1. Осы "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) жер учаскесі – Қазақстан Республикасының Жер кодексінде (бұдан әрі – Кодекс) белгіленген тәртіппен жер қатынастары субъектілеріне бекітіліп берілетін, тұйық шекара ішінде бөлінген жер бөлігі;
3) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты – жер, құқықтық және қала құрылысы кадастрларын жүргізу мақсатында қажетті жер учаскесінің сәйкестендіру сипаттамаларын қамтитын құжат;
4) жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастрының ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ЖМБМК АЖ) – жүргізу тәртібі Кодексте және "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі – Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заң) айқындалатын жер және құқықтық кадастрлардың мәліметтерін қамтитын ақпараттық жүйе;
5) кадастрлық (бағалау) құны – мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы ресми статистикалық ақпаратқа сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық мөлшерлемелері және оларға түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны;
6) "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы пайдаланушының кабинеті (бұдан әрі – жеке кабинет) – жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен электрондық нысанда қызметтер көрсету мәселелері, көрсетілген тұлғалардың өтініштерін қарайтын субъектілерге жүгіну, сондай-ақ дербес деректерді пайдалану мәселелері бойынша ресми ақпараттық өзара іс-қимылға арналған "электрондық үкіметтің" веб-порталының құрамдасы;
7) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосуға техникалық шарттарды беру жөніндегі қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе;
8) "электрондық үкіметтің" төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) – төлемдерді электрондық нысанда көрсетілетін өтеулі қызметтер көрсету шеңберінде жүргізу туралы ақпарат беру процестерін автоматтандыратын ақпараттандыру объектісі;
9) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиынтығы.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
3. Мемлекеттік қызметті:
1) елді мекендер жерлерінің жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды – Мемлекеттік корпорация;
2) елді мекендердің жерлерін қоспағанда, жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауды – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Жер ресурстарын басқару комитетінің "Жерлерге зерттеп-қарау жұмыстарын жүргізу мемлекеттік институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – Мемлекеттік институт) көрсетеді.
"Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген.
4. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жер учаскенің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы өтінішті және Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдау Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт арқылы, не портал арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз түрінде көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті алушы Тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның/Мемлекеттік институттың операциялық залының жұмыскері (оператор) өтінішті қабылдаудан бас тартады.
5. Жеке басты куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді тіркеу туралы не жылжымайтын мүлікке меншік құқығын растайтын дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары туралы, жер учаскесіне ауыртпалықтың жоқтығы туралы, мемлекеттік көрсетілетін қызмет үшін төлем туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден талап етеді.
Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт цифрлық құжаттарды порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік құпия сөзді беру арқылы немесе порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісуі болған жағдайда іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
Портал арқылы жүгінген кезде, көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштің қабылданғаны туралы мәртебе және мемлекеттік қызметті көрсету күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
6. Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
1) операциялық залдың жұмыскері (операторы) 30 (отыз) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексеруді, қабылдауды және Тізбеде көрсетілген құжаттарды құжаттар қабылдаған күні тіркеуді 30 (отыз) минут ішінде жүзеге асырады;
2) операциялық залдың жұмыскері (операторы) көрсетілетін қызметті алушыдан алынған құжаттарды құжаттар келіп түскен күні 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуге жауапты құрылымдық бөлімшеге (бұдан әрі – ҚБ) жібереді;
3) ҚБ басшысы 30 (отыз) минут ішінде құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалуына жауапты жұмыскерді айқындайды;
4) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың сәйкестігін тексереді, қажет болған жағдайда құжаттарды жүйелеу және сақтау жөніндегі құрылымдық бөлімшесінен (мұрағаттан) мұрағат істерін, (жер-кадастрлық істерін және мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті басқа материалдарын) сұратады және ЖМБМК АЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді.
Егер елді мекен жерлерінде орналасқан жер учаскесі ЖМБМК АЖ қабаттарында (елді мекеннің шекаралары, бағалау аймақтары және басқа да анықтамалықтар) көрсетілмеген, бірақ бұл ретте Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы заңында белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуден өткен жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты бар болған жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу жүзеге асырылады.
Елді мекенде орналасқан ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау үшін жүгінген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу жүзеге асырылады.
Елді мекен жерлерінде орналасқан елді мекеннің белгіленген және өзекті шекаралары, жер учаскесінің бағалау аймақтары және жер учаскесінің өзекті шекаралары жоқ жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау үшін жүгінген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу жүзеге асырылады.
Елді мекен жерлерінде орналасқан, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға және ауыл шаруашылығында пайдалану мақсаты үшін берілетін жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға жүгінген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болмаған жағдайда, ҚБ жұмыскері осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін дайындайды (бұдан әрі – жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісі) және ҚБ басшысына немесе оны алмастыратын адамға жолдайды;
5) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын адам жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін тексереді және Мемлекеттік корпорация басшысына қол қоюға жолдайды;
6) Мемлекеттік корпорация басшысы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін 6 (алты) сағат ішінде тексереді және оған қол қояды;
7) құжаттарды беру жөніндегі құрылымдық бөлімшенің жұмыскері мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін 2 (екі) сағат ішінде курьер арқылы жібереді;
8) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік корпорацияның жұмыс графигіне сәйкес көрсетілетін қызметті жеке басын не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген құжат негізінде әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады.
7. Мемлекеттік корпорацияға портал арқылы жүгінген кезде:
1) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері құжаттарды қабылдауды, көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын және тіркеуді жүзеге асырады және оларды ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға құжаттарды қабылдаған күні 3 (үш) минут ішінде береді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыстығына көрсетілетін қызметті алушының өзі жауапты;
2) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және 5 (бес) минут ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалуына жауапты жұмыскерді анықтайды;
3) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыстығын тексереді және ЖМБМК АЖ дерекқоры бойынша жер учаскесін сәйкестендіреді.
Елді мекен жерлерінде орналасқан, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға және ауыл шаруашылығында пайдалану мақсаты үшін берілетін жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға жүгінген кезде жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін қалыптастыру 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
елді мекендер жерлерінде орналасқан жер учаскелері бойынша ЖМБМК АЖ елді мекеннің шекаралары бекітілген, өзекті және жер учаскесінің бағалау аймақтарының шекаралары белгіленген, өзекті болған жағдайда 30 (отыз) минут ішінде жұмысты жүргізуге қажетті құжаттардың бар-жоғы тексеріледі, ЖМБМК АЖ арқылы кестелер мен қабаттардан (елді мекеннің шекаралары, бағалау аймақтары және басқа да анықтамалықтар) ақпарат жиналады, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін қалыптастыру автоматтандырылған үдерісі жүзеге асырылады;
4) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын адам жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актіні тексереді және Мемлекеттік корпорацияның басшысына қол қоюға жолдайды;
5) Мемлекеттік корпорацияның басшысы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін 6 (алты) сағат ішінде тексереді және оған қол қояды;
6) Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері портал арқылы көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін қол қойылған сәттен бастап 15 (он бес) минут ішінде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жібереді.
8. Мемлекеттік институтқа жүгінген кезде:
1) Мемлекеттік институттың жұмыскері Тізбеде көрсетілген құжаттарды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және оларды құжаттарды қабылдаған күні ҚБ басшысына не оны алмастыратын адамға береді;
2) ҚБ басшысы не оны алмастыратын адам құжаттардың мазмұнымен танысады, бұрыштама қояды және мемлекеттік қызметті орындауға жауапты жұмыскерді айқындайды;
3) ҚБ жұмыскері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын тексереді және жер учаскесін сәйкестендіреді.
Елді мекендер жерлерін қоспағанда жер учаскелері бойынша құжаттар келіп түскен жағдайда 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесін ЖМБМК АЖ-мен сәйкестендіреді, түзету коэффициенттерінің есебін жасайды, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеуді жүргізеді.
Елдi мекендер жерлерін қоспағанда, құрылыс салуға, ғимараттарға қызмет көрсетуге және басқа да мақсаттарға және ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін берiлетiн жер учаскелері бойынша жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеу және жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау актісін қалыптастыру 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Елді мекендер жерлерін қоспағанда ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесінің кадастрлық (бағалау) құнын анықтау үшін жүгінген кезде 3 (үш) жұмыс күні ішінде жер учаскесінің түзету коэффициенттерінің есебін жасайды, жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын есептеуді жүргізеді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері болмаған жағдайда, ҚБ жұмыскері жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актіні дайындайды және ҚБ басшысына немесе оны алмастыратын адамға жолдайды;
4) ҚБ басшысы немесе оны алмастыратын адам 6 (алты) сағат ішінде жер учаскесінің түзету коэффициенттерінің есебін және кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы актіні тексереді және Мемлекеттік институттың басшысына қол қоюға жолдайды;
5) Мемлекеттік институттың басшысы жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау актісін 6 (алты) сағат ішінде тексереді және оған қол қояды;
6) Мемлекеттік институттың кеңсе жұмыскері мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін 15 (он бес) минут ішінде тіркейді;
7) көрсетілетін қызметті алушыға дайын құжаттарды беру Мемлекеттік институттың жұмыс графигіне сәйкес жеке басын не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес берілген құжат, немесе цифрлық құжаттар сервисінің электрондық құжаты негізінде, немесе әрекет ететін оның өкілінің жеке басын куәландыратын, өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жүзеге асырылады.
9. Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер болған кезде көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім туралы хабарлама жіберіледі, онда көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалымның өткізу уақыты мен орны (тәсілі) көрсетіледі.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт мемлекеттік қызметті көрсету не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Тыңдау нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" Мемлекеттік корпорацияның уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі не Мемлекеттік корпорациясының/Мемлекеттік институттың кеңсесі арқылы беріледі.
10. Мемлекеттік корпорация мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректердің мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне кешіктірілмей енгізілуін қамтамасыз етеді.
Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Қағидаларға енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулар туралы ақпаратты "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы операторына, Мемлекеттік корпорацияға/Мемлекеттік институтқа және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.
11. Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартады.
3-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
12. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік корпорацияның шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша Мемлекеттік институттың шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік институт басшысының, жер ресурстарын басқару бойынша орталық уәкілетті органның (бұдан әрі – государственный орган) атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Шағым Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 91-бабына сәйкес келіп түскен жағдайда Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт оны келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей шағымды қарайтын органға жібереді. Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы акт қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.
13. Көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес:
Мемлекеттік корпорация/Мемлекеттік институт, государственный орган – ол тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде;
мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган – ол тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауы тиіс.
Мемлекеттік корпорацияның/Мемлекеттік институттың, ведомствоның, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның шағымды қарау мерзімі Заңның 25-бабының 4-тармағына сәйкес:
1) шағым бойынша қосымша зерделеу немесе тексеру не жергілікті жерге барып тексеру жүргізу;
2) қосымша ақпарат алу қажет болған жағдайларда 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімге ұзартылады.
Шағымды қарау мерзімі ұзартылған жағдайда шағымдарды қарау бойынша өкілеттіктер берілген лауазымды адам шағымды қарау мерзімі ұзартылған кезден бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағым берген көрсетілетін қызметті алушыға ұзарту себептерін көрсете отырып, шағымды қарау мерзімінің ұзартылғаны туралы жазбаша нысанда (шағым қағаз жеткізгіште берілген кезде) немесе электрондық нысанда (шағымды электрондық түрде берілген кезде) хабарлайды.
14. ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.
| "Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына 1-қосымша |
"Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
1) елді мекендер жерлерінің жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау – "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация); |
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1)Мемлекеттік корпорация: |
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: |
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
1) Мемлекеттік корпорация: электрондық (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде; |
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау туралы акт не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтің құны "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 16 қаңтардағы № 23/НҚ (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 192630 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік жер кадастрын жүргізу жөніндегі қызмет саласындағы мемлекеттік монополияға жатқызылған "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы өндіретін және (немесе) өткізетін тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) бағаларға 1.3.1, 1.3.2, 1.3.3 және 1.3.4-тармақтарға сәйкес мөлшерде есептеледі. |
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі |
1) Мемлекеттік корпорация – дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мерекелік күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін; |
8 |
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы: |
9 |
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер |
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы; |
10 |
Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар |
Мемлекеттік қызметті тікелей Мемлекеттік корпорация арқылы алу жер учаскесінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады. |