"Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    ·

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат – осылардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңдық фактілердің (заңдық құрамдарының) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығымен жер учаскесін иеленген немесе уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын сатып алған (жалдаған) мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу балансы, жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықтардың (аукциондардың) қорытындылары бойынша хаттама;

    2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесін білдіретін ақпараттық жүйе;

    3) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "электрондық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;

    4) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.

    3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді беру "Мемлекеттік құпиялар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген нормалар сақталған кезде жүзеге асырылады.

    4. Жер-кадастрық ісіндегі мемлекеттік құпияларды және өзге де шектеулерді қамтымайтын мәліметтер жалпыға қолжетімді болып табылады және мүдделі жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) ұсынылады.

    2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

    5. Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

    "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

    6. Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

    Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті берушінің операциялық залының жұмыскері (операторы) өтінішті қабылдаудан бас тартады.

    7. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі талап етеді.

    Көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.

    Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда жеке кабинетке мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    8. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

    1) операциялық залдың жұмыскері (оператор) құжаттар қабылданған күні 30 (отыз) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

    2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті орындауға жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) жібереді;

    3) ҚБ басшысы 30 (минут) ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және мемлекеттік көрсетілетін қызметті орындауға жауапты жұмыскерді айқындайды;

    4) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген күннен бастап 5 (бес ) жұмыс күні ішінде:

    көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

    көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелеу жане сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшесінен (мұрағаттан) жер-кадастрлық істі сұратады;

    мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы сұраған жер-кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін жасайды және оларды ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға жолдайды;

    5) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық ісінен алынған құжаттардың көшірмелерін тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

    6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 6 (алты) сағат ішінде тексереді және жер-кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін беру туралы шешім қабылдайды;

    7) мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесiн тiркеуді жүзеге асыратын ҚБ жұмыскерi жер-кадастрлық iсінен құжаттардың көшiрмелерiн курьер арқылы жолдайды;

    8) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс графигіне сәйкес жеке басты куәландыратын құжаттарды не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (сәйкестендіру үшін) ұсынған кезде (не оның өкілдігін куәландыратын құжаттарды ұсынған кезде өкілге) жүзеге асырылады.

    9. Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде:

    1) көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері 30 (отыз) минут ішінде құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады және оларды ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға жібереді;

    2) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам құжаттарды тіркеген күннен бастап, 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар жазады және мемлекеттік көрсетілетін қызметті орындауға жауапты жұмыскерді айқындайды;

    3) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде:

    мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

    көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды жүйелеу және сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшесінен (мұрағаттан) жер-кадастрлық істі сұратады;

    мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті алушы жер-кадастрлық ісінен сұратқан құжаттардың көшірмелерін алуды жүзеге асырады және оларды ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға жібереді;

    4) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам 1 (бір) жұмыс күні ішінде жер-кадастрлық ісінен алынған құжаттардың көшірмелерін тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жолдайды;

    5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 6 (алты) сағат ішінде жер-кадастрлық ісінен алынған құжаттардың көшірмелерін тексереді және ұсыну туралы шешім қабылдайды;

    6) мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркеуді жүзеге асыратын ҚБ жұмыскері жер-кадастрлық ісінен алынған құжаттардың электрондық көшірмелерін көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне портал арқылы жібереді.

    10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

    Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

    Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші жер-кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін беру туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.

    Тыңдалым нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

    11. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

    12. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.

    13. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

    14. Ақпараттық жүйе ісінен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін дереу хабардар етеді.

    Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты қызметкер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.

    3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    15. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

    Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

    16. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

    көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

    мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

    Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

    1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

    2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

    Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

    17. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

    "Жер учаскесінің кадастрлық
    ісінен құжаттардың
    көшірмелерін ұсыну"
    мемлекеттік қызметін
    көрсету қағидаларына
    1-қосымша

    "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1

    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

    "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

    2

    Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері

    1) көрсетілетін қызметті беруші;
    2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).

    3

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

    8 (сегіз) жұмыс күні ішінде.
    Мемлекеттік қызметті қағаз нысанда көрсету кезінде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

    4

    Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

    Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде.

    5

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

    Жер-кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмесі не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту.

    6

    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 23/НҚ бұйрығына сәйкес белгіленген мөлшерде есептеледі.
    Мемлекеттік көрсетілетін қызмет құнын төлеу екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз нысанда, сондай-ақ "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі арқылы қолма-қол ақшасыз нысанда жүзеге асырылады.

    7

    Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

    1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, жұмыс графигіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
    2) портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
    Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
    2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
    3) порталда орналастырылған.

    8

    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

    Көрсетілетін қызметті берушіге:
    1) осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер-кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсынуға арналған өтініш;
    2) жеке куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
    Өкіл жүгінген жағдайда – өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
    Адвокат жүгінген жағдайда – адвокатты куәландыру және қорғау (өкілдік) туралы жазбаша хабарлама;
    Уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылар жүгінген жағдайда - дәрменсіз борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімі, сырттай байқауды енгізу туралы сот ұйғарымы және банкроттық саласындағы уәкілетті органның уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушыларды тағайындау туралы бұйрығы.
    Мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясы (таратушылар) жүгінген жағдайда - тарату комиссиясының құрамын тағайындау туралы бұйрық және тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхат.
    Мұрагерлер жүгінген жағдайда - мұраға құқық туралы куәлік;
    3) жер-кадастрлық істі сәйкестендіру үшін жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмесі.
    Порталға:
    1) осы Тізбеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер-кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін беруге арналған электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы өтініш;
    Үшінші тұлғалардан субъектінің жеке кабинетіндегі және/немесе субъектінің ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына тіркелген және қосылған жағдайда, субъектінің келісімі болған кезде порталдағы жеке кабинетінен берілген sms-хабарлама түрінде және/немесе субъектінің ұялы байланыс операторы берген абоненттік нөмірі порталдың есепке алу жазбасына қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы тіркелген және қосылған жағдайда, қысқа мәтіндік хабарлама жіберу жолымен sms-хабарлама түріндегі электрондық сұраным ;
    2) өкіл жүгінген жағдайда – көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың электрондық көшірмесі;
    Адвокат жүгінген жағдайда – адвокат куәлігінің электрондық көшірмесі және қорғау (өкілдік) туралы жазбаша хабарламаның электрондық көшірмесі;
    Уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылар жүгінген жағдайда - дәрменсіз борышкерді банкрот деп тану туралы сот шешімінің, сырттай байқауды енгізу туралы сот ұйғарымының және банкроттық саласындағы уәкілетті органның уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушыларды тағайындау туралы бұйрығының электрондық көшірмесі;
    Мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясы (таратушылар) жүгінген жағдайда – тарату комиссиясының құрамын тағайындау туралы бұйрықтың және тарату комиссиясының төрағасы берген сенімхаттың электрондық көшірмесі;
    Мұрагерлер жүгінген жағдайда – мұраға құқық туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
    3) жер-кадастрлық істі сәйкестендіру үшін жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының электрондық көшірмесі;
    Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін, төлем туралы құжат және сәйкестендіру құжаттары туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші электрондық үкіметтің төлем шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі талап етеді.

    9

    Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға арналған Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

    1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
    2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
    3) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті
    алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы.

    10

    Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы алу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда немесе көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі тіркелген және порталдың есептік жазбасына қосылған жағдайда бір реттік құпиясөзбен алуға мүмкіндігі бар.
    Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" (Салық Кодексі) 379-бабы 3-тармағына сәйкес орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер актісіне қол қояды.
    Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпарат алу мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
    Цифрлық құжаттар қызметі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
    Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік құпиясөзді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторландырудан өту, бұдан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау қажет.



    Жүктеу
    212ea9147728dc82051eb5f28c0edba4_original.1444477.pdf
    PDF · 1,4 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Жаңарту үшін дауыс беріңіз!

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жаңарту үшін дауыс беріңіз!

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республика Құрылтай депутатары кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт кезеңінде сайлаушылармен кездесу кестесі

    Қазақстан Республика Құрылтай депутатары кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт кезеңінде сайлаушылармен кездесу кестесі № Елді мекеннің атауы Кандидаттарға берілетін үй-жайдың мекенжайы (өтеусіз) Сайлаушылармен кездесул...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағид...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметт...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қа...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" және әлеуметтік жауапкершілігі бар мемлекеттік қызметін көрсету қағида...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы "Жер учаскелері туралы мәліметтерді жандандыру (түзету)" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметт...

    Жарияланды: