Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 22 шілдедегі № 8С-31-2 шешімі
«2026-2028 жылдарға арналған
облыстық бюджет туралы»
Ақмола облыстық мәслихатының
2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 8С-24-2
шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 8С-24-2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
орыс тіліндегі бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады;
көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі қосымшаларында бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады;
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 522 926 184,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 71 048 649,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 12 752 013,4 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 95 000,0 мың теңге;
арнаулы түсімдер – 6 319 326,0 мың теңге;
трансферттер түсімдері – 432 711 196,0 мың теңге;
2) шығындар – 517 152 914,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 23 376 276,7 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 45 649 615,0 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 22 273 338,3 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 260 007,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 266 507,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 6 500,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -17 863 013,7 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 17 863 013,7 мың теңге.»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. 2026 жылға арналған облыстық жергілікті атқарушы органының резерві 1 575 631,4 мың теңге сомасында бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің 1 және 5-қосымшалары осы шешімнің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешiм 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов |
«КЕЛІСІЛДІ»
Ақмола облысының әкімі __________________ М. Ахметжанов 2026 жылғы «_22_» шілде |
|
«Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы __________________ А. Шүгірмақова 2026 жылғы «_22_» шілде |