Ақмола облыстық мәслихаты аграрлық мәселелер және өңірді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі тұрақиы комиссиясы отырысының қаулысы Көкшетау қ. 2026 жылғы 19 маусым

    ·

    Ақмола облыстық мәслихаты аграрлық мәселелер және өңірді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі тұрақиы комиссиясы отырысының қаулысы

    Көкшетау қ. 2026 жылғы 19 маусым

    Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, Ақмола облысының жер ресурстарын басқару департаментінің, «KOKSHE» ӘКК және аграрлық кредиттік корпорация өкілдерінің ақпаратын қарап, тұрақты комиссия мыналарды атап өтеді.

    2023 жылдан бастап Ақмола облысында ауыл халқының табысын арттыруға және ауылда кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған «Ауыл Аманаты» жобасы іске асырылуда.

    2023-2026 жылдары бағдарламаны іске асыруға 13,9 млрд теңге қарастырылған. 2026 жылғы 26 мамырдағы жағдай бойынша 4 077,9 млн теңге сомасына 463 микрокредит берілді, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға 308 кредит және өзге де бизнес-жобаларды іске асыруға 155 кредит. 1 257,3 млн теңге сомасына 49 ауылдық өндірістік кооператив қолдау алды.

    Облыста ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, тамақ өнеркәсібін дамыту және ауылдық кооперация бойынша табысты жобалар іске асырылуда. Ерейментау ауданында ет кластерін құру бойынша зәкірлік жоба іске асырылуда.

    Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2022-2025 жылдары мемлекет меншігіне 780,7 мың га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қайтарылды. Оның ішінде 763,1 мың га немесе 97,7% қайта бөлінді.

    2026 жылға пайдаланылмаған және заңнаманы бұза отырып берілген жерлерді қайтару жоспары 90,0 мың га құрайды. Қазіргі жағдай бойынша 54,9 мың га немесе жоспардың 61% қайтарылды.

    Жер заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша 103,1 мың га алқапқа 30 ұйғарым берілді, әкімшілік айыппұлдар салынды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жер пайдаланушылардың бір бөлігі жалпы ауданы 16,5 мың га жерді игеруге кірісті.

    Тұрақты комиссия «Ауыл Аманаты» және «Жер Аманаты» бағдарламаларын іске асырудың оң серпінін, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару жөніндегі жұмысты атап өтеді, сонымен бірге жер ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және мемлекеттік бағдарламалардың нысаналы көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі жұмысты жалғастыру қажет деп санайды.

    Мемлекеттік органдардың ақпаратын, сондай-ақ депутаттардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Ақмола облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының, Ақмола облысы Жер ресурстарын басқару департаментінің, «KOKSHE» ӘКК және «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның «Ауыл Аманаты» және «Жер Аманаты» бағдарламаларын іске асыру барысы туралы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайтару және шаруашылық айналымына тарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпараты назарға алынсын.
    2. Кәсіпкерлікті, ауылдық кооперацияны, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді және ауыл халқының табысын арттыруды қамтамасыз ететін «Ауыл Аманаты» жобасын іске асырудың оң серпінін атап өту.
    3. Ақмола облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына ұсынылсын:

    - 2026 жылы «Ауыл Аманаты» жобасының нысаналы индикаторларына қол жеткізуді қамтамасыз ету;

    - ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту, инвестициялық жобаларды іске асыру және ауылда жаңа жұмыс орындарын құру жөніндегі жұмысты жалғастыру;

    - орталық мемлекеттік органдарға асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірлеу, атап айтқанда, субсидия алушыларға қойылатын талаптарды жеңілдету (шағын шаруашылықтар үшін асыл тұқымды мал басының ең төменгі санына қойылатын талаптарды қайта қарау, сондай-ақ қатысу шарттары жеңілдетілген шағын шаруа (фермер) қожалықтары мен жеке қосалқы шаруашылықтар үшін субсидия алушылардың жеке санатын көздеу);

    - орталық мемлекеттік органдарға мал шаруашылығына арналған кредиттер бойынша жеңілдікті кезеңді ұзарту мәселесі бойынша ұсыныстар дайындау;

    - бағдарламаның әлеуетті қатысушыларымен, оның ішінде бизнес-жобаларды дайындау мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық жұмысты күшейту;

    - «Ауыл Аманаты» бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын жобаларды іріктеуге және сүйемелдеуге аудан және ауылдық округ әкімдерінің қатысуын жандандыру;

    - ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауды реттеу бөлігінде көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінің жұмыс істеу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу және Қазақстан Республикасының Көлік министрлігіне енгізу, өйткені Қағидалардың талаптары маусымдық дала жұмыстарын жүргізу ерекшелігін ескермейді. Егін жинау кезеңінде астық және өзге де ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауға тартылған жүк автомобильдері тәулігіне 5-6 және одан да көп рейстер жасайды, көбінесе түнгі уақытта жұмысын жалғастырады, бұл егін жинау кезеңінде ауыл шаруашылығы техникасы мен көлігін пайдалану ерекшеліктеріне сәйкес келмейді.

    1. Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару департаментіне жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ұсынылсын:

    - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер заңнамасының талаптарын бұза отырып пайдаланылмайтын не пайдаланылатын жерлерді анықтау, мемлекеттік меншікке қайтару және қайта бөлу жөніндегі жұмысты жалғастыру;

    - ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды және тиімді пайдалануға, жер пайдаланушылардың анықталған бұзушылықтарды уақтылы жоюға бақылауды күшейту.

    1. Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы қаулының орындалуын үйлестіруді қамтамасыз ету және оның орындалу барысы туралы ақпаратты 2026 жылғы 27 шілдеге дейін тұрақты комиссияға ұсыну.
    2. Осы қаулының орындалуын бақылау аграрлық мәселелер және өңірді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

    Аграрлық мәселелер

    және өңірді индустриялық-инновациялық

    дамыту жөніндегі

    тұрақты комиссияның төрағасы Ә. Ошақбаев

    Жүктеу
    60111aa1ac102c6a7e9a2bf83bf34082_original.25200.docx
    DOCX · 25 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Бюджет

    "Ақмола облыстық мәслихатының аппараты" ММ 2025 - 2027 жылдарға арналған БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

    "Ақмола облыстық мәслихатының аппараты" ММ 2025 - 2027 жылдарға арналған БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ 001 Облыс мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

    Жарияланды:
    Хаттама

    Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ 2025 ж. 15 мамыр

    Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес отырысының Хаттамасы Көкшетау қ. 2025 ж. 15 мамыр 10.00 Қатысқандар:қалалық пен аудандық мәслихаттардың төрағалары (тізім қоса беріледі) Төрағалық етуші...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ 2026 ж. 21 сәуір

    Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес отырысының Хаттамасы Көкшетау қ. 2026 ж. 21 сәуір 11.00 Қатысқандар:қалалық пен аудандық мәслихаттардың төрағалары (тізім қоса беріледі) Төрағалық етуші...

    Жарияланды:
    Есеп

    АЗАМАТТАРДЫҢ ӨКІЛДІ ОРГАНЫ – АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ДЕПУТАТТЫҚ КОРПУСТЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

    АЗАМАТТАРДЫҢ ӨКІЛДІ ОРГАНЫ – АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ДЕПУТАТТЫҚ КОРПУСТЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік органдардың барлық дең...

    Жарияланды:
    Шешім

    Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясының күн тәртібі туралы

    Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясының күн тәртібі туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикас...

    Жарияланды:
    Шешім

    Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының міндеттерін уақытша жүктеу туралы

    Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының міндеттерін уақытша жүктеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес А...

    Жарияланды:
    Шешім

    «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Ақмола облысы бойынша іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 қарашадағы № 8С-16-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 22 шілдедегі № 8С-31-5 шешімі «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Ақмола облысы бойынша іс-қимыл...

    Жарияланды:
    Шешім

    Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 22 шілдедегі № 8С-31-4 шешімі

    Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 22 шілдедегі № 8С-31-4 шешімі Ақмола облысында жерлеу және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мем...

    Жарияланды: