2026 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмысы аясында басқармада келесi жұмыстар жүргiзiлді
Барлық мемлекеттiк қызметшiлер мемлекеттiк қызметке түскен кезде құқықтары менмiндеттерi, олар қабылдайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерi түсiндiрiлді. Заңмен бекiтiлген мерзiмде Басқарма қызметкерлерi салық органына жыл сайынғы жеке табысы мен мүлкi туралы декларация тапсырады.
Басқармада құқықтық жалпыға мiндеттi оқуда тұрақты түрде Қазақстан Республикасы мемлекеттiк қызметкерлерiнiң Әдеп кодексi және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдары нормаларын түсiндiру бойынша оқулар жүргiзiлді. Басқармамен 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350 Қазақстан Республикасының әкімшілдік рәсімдік – процестік Кодексі сақталып, сондай – ақ жеке заңды тұлғаларды жеке қабылдау мәселесі ерекше бақылауға алынды. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңдары талаптарының бұзылуына жол бермеу мақсатында басқарма басшылығының тұлғаларды қабылдау кестесі бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланған.
Басқармада сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру бағытында мемлекеттік қызметшілерге сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер (әрекетсіздіктер) жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарымен қудаланатын тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктерді басқарманың мемлекеттік қызметшілеріне таныстырылды.
Басқарма қызметшілері тарапынан қызметтік этиканы қатаң сақтау қажеттігі барлық қызметшілерге ескертілген. Есепті мерзімде қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық сипатындағы құқық бұзушылық әрекеттер жасау және осындай әрекеттері үшін тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жаза қолдану деректері тіркелген жоқ.
Басқарманың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарылған жұмыстары туралы ақпарат веб-порталда тұрақты түрде орналастырылып, ақпарттандыру жұмыстары жүзеге асырылуда.
Облыс әкімдігінің бекітілген кестесіне сәйкес 2026 жылы маусым айында Басқармада ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, іс-шаралар жоспары бекітілді.
Талдау қорытындысымен 3 тәуекел анықталып, оларды жою бойынша ұсынымдар, іс-шаралар жоспары әзірленді.
Ішкі талдаудың есепті кезеңінде Басқармада 5 мемлекеттік қызметкерге және 1 штаттан тыс қызметкерге тәртіптік шара қолданылды. кадрлық тағайындаулар мен босатулар бойынша: 3 мемлекеттік қызметші конкурс арқылы тағайындалды (оның ішінде 2 мемлекеттік қызметкерге тәлімгер бекітіліп 3 ай сынақ мерзімімен тағайындалды), 5 штаттан тыс қызметкер қабылданды,
1 мемлекеттік қызметші мен 6 штаттан тыс қызметкер жұмыстан босатылды. «е-Өтініш» Ақпараттық жүйесінде тіркелген жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 424 өтініш түсті. Оның ішінде арыз – 271, шағым – 15, ұсыныс – 33 және басқалары (хабарлама, сұрау салу, жауап беру)-105. Басқа органга құзыреті бойынша 218 өтініш жолданды. Өтініштер бақылауға алынып, заңнамамен көзделген мерзімдерінде жауаптары берілді.
Жалпы, Ішкі талдау рәсімдері белгіленген үлгілік қағидаларына сәйкес жүргізілді, ол бойынша тыңдау өткізіліп, қажетті құжаттардың барлығы ресми интернет-ресурста жарияланды.
Қорыта келе, басқарма тарапынан сыбайлас жемқорлықпен күрес тұрақты бақылауда және іс – шаралар жалғастырыла береді.
Cыбайлас жемқорлық
Ұқсас материалдар
Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидалары
Қызылорда облыстық мәслихатының 2026 жылғы «____» ___________№____ шешіміне қосымша Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидалары 1-тарау. Жалпы ережелер Осы Қалалар мен елді мекендердің аумақтар...
Қызылорда облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы
Қызылорда облысындағы қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңы...
"Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ММ бойынша 2026 жылы 31 шілдесіне қаржының игерілуі туралы мәлімет"
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ММ бойынша 2026 жылы 31 шілдесіне қаржының игерілуі туралы мәлімет Бюджеттік бағдарлама коды Бюджеттік бағдарламаның аты 2026 жылға бөлінге...
2026 жылдың 6 айында «е-Өтініш» Ақпараттық жүйесінде тіркелген жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
Жеке және заңды тұлғалардан келетін өтініштер бойынша 2026 жылдың 6 айында «е-Өтініш» Ақпараттық жүйесінде тіркелген жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша 202 өтініш түсті. Оның ішінде арыз – 129, шағым – 10, ұс...
"Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ММ бойынша 2026 жылы 30 маусымына қаржының игерілуі туралы мәлімет"
Қызылорда облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы ММ бойынша 2026 жылы 30 маусымына қаржының игерілуі туралы мәлімет Бюджеттік бағдарлама коды Бюджеттік бағдарламаның аты 2026 жылға бөлінге...