"Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    ·

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) әкімшілік-аумақтық бірлік (бұдан әрі – ӘАБ) – ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс;

    2) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі – жүргізілу тәртібі Қазақстан Республикасының Жер кодексінде және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын, жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе;

    3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

    4) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "электрондық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;

    5) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі – электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпарат беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе;

    6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

    2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

    3. Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

    "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

    4. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетілген кезде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

    Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

    5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттар туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы, мемлекеттік қызметтің көрсетілгені үшін төлем туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы талап етеді.

    Көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

    Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    6. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

    1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттарды қабылдаған күні 15 (он бес) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

    2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы көрсетілетін қызметті орындауға жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) береді;

    3) ҚБ басшысы 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және мемлекеттік көрсетілетін қызметті орындауға жауапты жұмыскерді айқындайды;

    4) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген күннен бастап 21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде:

    көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2022 жылғы 16 тамыздағы № 257 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29180 болып тіркелген) бекітілген Әкімшілік-аумақтық бірліктердің шекараларын белгілеу және өзгерту жөніндегі жобаларды жасау қағидаларын (бұдан әрі – Қағидалар) ескере отырып, қабылданған құжаттарды тіркейді, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің дерекқоры бойынша ӘАБ шекараларын сәйкестендіреді, жобаланатын ӘАБ бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізеді, атрибутивтік ақпаратты енгізеді, әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларының басқа сабақтас ӘАБ және жер учаскелеріне, оның ішінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде сақтауға жатпайтын жер учаскелері мен объектілерге қабаттасулардың бар-жоғын, олардың алаңының, сызықтарының өлшемдеріне, орналасқан жерінің сәйкестігіне салыстырып-тексеруді жүргізеді (бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын енгізеді);

    ӘАБ жобаланатын шекаралары жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен сәйкес келген кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘАБ жобаланатын шекаралары координаттарының ведомосін салыстырып-тексеру актісін дайындайды, ӘАБ жобаланатын шекаралары координаттарының ведомосін салыстырып-тексеру актісіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобалау схемасын (жоспарын) және ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса береді;

    ӘАБ жобаланатын шекараларының орналасқан жері жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеген кезде (қабаттасулар, орналасқан жердің сәйкес келмеуі, алаңның деректерінің, ұсынылған деректер бойынша ӘАБ шекара сызықтары, конфигурациялары мен координаттары өлшемдерінің дұрыс болмауы), осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттар ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіні дайындайды, ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттар ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасын және әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекаралары координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса береді;

    5) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін тексереді, қол қояды және 3 (үш) сағат ішінде тіркеуге береді;

    6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеуді жүзеге асыратын ҚБ жұмыскері қол қойылған құжатты тіркейді және 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы жіберуге береді;

    7) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру қолхат негізінде, жеке куәлікті немесе цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (немесе өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде 20 (жиырма) минут ішінде жүзеге асырылады.

    7. Порталға жүгінген кезде:

    1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға құжаттарды қабылдаған күні 15 (он бес) минут ішінде береді;

    2) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және мемлекеттік қызметті орындауға жауапты қызметкерді айқындайды;

    3) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген күннен бастап 21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде:

    көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

    Қағидаларды ескере отырып, қабылданған құжаттарды тіркейді, жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің дерекқоры бойынша ӘАБ шекараларын сәйкестендіреді, жобаланатын ӘАБ бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесіне енгізеді, атрибутивтік ақпаратты енгізеді, әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларының басқа сабақтас ӘАБ және жер учаскелеріне, оның ішінде жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінде сақтауға жатпайтын жер учаскелері мен объектілерге қабаттасулардың бар-жоғын, олардың алаңының, сызықтарының өлшемдеріне, орналасқан жерінің сәйкестігіне салыстырып-тексеруді жүргізеді (бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын енгізеді);

    ӘАБ жобаланатын шекаралары жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен сәйкес келген кезде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ӘАБ жобаланатын шекаралары координаттарының ведомосін салыстырып-тексеру актісін дайындайды, ӘАБ жобаланатын шекаралары координаттарының ведомосін салыстырып-тексеру актісіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобалау схемасын (жоспарын) және ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса береді (бұрыштық бұрылыс нүктелерінің координаттарын енгізеді);

    ӘАБ жобаланатын шекараларының орналасқан жері жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеген жағдайда (қабаттасулар, орналасқан жердің сәйкес келмеуі, алаңның деректерінің, ұсынылған деректер бойынша ӘАБ шекара сызықтары, конфигурациялары мен координаттары өлшемдерінің дұрыс болмауы), осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттар ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіні дайындайды, ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттар ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасын және әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекаралары координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса береді;

    4) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тексереді және қол қояды және 3 (үш) сағат ішінде тіркеуге береді;

    5) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеуді жүзеге асыратын ҚБ жұмыскері қол қойылған құжатты тіркейді және оны қол қойылған күннен бастап 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы ҚБ басшысының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.

    8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

    Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

    Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекаралары координаттарының ведомосін салыстырып-тексеру актісін беру туралы шешім қабылдайды, ӘАБ жобаланатын шекаралары координаттарының ведомосін салыстырып-тексеру актісіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобалау схемасын (жоспарын) және ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса береді не осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттар ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіні беру туралы шешімді қабылдайды, ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттар ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасын және әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекаралары координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса береді.

    9. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

    10. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

    11. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

    12. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жұмыскерін дереу хабардар етеді.

    Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

    3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    13. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

    Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

    14. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

    көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

    мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

    Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

    1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

    2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайда, 10 (он) жұмыс күнінен асырмай ұзартылады.

    Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

    15. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

    "Әкімшілік-аумақтық
    бірліктердің жобаланатын
    шекараларын жылжымайтын
    мүліктің бірыңғай мемлекеттік
    кадастры ақпараттық
    жүйесінің графикалық
    деректерімен келісу"
    мемлекеттік қызметін
    көрсету қағидаларына
    1-қосымша

    "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1

    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

    "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

    2

    Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

    1) көрсетілетін қызмет беруші;
    2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

    3

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

    21 (жиырма бір) жұмыс күні ішінде

    4

    Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

    Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

    5

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

    Әкімшілік-аумақтық бірліктердің (бұдан әрі – ӘАБ) жобаланатын шекаралары жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келген кезде:
    "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттары ведомосінің салыстырып тексеру актісі, ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттары ведомосінің салыстырып тексеру актісіне 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктердіңжобалық схемасын (жоспарын) және әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттары мен ұзындықтарының жиынтық ведомосін қоса бере отырып;
    ӘАБ жобаланатын шекараларының жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеген кезде Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттары ведомосінің сәйкессіздігі туралы акті, ӘАБ жобаланатын шекараларының координаттары ведомосінің сәйкессіздігі туралы актіге 1 және 2-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастрының ақпараттық жүйесінің графикалық деректеріне сәйкес келмеу (қабаттасу) схемасын және әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттары мен жақтарының ұзындықтарының жиынтық ведомосі;
    не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

    6

    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің құны "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 23/НҚ бұйрығына сәйкес мөлшерде есептеледі.
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің құнын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма қол және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

    7

    Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

    1) көрсетілетін қызметті берушінің – Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін;
    2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
    2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
    3) порталда орналастырылған.

    8

    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

    Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушылар мыналарды ұсынады:
    көрсетілетін қызметті берушіге:
    1) осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
    2) жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
    3) осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің жобалық схемасы (жоспары) және әкімшілік-аумақтық бірліктің жобаланатын шекараларының координаттары мен жақтары ұзындықтарының жиынтық ведомосі.
    порталға:
    1) осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірін тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе бір реттік құпиясөзбен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
    2) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің жария кадастрлық картасында қалыптастырылған жоспардың нөмірі;
    Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттар туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы, мемлекеттік қызметтің көрсетілгені үшін төлем туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.

    9

    Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

    1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
    2) көрсетілетін қызмет алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректер мен мәліметтердің Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
    3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

    10

    Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы алу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік құпиясөзбен алуға мүмкіндігі бар.
    Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)" 379-бабы 3-тармағына сәйкес орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне қол қояды.
    Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
    Цифрлық құжаттар қызметі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
    Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік құпиясөзді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, бұдан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет.



    Жүктеу
    212ea9147728dc82051eb5f28c0edba4_original.1444477.pdf
    PDF · 1,4 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Жаңарту үшін дауыс беріңіз!

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жаңарту үшін дауыс беріңіз!

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республика Құрылтай депутатары кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт кезеңінде сайлаушылармен кездесу кестесі

    Қазақстан Республика Құрылтай депутатары кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт кезеңінде сайлаушылармен кездесу кестесі № Елді мекеннің атауы Кандидаттарға берілетін үй-жайдың мекенжайы (өтеусіз) Сайлаушылармен кездесул...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағид...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметт...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілет...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" және әлеуметтік жауапкершілігі бар мемлекеттік қызметін көрсету қағида...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы "Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметт...

    Жарияланды: