Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мәлімет

    Индер ауданының әкімдігі

    Аудандық бөлім аудан көлеміндегі әлеуметтік қолдау мен отбасылық саясатты іске асыратын мемлекеттік орган. Бөлім тарапынан күні бүгінге 15 мемлекеттік қызмет көрсетіліп отыр. Атап айтқанда:

    1. Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту қызметі – аталған қызмет түрін Қазақстан Республикасының аумағында еңбек қызметін жүзеге асыру үшін келген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар ала алады. Бөлім тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты бөлімнің сектор меңгерушісі Т.Карашулакова.
    2. Мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:

    - мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу;

    - жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

    - Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;

    - мүгедектерді протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;

    - мүгедектерді техникалық қосымша (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;

    - жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;

    - есту кемістігі бар мүгедектерді ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу;

    - мүгедектерді жүріп-тұрудың арнайы құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;

    - мүгедектерді және мүгедек-балаларды санаторий-курорттық емдеуден қамтамасыз етуге құжаттарды рәсімдеу;

    - үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу;

    - медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар рәсімдеу;

    - санаторийлік-курорттық емдеу қажеттілігі туралы қорытынды беру;

    - әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу;

    Бөлім тарапынан бұл мемлекеттік қызметтер көрсетуге жауапты маман Э.Саркенова.

    1. Тұрғын үй көмегін тағайындау қызметі – өтініш берушінің тұрақты тіркелген тұрақжайында коммуналдық қызметтерге төленген шығындарды өтеуге арналған қызмет. Қызмет көрсету барысында өтініш берушінің табыс көзі ескеріледі.

    Бөлім тарапынан мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты маман С.Есекенова.

    Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы толық мәлімет пен кеңесті Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен алуға болады.

    Мекен-жайы: Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Қонаев к-сі, 16 ғимарат. тел.: 871234 20476;

    Жүктеу
    a5b153148ebb785c63023a9a4a96b2ee_original.14905.docx
    DOCX · 15 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Құжат

    «Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама

    «Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралыталдамалық анықтама Индер ауданы 27.07.2026 жыл І.Кіріспе бөлім: Индер ау...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктерін қолданады. Көптеген елдерде зейнетақы жүйелеріне қатысушылардың құқықтар...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мөлшерінде, жинақталған инфляция деңгейін ескере отырып сақталуы...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі

    Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі № Қала және аудандар Үй-жайлар атауы Мекен-жайы, байланыс телефоны Жалдау туралы келісім шарт жасақтау орган атауы, байланыс те...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері салымшыларға 24.5 миллионнан астам қызмет көрсетті

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) азаматтарды қарттыққа қаражат жинауға қажетті сенімді құралдармен қамтамасыз ете отырып, елдің зейнетақы жүйесінде шешуші рөл атқарады. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық ф...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Құжат

    БЖЗҚ 2026 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарын инвестициялау есебін ұсынады

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасын...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарландыру

    Отандастарымыздың 12 айдағы инвестициялық кірісі 2,8 трлн теңгеден асты

    Салымшылардың инвестициялық кірісі Қазақстан Ұлттық Банкінің (ҚРҰБ), сондай-ақ инвестициялық портфельді жеке басқарушылардың (ИПБ) зейнетақы активтерін басқару есебінен қалыптастырылады. ҚРҰБ-тың міндетті зейнетақы жарна...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Көптеген азаматтар зейнеткерлік жасқа жетпей өмірден өтетінін ескерсек, ТЖШ-ны болашақтағы зейнетақыға сүйене отырып есептеу қаншалықты әділ?

    2025 жылы қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы шамамен 76 жасқа жетіп, тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғары көрсеткішке жетті. 1991 жылдан бүгінгі күнге дейінгі демографиялық деректер халықтың өмір сүру сапасы мен...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды: