1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" және әлеуметтік жауапкершілігі бар мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) жария кадастрлық карта (бұдан әрі – ЖКК) – Қазақстан Республикасының жер, құқықтық, қала құрылысы кадастрларынан алынған ақпаратты (мәліметті), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың өзге де мәліметтерін қамтитын цифрлық карта;
3) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;
4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;
5) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;
6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы және аудандық маңызы бар қаланың әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру портал арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы сұралып отырған жер учаскесінің бөлу схемасын ЖКК-да өздігінен қалыптастыра отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш береді.
Көрсетілетін қызметті алушы ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу үшін:
1) жер қатынастары саласындағы жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесіндегі жер үлесін есептеуге сұраным береді;
2) жер учаскесіне құқық беру туралы өтінішті береді, ЖКК-да өздігінен
тиісті жер учаскесін дербес таңдайды, ресімделуге тиіс жер үлесінің өлшемдерін көрсетеді (жер үлесінің алаңы шаршы метрмен көрсетіледі).
Көрсетілетін қызметті алушының интернет-ресурсқа қолжетімділігі болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесіне құқық беру туралы өтініш беру үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының өзіне-өзі қызмет көрсету секторына жүгінеді.
Өтініш бергеннен кейін көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне оның келіп түскені туралы хабарлама жіберіледі, онда жер учаскесін бөлу схемасын келісудің болжамды күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақы төлеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжатты иеленушінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті екі кезеңмен көрсетеді.
Бірінші кезең:
қала құрылысы құжатына сәйкес сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша пайдалану мүмкіндігін (мүмкін еместігін) айқындау:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері келіп түскен құжаттарды тіркейді және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшылығына қарауға жібереді;
2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының басшылығы 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіп түскен құжаттарды қарайды және оларды жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган), ал аудандық маңызы бар қаланың әкімі – ауданның сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органына жібереді;
3) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның басшылығы құжаттарды қарайды, құжаттар келіп түскен күні жауапты орындаушыны айқындайды;
4) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы:
2 (екі) жұмыс күні ішінде бекітілген қала құрылысы құжатына сәйкес оны мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша беру мүмкіндігін (мүмкін еместігін) айқындайды;
сұралып отырған жер учаскесін беру мүмкіндігі айқындалған жағдайда, 5 (бес) жұмыс күні ішінде қолданыстағы инженерлік коммуникацияларды көрсете отырып, жер учаскесін бөлу схемасын қалыптастырады, ал қажет болған жағдайда берілетін жер учаскесінің шекарасынан инженерлік коммуникацияларды көшіру көзделеді;
көрсетілетін қызметті алушы техникалық шарттарды алу үшін ұсынған сауалнама парағын қоса бере отырып, жер учаскесін бөлу схемасы дайындалған сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде Кодекстің 16-бабының 2-тармағы 1-3) тармақшасына, 18-бабының 1-2) тармақшасына және 19-бабының екінші бөлігіне сәйкес облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы және аудандық маңызы бар қаланың әкімі тізбесін бекіткен мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарға бір мезгілде келісуге жолдайды;
сұралып отырған жер учаскесін мәлімделген нысаналы мақсаты бойынша берудің мүмкін еместігі айқындалған жағдайда, 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сілтеме жасай отырып, сұралып отырған жер учаскесін бөліп берудің мүмкін еместігі себебін негіздеп, оның жеке кабинетіне уәжді бас тарту жібереді;
5) келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар жер учаскесін бөлу схемасын алған сәттен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық жұмыстардың сметасын қоса бере отырып, электрондық түрде қорытынды ұсынады.
Табиғи монополиялар субъектілері инженерлік желілерге қосылуға қосымша техникалық шарттарды мына мерзімдерде ұсынады:
техникалық және (немесе) технологиялық тұрғыдан күрделі емес объектілер үшін 2 (екі) жұмыс күні ішінде;
техникалық және (немесе) технологиялық тұрғыдан күрделі объектілер үшін 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
сыртқы инженерлік желілер трассаларының алдын ала схемасымен техникалық шарттарды беруден уәжді бас тарту үшін 2 (екі) жұмыс күні ішінде.
Жер учаскесін бөлу схемасына келісу қандай да бір ескертпелер мен ескертулерсіз жүзеге асырылады;
6) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы келісуші органдар мен ұйымнан оң қорытынды келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесін көрсетілетін қызметті алушының келісуі үшін оның жеке кабинетіне бөлу схемасын жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін бөлу схемасы келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны келіседі.
Көрсетілетін қызметті алушының жер учаскесін бөлу схемасын келісу мерзімінің аяқталуы сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға бір жұмыс күні ішінде оның жеке кабинетіне жіберетін жер учаскесіне құқық беруден уәжді бас тарту үшін негіз болып табылады.
Жер учаскесі құрылыс мақсаттары үшін сұралған жағдайда, бөліп беру схемасына қосымша табиғи монополия субъектілерінен инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттар келіп түскен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде дайындалатын сәулет-жоспарлау тапсырмасы қоса беріледі.
Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган ол келіп түскен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жер учаскесіне құқық беруден уәжді бас тартуды жібереді.
Екінші кезең:
көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін бөлу схемасын келіскен кезде, көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесін бөлу схемасын қоса бере отырып, жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылдауы; жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу:
1) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы жер учаскесін бөлудің келісілген схемасы келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде оны облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жер қатынастары жөніндегі тиісті уәкілетті органына және аудандық маңызы бар қаланың әкіміне жер учаскесіне құқық беру туралы шешім жобасын дайындау үшін жібереді.
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның басшысы, аудандық маңызы бар қаланың әкімі құжаттар келіп түскен күні құжаттарды қарайды, жауапты орындаушыны айқындайды;
3) жауапты орындаушы 2 (екі) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің және жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартының жобасын дайындайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімге қол қояды және уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартын жасасу үшін жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органға жібереді;
5) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің негізінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартына қол қояды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты, сәулет-жоспарлау тапсырмасы, инженерлік желілерге қосылуға арналған техникалық шарттар 1 (бір) жұмыс күні ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне, сондай-ақ жер-кадастрлық құжаттамада есепке алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі;
7) көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды.
7. Жер учаскелерін беру жоғары тұрған атқарушы органның құзіретіне кіретін жағдайларда төмен тұрған жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру мүмкіндігі туралы шешімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде осы Кодексте белгіленген өз құзіреті шегінде жоғары тұрған жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің жобасын дайындау үшін тиісті уәкілетті органға жіберіледі.
Жоғары тұрған жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы түпкілікті шешімі төмен тұрған жергілікті атқарушы органның шешімі келіп түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылданады.
8. Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін рәсімдеуді көрсетілетін қызмет беруші мынадай тәртіппен көрсетеді:
1) өтініш автоматты түрде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне көрсетілетін қызметті берушінің қарауына келіп түседі;
2) өтінішті одан әрі қарау осы Қағидалардың 6-тармағының екінші бөлігінің 2), 3), 4), 5) тармақшаларына сәйкес жүзеге асырылады;
3) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты орындаушысы келісуші органдар мен ұйымнан оң қорытынды келіп түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің бөлу схемасын көрсетілетін қызметті алушымен келісу үшін ЖКК-дағы оның жеке кабинетіне жібереді. Көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесін бөлу схемасы ЖКК-дағы жеке кабинетіне келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде оны келіседі.
Көрсетілетін қызметті алушының жер учаскесін бөлу схемасын келісу мерзімінің аяқталуы сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті орган көрсетілетін қызметті алушыға бір жұмыс күні ішінде оның ЖКК-дағы жеке кабинетіне жіберетін жер учаскесіне құқық беруден уәжді бас тарту үшін негіз болып табылады.
Жер учаскесі құрылыс мақсаттары үшін сұралған жағдайда табиғи монополия субъектілерінен инженерлік желілерге қосуға арналған техникалық шарттар келіп түскен кезден бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде дайындалатын бөліп беру схемасына сәулет-жоспарлау тапсырмасы қоса беріледі.
Келісуші мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан теріс қорытынды келіп түскен жағдайда, ол келіп түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі көрсетілетін қызметті алушының ЖКК-дағы жеке кабинетіне жер учаскесіне құқық беруден уәжді бас тартуды жібереді.
4) сәулет және қала құрылысы саласындағы уәкілетті органның жауапты
орындаушысы келісілген жер учаскесінің бөлу схемасы келіп түскеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер учаскесіндегі жер үлесі көрсетілген уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шешім жобасын дайындайды және шешім шығару үшін көрсетілетін қызметті берушіге жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 2 (екі) жұмыс күні ішінде жер
учаскесіне құқық беру туралы шешімге қол қояды және жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындау үшін жер қатынастары саласындағы уәкілетті органға жолдайды;
6) жер қатынастары саласындағы уәкілетті орган 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер үлесін көрсете отырып, жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалдау) шартын дайындайды және қол қояды;
7) көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі және жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган қол қойған жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шарты 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының ЖКК-дағы жеке кабинетіне, сондай-ақ жер-кадастрлық құжаттамада есепке алу үшін Мемлекеттік корпорацияға жіберіледі;
8) көрсетілетін қызметті алушы хабарламаны алғаннан кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің жер үлесінің кадастрлық бағалау құнын айқындау бойынша көрсетілетін қызмет үшін ақы төлеуді жүргізеді (қажет болған жағдайда), жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану шартына қол қояды.
9. Жер учаскесін сатып алу-сату немесе уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) жер пайдалану (жалға алу) шартын уақтылы жасамау не оларды жасасудан бас тарту осындай шартты жасасу мерзімі өткен не бас тарту келіп түскен кезден бастап үш жұмыс күні ішінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешімнің күшін жою үшін негіз болып табылады.
10. Көрсетілетін қызметті алушының өтініші негізінде жер учаскесіне құқық беру туралы шешім қабылданғаннан кейін 1 (бір) ай ішінде "Шаруашылықішілік және шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 20 сәуірдегі № 119 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 27790 болып тіркелген) сәйкес жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу жүзеге асырылады.
11. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей тыңдалым жүргізіледі.
Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесін бөлу схемасын қалыптастыру және келісу туралы, сәулет-жоспарлау тапсырмасын жасау, инженерлік желілерге қосылуға техникалық шарттарды жасау, жер учаскесін бөлу схемасын қоса бере отырып, жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беру туралы шешім шығару, уақытша (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді) өтеулі (өтеусіз) шарт жасасу туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тыңдалым нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының ЖКК-ғы жеке кабинетіне жіберіледі.
12. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.
13. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
14. Жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
15. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
16. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.
17. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау өкілеттігі берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себебін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағымды қағаз жеткізгіште берген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берген кезде) хабарлайды.
18. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1. |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы және аудандық маңызы бар қаланың әкімі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 |
Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері |
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы |
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Өтініш келіп түскен сәттен бастап отыз жұмыс күніне дейін. |
4 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
1) жер учаскесін бөлу схемасын қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті берушінің жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі; |
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Көрсетілетін қызметті берушімен көрсетілетін қызметтер – тегін. |
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін; |
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
бірінші кезең: |
9 |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда көрсетілетін өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |