілетін күн: Конкурсты өткізу туралы хабарландыруды жариялағаннан бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өткеннен кейін.
    Конкурс өткізілетін орыны: Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы, мекенжайы: Қызылорда қаласы, Абай даңғылы, 27, Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының ғимараты, №212 бөлме.
    Кәсіпорынның атауы, орналасқан жері, пошталық мекенжайы және байланыс телефоны: 120008, «Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Н.Назарбаев даңғылы №72, байланыс телефоны: 8 (7242) 23-51-50, e-mail: [email protected] Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Көп бейінді облыстық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.
    Негізгі қызметі: Қызылорда облыс халқына мамандандырылған стационарлық көмек көрсету.
    Бақылау кеңесіне сайланатын тұлғаларға қойылатын талаптар: жоғары білімнің болуы, сондай-ақ төмендегі мынадай талаптардың бірінің:
    1) Денсаулық сақтау салаларындағы кемінде он жыл жұмыс тәжірибесінің;
    2) Денсаулық сақтау салаларындағы басшылық қызметте (заңды тұлға басшысы немесе оның орынбасарлары) кемінде бес жыл тәжірибесенің;
    3) Денсаулық сақтау салаларындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі болуын қамтиды.
    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде комиссияға мынадай құжаттарды ұсынуы тиіс:
    1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);
    2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
    3) өмірбаян (еркін нысанда жазылға);
    4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариялды расталған көшірмесі;
    5) жоғары білімі туралы құжаттың нотариалды расталған көшірмесі;
    6) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының нотариалды расталған көшірмесіне соңғы жұмыс орнына қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың үзінді көшірмесі;
    7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.
    Үміткер конкурстық өтінімнің түпнұсқасын «Түпнұсқа» деп белгіленген конвертке салып мөрлейді. Бұл конвертте үміткердің аты, жөні,тегі және мекенжайы көрсетілуі тиіс. Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн аралығында Қызылорда қаласы, Абай даңғылы. 27-үй мекен-жайы бойынша Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына тапсырылуы тиіс. Анықтама үшін байланыс телефоны: 8 (7242) 40-04-51 (3008), 23-53-41.

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының халықпен жұмысы туралы 2026ж 6 айлық мәліметі

    01.01.2026ж.-30.06.2026жж.аралығында Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасына барлығы 2999 өтініш тіркелінді, оның ішінде 2301 жеке тұлғалардан, 698 заңды тұлғадан, 235 басшы мен орынбасарларының қабылдауына, 52...

    Хабарландыру

    «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын басшысы бос лауазымына орналасуға ашық конкурс ЖАРИЯЛАЙДЫ

    Кәсіпорынның атауы: «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасының «Арал аудандық көп бейінді орталық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.Кәсіпорынның орналасқан жері: Қызыло...

    Есеп

    Қызылорда облысының денсаулық сақтау саласына бөлінген қаржының игерілуі туралы 2026 жылдың 30 маусым айына

    АНЫҚТАМА2026 жылға облыстық денсаулық сақтау басқармасына бюджеттік бағдарламалар бойынша қаралған қаржы 15 231 948,7 мың теңге. 2026 жылдың маусым айына төлемдер жоспары бойынша қаралған қаржы 3 605 597,9 теңгеден іс жү...

    Ақпарат

    2026 жыл II тоқсан қорытындысы бойынша денсаулық сақтауды цифрландыру

    Цифрландыру Қазіргі уақытта аудандық деңгейге дейінгі және одан төменгі барлық медициналық ұйымдар компьютерлік техникамен 100% қамтамасыз етілген, ал кемінде 4 Мбит/с жылдамдықтағы интернет желісіне 93,2%-ы қосылған.Бар...