1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;
2) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті орган – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдарының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі;
3) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекараларда бөлінген жер бөлігі;
4) пайдаланушының "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық түрде қызметтер көрсету мәселелері, аталған тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылға арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;
5) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
6) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
"Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беруге арналған өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру Мемлекеттік корпорация арқылы не портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсеткенде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда көрсетілетін қызметті беруші, операциялық залдың жұмыскері (операторы) өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, мемлекеттік қызмет көрсеткені үшін ақының төленгені туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.
Көрсетілетін қызметті берушілер іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда цифрлық құжаттарды алады.
Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының келісуімен порталда тіркеу барысында жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызмет көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
құндылығы аз ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру кезінде:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және 15 (он бес) минут ішінде оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштамаға жібереді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы орындаушыны – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органды 15 (он бес) минут ішінде айқындайды;
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының басшысы 15 (он бес) минут ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы шешімінің жобасын дайындайды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін күнтізбелік 25 (жиырма бес) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелу үшін көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Суарылмайтын егістікті құндылығы аз ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлеріне ауыстырғанда:
1) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде қорытынды дайындайды және күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде ауыстыру жөнінде материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;
2) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, ауыстыру материалдарын облыстық ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде қорытынды жасайды және ауданның уәкілетті органына жібереді;
3) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің жобасын дайындайды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстырғанда:
1) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, қорытынды дайындайды және күнтізбелік 8 (сегіз) күн ішінде ауыстыру жөніндегі материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді.
2) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, ауыстыру материалдарын облыстық ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, қорытынды жасайды және күнтізбелік 8 (сегіз) күн ішінде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді;
3) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынылған материалдарды қарайды, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіседі және күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде қорытындысы бар құжаттар топтамасын облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;
4) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті қорытындысының негізінде бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің жобасын дайындайды және күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін тіркейді және 15 (он бес) минут ішінде портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат түрінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жібереді.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде:
құндылығы аз ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстырған кезде:
1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) 30 (отыз) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;
2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті берушіге курьер арқылы береді;
3) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысына бұрыштама қою үшін жібереді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 15 (он бес) минут ішінде орындаушыны – ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органын айқындайды;
5) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының басшысы 15 (он бес) минут ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы шешімінің жобасын дайындайды және күнтізбелік 25 (жиырма) бес) күн ішінде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қою үшін жібереді;
7) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
8) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы Мемлекеттік корпорацияға тапсырады;
9) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Суарылмайтын егістікті құндылығы аз ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлеріне ауыстыру кезінде:
10) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды және мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ауыстыру жөнінде қорытынды дайындайды және күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;
11) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, ауыстыру материалдарын облыстық ауыл және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, қорытынды жасайды және 12 (он екі) күнтізбелік күн ішінде ауданның уәкілетті органына жібереді;
12) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің жобасын дайындайды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;
13) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
14) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және 2 (екі) сағат ішінде Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы жібереді;
15) дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Суармалы егістікті суарылмайтын алқап түрлеріне ауыстырған кезде:
16) ауданның уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, аудандық ауыл және су шаруашылығы органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, қорытынды дайындайды және күнтізбелік 8 (сегіз) күн ішінде ауыстыру жөніндегі материалдарды облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді.
17) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы ұсынылған материалдарды қарайды, ауыстыру материалдарын облыстық ауыл шаруашылығы және су шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау органдарымен келіседі, келісу нәтижелерін жинақтайды, қорытынды жасайды және күнтізбелік 8 (сегіз) күн ішінде жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді;
18) жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган ұсынылған материалдарды қарайды, ауыл шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіседі және күнтізбелік 7 (жеті) күн ішінде қорытындысы бар құжаттар топтамасын облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органына жібереді;
19) облыстың жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органының жауапты орындаушысы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті қорытындысының негізінде бас тарту үшін негіздер болмаған кезде ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы көрсетілетін қызметті берушінің шешімінің жобасын дайындайды және күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде қол қою үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жібереді;
20) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қояды және күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына жібереді;
21) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде тіркейді және 2 (екі) сағат ішінде Мемлекеттік корпорацияға курьер арқылы жібереді;
22) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке куәлікті не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты (не өкілеттігін растайтын құжат бойынша оның өкіліне) ұсынған кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдалым туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдалым нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы беріледі.
8. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің енгізілуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
9. Ақпараттық жүйе істен шыққан кезде көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің қызметкерін дереу хабардар етеді.
Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық проблема туралы хаттама жасайды және оған көрсетілетін қызметті беруші қол қояды.
10. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
12. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.
13. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Облыстардың, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші). |
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
"Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы. |
3 |
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі |
Күнтізбелік 30 (отыз) күн. |
4 |
Мемлекеттік қызметіт көрсету түрі |
Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/ қағаз түрінде. |
5 |
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі |
Көрсетілетін қызметті берушінің ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыру туралы шешімі не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс графигіне сәйкес; |
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) "Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру туралы өтініш |
9 |
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 |
Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |