"Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    ·

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы "Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.

    2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

    1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтерді, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға арналған техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерді, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтерін көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын заңды тұлға;

    2) жергілікті атқарушы органдардың шешімдері – облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің жер учаскесіне құқық беру туралы құқықтық актілері;

    3) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;

    4) жер учаскесіне құқық белгілейтін құжат – олардың негізінде жер учаскесіне құқықтар туындайтын, өзгертілетін немесе тоқтатылатын заңды фактілердің (заңды құрамдардың) басталғанын растайтын құжат, оның ішінде шарттар, соттардың шешімдері, атқарушы органдардың құқықтық актілері, мұрагерлікке құқық туралы куәлік, меншік құқығындағы немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған жер учаскесі бар мемлекеттік емес заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру кезіндегі табыстау актісі немесе бөлу теңгерімі;

    5) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсаттары үшін қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;

    6) мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – МЖК ААЖ) – жер учаскелерінің, оның ішінде олардың шекаралары туралы сапалық және сандық сипаттамаларды, сондай-ақ жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтерді қамтитын, мемлекеттік жер кадастрын жүргізуге арналған ақпараттық жүйе;

    7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;

    8) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – "электрондық үкіметтің" веб-порталының жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге қатысты мәселелер, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылына арналған құрамдасы;

    9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны;

    10) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде төлемдер жүргізу туралы ақпарат беру процесін автоматтандыратын ақпараттық жүйе.

    2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

    3. Мемлекеттік қызметті "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке немесе заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.

    "Жер учаскелеріне актiлердi дайындау және беру" мемлекеттiк қызметін көрсетуге қойылатын негiзгi талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.

    4. Қағиданың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне актіні дайындау және беру туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы немесе портал арқылы жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік қызметті қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

    Көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.

    5. Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы растайтын мәліметтерді, мемлекеттік қызметті көрсету үшін ақы төлеу туралы, көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден сұратады.

    Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпиясөзді беру арқылы немесе портал хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.

    Ақпараттық жүйелерде қамтылған дербес деректер мен заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді өңдеуді көрсетілетін қызметті беруші порталда тіркелген кезде көрсетілетін қызметті алушының келісімімен жүзеге асырады.

    Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері өтініш жасаған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

    6. Көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:

    1) операциялық залдың жұмыскері (оператор) 30 (отыз) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады;

    2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде көрсетілетін қызметті алушыдан қабылданған құжаттарды курьер арқылы мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) жібереді;

    3) ҚБ басшысы өтінішті қабылдаған күні 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар қояды және мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты жұмыскерді айқындайды;

    4) ҚБ жұмыскері құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

    көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

    МЖК ААЖ мәліметтер базасында жер учаскесін сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарын (мұрағатын) жүйелеу және сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшеден мұрағаттық жер-кадастрлық істерді сұратады, оларға материалдарды қоса тіркейді, тапсырыс бланкілерін толтырады, кадастрлық нөмірді анықтайды және береді, жер учаскесінің шекараларын және мәліметтерді МЖК ААЖ енгізеді;

    атрибутивтік және графикалық деректерді МЖК ААЖ енгізеді, тексереді, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесі актісін (бұдан әрі – жер учаскесіне акт) басып шығарады және жер-кадастрлық істерді қалыптастырады және тігеді;

    мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесі актісін дайындайды және оны ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға жолдайды;

    5) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын адам 30 (отыз) минут ішінде жер учаскесі актісін тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;

    6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 6 (алты) сағат ішінде жер учаскесі актісін тексереді және оған қол қояды;

    7) құжаттарды беру жөніндегі құрылымдық бөлімшенің жұмыскері 1,5 (бір жарым) сағат ішінде жер учаскесі актісін тіркейді және 2 (екі) сағат ішінде оны курьер арқылы береді;

    8) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты не электрондық цифрлық құжаттама қызметінің (жеке басын сәйкестендіру үшін) электрондық құжатын (немесе уәкілетті орган растайтын құжат бойынша) көрсеткен кезде қолхат негізінде жүзеге асырылады.

    7. Порталға жүгінген кезде:

    1) көрсетілетін қызметті берушінің ҚБ жұмыскері 20 (жиырма) минут ішінде Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдайды, тіркейді және құрылымдық бөлімшесінің басшысына немесе оны алмастыратын тұлғаға береді;

    2) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам өтінішті қабылдаған күні 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, қарар қояды және мемлекеттік қызметті көрсетуге жауапты жұмыскерді айқындайды;

    3) ҚБ жұмыскері құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде:

    көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді;

    МЖК ААЖ мәліметтер базасында жер учаскесін сәйкестендіреді, қажет болған жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарын (мұрағатын) жүйелеу және сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшеден мұрағаттық жер-кадастрлық істерді сұратады, оларға материалдарды қоса тіркейді, тапсырыс бланкілерін толтырады, кадастрлық нөмірді анықтайды және береді, жер учаскесінің шекараларын және мәліметтерді МЖК ААЖ енгізеді;

    атрибутивтік және графикалық деректерді МЖК ААЖ енгізеді, тексереді, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесі актісін (бұдан әрі – жер учаскесі актісі) басып шығарады, жер-кадастрлық істерді қалыптастырады және тігеді;

    мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болмаған кезде жер учаскесі актісін дайындайды және оны ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға жолдайды;

    4) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам 30 (отыз) минут ішінде жер учаскесі актісін тексереді және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына қол қоюға жолдайды;

    5) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 6 (алты) сағат ішінде жер учаскесі актісін тексереді және оған қол қояды;

    6) құжаттарды беру жөніндегі құрылымдық бөлімшенің жұмыскері 1,5 (бір жарым) сағат ішінде сәйкестендіру құжатын тіркейді және веб портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында 15 (он бес) минут ішінде жібереді.

    8. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізудің уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.

    Тыңдалым өткізу туралы хабарлама мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдалым хабарлама жіберілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі.

    Көрсетілетін қызметті беруші тыңдалым нәтижелері бойынша жер учаскесіне актісін беру туралы не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді шешім қабылдайды.

    Мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі не көрсетілетін қызметті беруші арқылы беріледі.

    9. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізілуін қамтамасыз етеді.

    Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, көрсетілетін қызметті берушіге және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.

    10. Ақпараттық жүйе істен шыққан жағдайда көрсетілетін қызметті беруші ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты құрылымдық бөлімшенің жұмыскеріне дереу хабарлайды.

    Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымға жауапты жұмыскер техникалық ақау туралы хаттама жасайды және көрсетілетін қызметті беруші оған қол қояды.

    11. Көрсетілетін қызметті беруші Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартады.

    3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.

    Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабының 4-тармағына сәйкес келіп түскен жағдайда көрсетілетін қызметті беруші оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды қарайтын органға жібереді. Көрсетілетін қызметті беруші 3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда шағымды қарайтын органға шағымды жібермейді.

    13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымын Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:

    көрсетілетін қызметті беруші – тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;

    мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.

    Көрсетілетін қызметті берушінің, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:

    1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;

    2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.

    Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда, шағымды қарау жөнінде өкілеттік берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымды берген көрсетілетін қызметті алушыға жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағым электрондық түрде берілген кезде) ұзарту себебін көрсете отырып шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы хабарлайды.

    14. Егер заңда өзгеше көзделмесе, ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

    "Жер учаскесіне сәйкестендіру
    құжатын дайындау және беру"
    мемлекеттік қызметін көрсету
    қағидаларына
    1-қосымша

    "Жер учаскесіне сәйкестендіру құжатын дайындау және беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

    1

    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

    "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

    2

    Мемлекеттік қызметті көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)

    1) көрсетілетін қызметті беруші;
    2) "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал).
    Жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) мәліметтері мемлекеттік құпияларды қамтитын жер учаскелерін тіркеу кезінде тек жер учаскесінің орналасқан жері бойынша көрсетілетін қызметті берушіге ғана жүгінеді.

    3

    Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

    4 (төрт) жұмыс күні ішінде.
    Мемлекеттік қызметті қағаз нысанда көрсету кезінде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.

    4

    Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

    Электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде

    5

    Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

    Жер учаскесіне арналған акт не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап.
    Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген мерзімде көрсетiлетiн қызметтiң нәтижесiне өтiнiш жасамаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетiлетiн қызметтiң бір ай бойы сақталуын қамтамасыз етеді, содан кейін олар құжаттарды жүйелеу және сақтау бөліміне (техникалық мұрағат) одан әрі сақтау үшін береді.

    6

    Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құны "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 26 қаңтардағы № 87 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13353 болып тіркелген) 3-қосымшаның 28-параграфына сәйкес мөлшерде есептеледі.
    Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға олар он сегіз жасқа толғанға дейінгі кезеңде жер учаскесіне жеке меншік құқығына арналған актіні дайындау өтеусіз негізде жүзеге асырылады.
    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын төлеу қолма-қол ақшалай және қолма-қол ақшасыз нысанда екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ қолма-қол емес нысанда "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.

    7

    Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

    1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндерін қоспағанда, халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс графигіне сәйкес;
    2) порталдың – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген жағдайда, өтініш қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің www.gov.kz интернет-ресурсында;
    2) көрсетілетін қызметті берушінің www.gov4c.kz интернет-ресурсында;
    3) порталда орналастырылған.

    8

    Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

    Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы:
    көрсетілетін қызметті берушіге:
    мемлекет жер учаскесіне құқық берген кезде:
    1) "Жер учаскесіне актiлерді дайындау және беру" мемлекеттiк қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрi – Қағидалар) 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесiне актiнi дайындау және беру туралы өтiнiш;
    2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты (сәйкестендіру үшін);
    Өкіл жүгінген жағдайда – өкілдің жеке басын куәландыратын құжат, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың немесе көрсетілетін қызметті алушы өкілінің өкілеттігін куәландыратын құжаттың көшірмесі не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін).
    Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұрагерлік тәртібімен жер учаскелерін алған кәмелетке толмағандарға жер учаскелеріне құқықтар ресімделген жағдайда туу туралы куәлік не цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжат ұсынылады;
    3) жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы шешімінің көшірмесі (құжаттың көшірмесін салыстыру үшін түпнұсқасы);
    4) облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың), аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органының жер қатынастары саласындағы функцияларды жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесінің (бұдан әрі ̶ уәкілетті орган) бұйрығымен бекітілген және Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Жер кодексі) 14-1-бабы 3-тармағының 6) тармақшасына, 2-тармағының 15) тармақшасына, 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жобаланып отырған жер учаскесінің "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесінің" графикалық деректерімен келісімі бар жерге орналастыру жобасы;
    5) жергілікті жерлерде жер учаскесінің шекараларын белгілеу материалдарының көшірмесі (құжаттардың көшірмелерін салыстыру үшін түпнұсқа).
    Көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің шекараларын белгілеу (қалпына келтіру) бойынша жұмыстарды жүргізген жағдайда – жергілікті жерлердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу (қалпына келтіру) актісінің көшірмесі (құжаттардың көшірмелерін салыстырып тексеру үшін түпнұсқа);
    6) жеке тұрғын үй құрылысына бөлуге арналған алаңда жер учаскелерін орналастырудың жерге орналастыру жобасы болған кезде нақты жер учаскесіне арналған жерге орналастыру жобасының бір бөлігі және оның жергілікті жерде шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар (құжаттардың көшірмелерін салыстыру үшін түпнұсқа);
    7) жер учаскесін сатып алу-сату (жалдау) шартының көшірмесі (жер учаскесін сату (жалдау) кезінде) (құжаттардың көшірмелерін салыстыру үшін түпнұсқа);
    8) жүргізілген жер учаскесін сатып алу (мемлекет жер учаскесін сатқан кезде, жер учаскесін жалдау құқығын сатып алған кезде) бағасын төлеу туралы төлем құжатының көшірмесі (жеке тұлғалар үшін – түбіртек, заңды тұлғалар үшін ̶ төлем тапсырмасы) (құжаттардың көшірмелерін салыстыру үшін түпнұсқа);
    9) көрсетілетін қызметке ақы төленгені туралы төлем құжаты (түбіртек), ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда.
    Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті осы Тізбенің осы тармағының 1), 2), 3), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды береді.
    Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайларда жер учаскесіне актіні ауыстырған кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Тізбенің осы тармағының 1), 2), 4) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін, жер учаскесіне ауыртпалық түскен жағдайда, сондай-ақ координаттары болмаған кезде үшінші тұлғалардан рұқсатты ұсынады және осы Тізбенің осы тармағындағы 5) тармақшада көрсетілген құжаттар қоса беріледі;
    Жер учаскесінің нысаналы мақсатының өзгеруіне байланысты оның сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесіне актіні ауыстыру кезінде осы Тізбенің 1), 2), 4) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жергілікті атқарушы органның шешімін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда нысаналы мақсатын өзгерткені үшін төленген төлем туралы төлем құжатының көшірмесін (жеке тұлғалар үшін – түбіртек, заңды тұлғалар үшін – төлем тапсырмасы) ұсынады, сондай-ақ жер учаскесінің координаттары болмаған жағдайда осы Тізбенің осы тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттар қоса беріледі;
    Қазақстан Республикасының бұрын қолданыста болған заңнамасына сәйкес берілген жер учаскесіне актіні ауыстыру кезінде жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы осы Тізбенің осы тармағының 1), 2) және 9) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін ұсынады, сондай-ақ жер учаскесінің координаттары болмаған жағдайда осы Тізбенің осы тармағының 5) тармақшасында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
    Сауда-саттықта (аукциондарда) жергілікті атқарушы органнан мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіне құқық алған кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Тізбенің осы тармағындағы 1), 2), 4), 5), 7), 8) және 9-тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
    Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызметті берушінің жұмыскері мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының келісімін алады.
    Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде көрсетілетін қызметті алушыға тиісті өтініштің қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
    Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызметті алу үшін порталға мыналарды ұсынады:
    мемлекет жер учаскесіне құқық берген кезде:
    1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен немесе ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі порталға тіркелген және есепке алу жазбасы болғанда бір реттік құпиясөз арқылы куаландырылған электрондық құжат нысанындағы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскесіне актіні дайындау және беру туралы өтініш;
    Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес мұрагерлiк құқығымен жер учаскелерiн алған кәмелетке толмаған адам жер учаскелерiне құқықтарды тiркеген жағдайда туу туралы куәлiктiң, заңды өкiлiнiң (қамқоршыларының, қорғаншыларының) жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi туралы мәлiметтерді және өкілдік ету өкілеттігін растайтын құжатты, сондай-ақ өкіл жүгінген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өкілдің жеке басын куәландыратын құжатты, көрсетілетін қызметті алушыдан сенімхаттың көшірмесін не куәландыратын құжатты электрондық үкімет шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
    2) жергілікті атқарушы органның жер учаскесіне құқық беру туралы сканерленген шешімі;
    3) Кодекстің 14-1-бабының 1-тармағы 6) тармақшасына, 2-тармағының 15) тармақшасына, 3-тармағының 6) тармақшасына сәйкес жобаланатын жер учаскесінің МЖК ААЖ графикалық деректерімен келісімі бар, уәкілетті органның бұйрығымен бекітілген, сканерленген жерге орналастыру жобасы;
    4) жергілікті жердегі жер учаскесінің шекараларын белгілеу бойынша сканерленген материалдар.
    Көрсетілетін қызметті беруші жер учаскесінің шекараларын белгілеу (қалпына келтіру) бойынша жұмыстарды жүргізген жағдайларда – жергілікті жерлерде жер учаскесінің шекараларын белгілеудің (қалпына келтірудің) сканерленген актісі;
    5) жер учаскелерін орналастыруға арналған жерге орналастыру жобасы болған жағдайда, жеке тұрғын үй құрылысына бөлу үшін учаскеге нақты жер учаскесіне арналған жерге орналастыру жобасының сканерленген бөлігі және оның жергілікті жерлердегі шекараларын белгілеу жөніндегі материалдар;
    6) жер учаскесінің сканерленген сатып алу-сату шарты (жер учаскесін жалдау құқығын сату кезінде – жер учаскесін жалдау құқығын сату-сатып алу шарты);
    7) жер учаскесін сатып алу құнын төлеу туралы сканерленген төлем құжаты (жеке тұлғалар үшін – түбіртек, заңды тұлғалар үшін – төлем тапсырмасы) (жер учаскесін мемлекет сатқан кезінде, жер учаскесін жалға беру құқығын сатып алу кезінде);
    8) ЭҮТШ арқылы төлеу жағдайларын қоспағанда, көрсетілген қызметке ақы төлеу туралы сканерленген төлем құжаты (түбіртек).
    Бұрын жер пайдалануға берілген жер учаскесін жеке меншікке сатып алу кезінде көрсетілетін қызметті алушы осы Тізбенің осы тармағының 1), 2), 6), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
    Жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайларда жер учаскесіне актіні ауыстырған кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Тізбенің осы тармағының 1), 3) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың сканерленген көшірмесін, жер учаскесіне ауыртпалық болған жағдайда, үшінші тұлғалардан рұқсатты ұсынады, сондай-ақ жер учаскесінің координаттары болмаған кезде осы Тізбенің осы тармағындағы 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар қоса беріледі;
    Нысаналы мақсатының өзгеруіне байлансты жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы жер учаскесіне актіні ауыстыру кезінде осы Тізбенің 1), 3) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін, жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы жергілікті атқарушы органның шешімін, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда нысаналы мақсатын өзгерткені үшін төленген төлем туралы төлем құжатының көшірмесін (жеке тұлғалар үшін – түбіртек, заңды тұлғалар үшін – төлем тапсырмасы) ұсынады, сондай-ақ жер учаскесінің координаттары болмаған жағдайда осы Тізбенің осы тармағының 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар қоса беріледі;
    Қазақстан Республикасының бұрынғы заңнамасына сәйкес берілген жер учаскесіне актіні ауыстыру кезінде жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларында өзгерістер болмаған жағдайда қызметті алушы осы Тізбенің осы тармағының 1) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және жер учаскесіне құқық белгілейтін құжаттың көшірмесін ұсынады, сондай-ақ жер учаскесінің координаттары болмаған жағдайда осы тізбенің осы тармағындағы 4) тармақшасында көрсетілген құжаттар қоса беріледі.
    Сауда-саттықта (аукциондарда) жергілікті атқарушы органнан мемлекеттік меншіктегі жер учаскесіне құқық алған кезде көрсетілетін қызметті алушы көрсетілген құжаттарды ұсынады осы Тізбенің осы тармағындағы 1), 2), 4), 5), 7), 8) және 9)-тармақшаларында көрсетiлген құжаттарды ұсынады.
    Көрсетілетін қызметті алушылардан ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

    9

    Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген негіздер

    1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;
    2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, деректердің және мәліметтердің Кодекстің 43-бабының 3-тармағының алтыншы бөлігінде және Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

    10

    Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қойылатын өзге де талаптар

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметті тікелей көрсетілетін қызметті беруші арқылы алу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады.
    Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, не бір рет қолданылатын құпиясөз арқылы портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.
    Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", сондай-ақ Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар.
    Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары порталда көрсетілген. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
    Цифрлық құжаттар қызметі мобильді қосымшада авторландырылған пайдаланушылар үшін қолжетімді.
    Цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық цифрлық қолтаңба немесе бір реттік құпиясөз арқылы мобильді қосымшада авторизациядан өтіп, "Цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдау керек.



    Жүктеу
    212ea9147728dc82051eb5f28c0edba4_original.1444477.pdf
    PDF · 1,4 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Жаңарту үшін дауыс беріңіз!

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жаңарту үшін дауыс беріңіз!

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қазақстан Республика Құрылтай депутатары кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт кезеңінде сайлаушылармен кездесу кестесі

    Қазақстан Республика Құрылтай депутатары кандидаттардың сайлау алдындағы үгіт кезеңінде сайлаушылармен кездесу кестесі № Елді мекеннің атауы Кандидаттарға берілетін үй-жайдың мекенжайы (өтеусіз) Сайлаушылармен кездесул...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы "Ауыл шаруашылығын жүргізуге байланысты емес мақсаттар үшін ауыл шаруашылығы алқаптарын алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағид...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы "Жер учаскесіне жалдау шартының телнұсқасын беру туралы" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметт...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры ақпараттық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы "Әкімшілік-аумақтық бірліктердің жобаланатын шекараларын жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры цифрлық жүйесінің графикалық деректерімен келісу" мемлекеттік қызметін көрсету қа...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы "Жер учаскесінің кадастрлық ісінен құжаттардың көшірмелерін ұсыну" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілет...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    1-тарау. Жалпы ережелер 1. Осы "Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу" және әлеуметтік жауапкершілігі бар мемлекеттік қызметін көрсету қағида...

    Жарияланды: