Сегізінші шақырылған Ақмола
облыстық мәслихатының
кезектен тыс отыз бірінші
сессиясының күн тәртібі туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз бірінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 8С-24-2 «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Шүгірмақова Алмагүл Қайырлықызы - Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
- Ақмола облысы бойынша Толық бітіріп берілетін құрылыс объектілерінің тізбесін бекіту туралы.
Баяндамашы: Байқуанышев Азамат Сабыржанұлы - Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы.
- Ақмола облысында жерлеу және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы.
Баяндамашы: Жүнісов Марат Мақжанұлы - Ақмола облысының энергетика тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары.
- «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Ақмола облысы бойынша іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 қарашадағы № 8С-16-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Баяндамашы: Жүнісов Марат Мақжанұлы - Ақмола облысының энергетика тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары.
- Ақмола облысында уақытша жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу туралы.
Баяндамашы: Қасенов Ренат Қайратұлы - Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысыныңорынбасары.
- Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының міндеттерін уақытша жүктеу туралы.
Баяндамашы: Саусканов Ержан Жамартұлы – Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының аппарат басшысы.
- «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 6С-4-4 шешіміне өзгеріс мен толықтыру енгізу туралы.
Баяндамашы: Саусканов Ержан Жамартұлы – Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының аппарат басшысы.
Ақмола облыстық
мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов