"Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    ·

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы "Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.



    2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

    2) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) – жер учаскелерінің, оның ішінде олардың шекаралары туралы сапалық және сандық сипаттамаларды, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған ақпараттық жүйе;

    3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

    4) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "электрондық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;

    5) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпарат беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе.

    6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны;

    2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

    3. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

    "Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе)осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

    4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісуге өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау көрсетілетін қызметті беруші немесе портал арқылы жүзеге асырылады.

    Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

    5. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ЭҮТШ арқылы талап етеді.

    Пайдаланушының порталда тіркелген абоненттік ұялы байланыс нөмірі арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған кезде көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.

    Дербес деректерді және ақпараттық жүйелерде қамтылған заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісімімен жүзеге асырады.

    Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    6. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

    1) операциялық залдың жұмыскері (оператор) құжаттар келіп түскен күні 15 (он бес) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

    2) операциялық залдың жұмыскері (оператор) құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан қабылдап алған құжаттарды қызметті көрсетуге жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) курьер арқылы жібереді;

    3) ҚБ басшысы 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қолын қояды және қызметті көрсетуге жауапты жұмыскерді айқындайды;

    4) ҚБ жұмыскері құжаттар тіркелген кезден бастап 1(бір) жұмыс күні ішінде:

    көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

    5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттарды тіркейді, МЖК ААЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді, жобаланып отырған жер учаскесінің бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын МЖК ААЖ-ға енгізеді, атрибутивтік ақпаратты енгізеді, жобаланып отырған шекараларға алаңның, желілер өлшемінің, орналасқан жерінің сәйкестігіне, басқа жер учаскелеріне, оның ішінде МЖК ААЖ ақпараттық жүйесіне сақтауға жатпайтын жер учаскелері мен объектілерге қабаттасудың бар-жоғына салыстырып тексеру жүргізеді (бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын енгізеді);

    2 (екі) сағат ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісін, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесінің жоспарын және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесінің шекаралары тараптарының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосін дайындайды;

    жобаланып отырған жер учаскесі желілік объектілер, оның ішінде темір, автомобиль жолдары, бұрылыс жолақтарымен бірге жербеті, жерүсті және жерасты құбырлары және су айдындары мен әуелік электр желілерінің тіреулері, кәбілді электр желілерінің жербеті құрылысжайлары алып жатқан МЖК ААЖ графикалық деректерімен келісілген жағдайда, 2 (екі) сағат ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісін, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желілі объектілер орналасқан жобаланып отырған жер учаскесінің жоспарын және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желілі объектілер орналасқан жобаланып отырған жер учаскесінің шекараларының координаттары мен тараптар ұзындығының жиынтық ведомосін әзірлейді;

    жобаланып отырған жер учаскесінің орналасқан жері МЖК ААЖ графикалық деректеріне сәйкес келмеген жағдайда, 2 (екі) сағат ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесі координаттарының сәйкес келмеу актісін, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкессіздігі (қабаттасуы) схемасын, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесінің шекараларының координаттары мен ұзындығының жиынтық ведомосін дайындайды;

    жобаланып отырған жер учаскесі желілік объектілер, оның ішінде темір, автомобиль жолдары, бұрылыс жолақтарымен бірге жербеті, жерүсті және жерасты құбырлары және су айдындары мен әуелік электр желілерінің тіреулері, кәбілді электр желілерінің жербеті құрылысжайлары алып жатқан МЖК ААЖ графикалық деректерімен сәйкес келмеген жағдайда, 2 (екі) сағат ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесі координаттарының сәйкес келмеу актісін, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желілі объектілер орналасқан жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен сәйкессіздігі схемасын, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желілі объектілер орналасқан жобаланып отырған жер учаскесінің шекараларының координаттары мен ұзындығының жиынтық ведомосін дайындайды;

    мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болмаған жағдайда, жер учаскесінің координаттарын салыстырып тексеру актісін, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының жоспарын, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының координаттары мен тараптар ұзындығының жиынтық ведомосін дайындайды және ҚБ басшысына немесе оны алмастыратын адамға жолдайды;

    5) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын адам 3 (үш) сағат ішінде жер учаскесінің координаттарын салыстырып тексеру актісін, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының жоспарын, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының координаттары мен тараптар ұзындығының жиынтық ведомосін тексереді, құжаттарға қол қояды және тіркеуге жібереді;

    6) жер учаскесінің координаттарын салыстырып тексеру актісін, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының жоспарын, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының координаттары мен тараптар ұзындығының жиынтық ведомосін тіркеуді жүзеге асыратын ҚБ жұмыскері қол қойылған құжаттарды 2 (екі) сағат ішінде тіркейді және курьер арқылы көрсетілетін қызметті берушінің қызметкеріне 2 (екі) сағат ішінде береді;

    7) қолхат көрсетілген және жеке куәлік және (немесе) сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушының жеке басы сәйкестендірілген жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін береді.

    7. Порталға жүгінген жағдайда:

    1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері 15 (он бес) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды келіп түскен күні қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және ҚБ басшысына немесе оны алмастыратын адамға жолдайды;

    2) ҚБ басшысы 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қолын қояды және қызметті көрсетуге жауапты жұмыскерді айқындайды;

    3) ҚБ жұмыскері құжаттар тіркелген кезден бастап 1(бір) жұмыс күні ішінде:

    көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

    қабылданған құжаттарды тіркейді, МЖК ААЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді, жобаланып отырған жер учаскесінің бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын МЖК ААЖ-ға енгізеді, атрибутивтік ақпаратты енгізеді, жобаланып отырған шекараларға алаңның, желілер өлшемінің, орналасқан жерінің сәйкестігіне, басқа жер учаскелеріне, оның ішінде МЖК ААЖ ақпараттық жүйесіне сақтауға жатпайтын жер учаскелері мен объектілерге қабаттасудың бар-жоғына салыстырып тексеру жүргізеді (бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын енгізеді);

    2 (екі) сағат ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісін, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесінің жоспарын және осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесінің шекаралары координаттары мен тараптар ұзындықтарының жиынтық ведомосін дайындайды;

    жобаланып отырған жер учаскесі желілік объектілер, оның ішінде темір, автомобиль жолдары, бұрылыс жолақтарымен бірге жербеті, жерүсті және жерасты құбырлары және су айдындары мен әуелік электр желілерінің тіреулері, кәбілді электр желілерінің жербеті құрылысжайлары алып жатқан МЖК ААЖ графикалық деректерімен келісілген жағдайда, 2 (екі) сағат ішінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесінің координаттары ведомосін салыстырып тексеру актісін, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желілі объектілер орналасқан жобаланып отырған жер учаскесінің жоспарын және осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желілі объектілер орналасқан жобаланып отырған жер учаскесінің шекараларының координаттары мен тараптар ұзындығының жиынтық ведомосін әзірлейді;

    жобаланып отырған жер учаскесінің орналасқан жері МЖК ААЖ графикалық деректеріне сәйкес келмеген жағдайда, 2 (екі) сағат ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесі координаттарының сәйкес келмеу актісін, осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкессіздігі (қабаттасуы) схемасын, осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесінің шекараларының координаттары мен ұзындығының жиынтық ведомосін дайындайды;

    жобаланып отырған жер учаскесі желілік объектілер, оның ішінде темір, автомобиль жолдары, бұрылыс жолақтарымен бірге жербеті, жерүсті және жерасты құбырлары және су айдындары мен әуелік электр желілерінің тіреулері, кәбілді электр желілерінің жербеті құрылысжайлары алып жатқан МЖК ААЖ графикалық деректерімен сәйкес келмеген жағдайда, 2 (екі) сағат ішінде осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жобаланып отырған жер учаскесі координаттарыын сәйкес келмеу актісін, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желілі объектілер орналасқан жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен сәйкессіздігі схемасын, осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша желілі объектілер орналасқан жобаланып отырған жер учаскесінің шекараларының координаттары мен ұзындығының жиынтық ведомосін дайындайды;

    мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болмаған жағдайда, жер учаскесінің координаттарын салыстырып тексеру актісін, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының жоспарын, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының координаттары мен тараптар ұзындығының жиынтық ведомосін дайындайды және ҚБ басшысына немесе оны алмастыратын адамға жолдайды;

    4) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын адам 3 (үш) сағат ішінде жер учаскесінің координаттарын салыстырып тексеру актісін, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының жоспарын, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының координаттары мен тараптар ұзындығының жиынтық ведомосін тексереді, құжаттарға қол қояды және тіркеуге жібереді;

    5) жер учаскесінің координаттарын салыстырып тексеру актісін, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының жоспарын, жобаланып отырған жер учаскесі шекараларының координаттары мен тараптар ұзындығының жиынтық ведомосін тіркеуді жүзеге асыратын ҚБ қызметкері қол қойылған құжаттарды 15 (он бес) минут ішінде тіркейді ҚБ басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

    8. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

    Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

    Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жобаланып отырған жер учаскесінің тексеру актісін келістіру туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

    9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

    Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген және өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

    10. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

    Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

    11. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

    3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

    Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

    13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

    көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

    мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

    Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

    1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

    2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

    Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

    14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

    "Жобаланатын жер учаскесін
    жылжымайтын мүліктің
    бірыңғай мемлекеттік кадастры
    ақпараттық жүйесінің
    графикалық деректерімен
    келісу" мемлекеттік
    қызметін көрсету қағидаларына
    1-қосымша

    "Жобаланатын жер учаскесін жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1

    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

    "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

    2

    Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

    1) көрсетілетін қызметті беруші;
    2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

    3

    Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

    7 (жеті) жұмыс күні ішінде.

    4

    Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

    Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

    5

    Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

    Жобаланып отырған жер учаскесінің келісілген жоспары не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту.
    Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алуға келмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші беру үшін олардың бір ай боцы сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін құжаттарды жүйелеу және сақтау бөліміне (техникалық мұрағат) береді.

    6

    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) 3-қосымшаның 28-параграфына сәйкес мөлшерде есептеледі.
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын төлеу қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ қолма-қол емес нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

    7

    Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

    1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін;
    2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
    2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
    3) порталда орналастырылған.

    8

    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушылар ұсынады:
    көрсетілетін қызметті берушіге:
    1) "Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу" мемлекеттiк қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрi – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
    2) көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін);
    3) жер учаскесінің жоспары және оның бұрыштық бұрылыс нүктелері координаталарының ведомостері;
    4) көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжатының (түбіртектің) көшірмесі;
    порталға:
    1) көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-мен немесе ұялы байланыс операторы беретін көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұраным;
    2) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің сайтында қалыптастырылған жоспар нөмірі;
    3) көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжатының (түбіртектің) ЭҮТШ арқылы жүргізілген төлемді қоспағанда, электрондық көшірмесі.

    9

    Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

    1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
    2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің "Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің графикалық дерегімен жобаланып отырған жер учаскесін келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

    10

    Мемлекеттік қызмет көрсету, ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы алу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
    Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, портал арқылы электрондық нысанда не бір рет қолданылатын құпиясөз арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бірыңғай байланыс телефондары: 1414, 8 800 080 7777.

    Жүктеу
    212ea9147728dc82051eb5f28c0edba4_original.1444477.pdf
    PDF · 1,4 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Жаңарту үшін дауыс беріңіз!

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жаңарту үшін дауыс беріңіз!

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республика Құрылтай депутатары кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт кезеңінде сайлаушылармен кездесу кестесі

    Қазақстан Республика Құрылтай депутатары кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт кезеңінде сайлаушылармен кездесу кестесі № Елді мекеннің атауы Кандидаттарға берілетін үй-жайдың мекенжайы (өтеусіз) Сайлаушылармен кездесул...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағид...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметт...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қа...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілет...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" және әлеуметтік жауапкершілігі бар мемлекеттік қызметін көрсету қағида...

    Жарияланды: