АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ жыл басынан бері салымшыларға 24.5 миллионнан астам қызмет көрсетті

    Индер ауданының әкімдігі

    « Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) азаматтарды қарттыққа қаражат жинауға қажетті сенімді құралдармен қамтамасыз ете отырып, елдің зейнетақы жүйесінде шешуші рөл атқарады. БЖЗҚ қазақстандықтарға цифрлық форматта түрлі қызметтер көрсетеді және оларды салымшылардың қажеттіліктеріне бейімдей отырып дамытуда. Қордың сайтта және мобильді қосымшада 24/7 режимінде көрсететін қызметтерінің қолжетімділігі – салымшылардың өз жинақтарына деген қызығушылығын арттырудың маңызды шарты.

    01.01.2026ж. мен 31.05.2026ж. аралығындағы 5 айда Қор салымшыларға 24,7 млн қызмет көрсетті. Көрсетілген қызметтердің жалпы санының 14,3 млн-ы электрондық форматта, 9,9 млн автоматты түрде жүргізілді. Осылайша, автоматты, электронды және қашықтықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы санның 98,7%-ын құрады. Салымшыларға 322,1 мың қызмет жүзбе-жүз көрсетілді, оның ішінде 313,4 мың қызмет тікелей Қордың кеңселерінде жүзеге асырылды.

    Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының 18 жасқа толмаған азаматтарына нысаналы талаптар автоматты түрде есептеліп, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды алушыларға нысаналы жинақтарды есептеу және есепке алу үшін нысаналы жинақтау шоттары ашылады.

    Есепті кезеңде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор ­— балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 891,7 мыңға жетті.

    Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан 15,0 млн-нан аса үзінді көшірме берілді. Оның 13.3 млн-ы – электрондық, ал 1,5 млн үзінді көшірме автоматты түрде рәсімделді. Шоттың жай-күйіне қатысты ақпаратты жеке кабинет арқылы алу – зейнетақы жинақтарын қадағалаудың ең ыңғайлы, сенімді және жедел тәсілі. Қызмет тәулік бойы (24/7) онлайн режимде жұмыс істейді, бұл ақпаратты кез келген уақытта және әлемнің кез келген нүктесінен алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, зейнетақы шоттары туралы ақпаратты БЖЗҚ сайты арқылы ғана емес, egov.kz электрондық үкімет порталы немесе оның мобильді қосымшасы арқылы да алуға болады. Бұл мемлекеттік қызметтерді бірыңғай платформалар арқылы алуға дағдыланған азаматтарға өте қолайлы. БЖЗҚ 2025 жылдан бастап жыл сайынғы үзінді көшірмелерді пошта арқылы автоматты түрде жіберу тоқтатылғанын ескертеді. Бірақ, зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпаратты "БЖЗҚ" АҚ атына тиісті сұранысты жіберген пошта арқылы алу мүмкіндігі сақталады.

    Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер қолжетімді. Өткен кезеңде салымшылардың зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ИПБ сенімгерлік басқаруына аударуға 38,7 мың өтініші қабылданды, оның басым бөлігі – электрондық форматта.

    Есепті кезең ішінде деректемелерді өзгертуге 46,7 мың өтініш қабылданды. Оның 44,0 мыңы Қордың кеңселерінде орындалды.

    БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 25,1 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған 505,1 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 17,0 мың материал жарияланды.

    Салымшылар мен алушылардан кері байланыс (Call-орталық, веб-сайт арқылы кеңес, мессенджерлер, әлеуметтік желілер және басқа байланыс түрлері) арналары бойынша 192,5 мың өтініш түсті.

    Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

    БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады.

    БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы жәнеакционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақwww.enpf.kz сайтында).

    Жүктеу
    ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ   Более 24,5 миллионов услуг оказал ЕНПФ вкладчикам с начала года
    DOCX · 61 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Индер ауданы Индербор кенті Өрлік ауылдық округі әкімдерінің сайлауында тіркелген кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесі

    Индер ауданы Индербор кенті әкіміне кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесі № Кандидаттың аты-жөні Өтетін орны Өтетін уақыты 1. Сахипов Бакитжан Сансызбаевич Индербор кенті, «Индер-Мәдениет» МКҚК 11 қыркүйек 2026...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Индер ауданы Индербор кенті Өрлік ауылдық округі бойынша кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде белгіленген үй-жайлардың тізімі

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Индер ауданы Индербор кенті Өрлік ауылдық округі бойынша кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде белгіленген үй-жайлардың тізімі № Қала және аудандар Үй-жайлар...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Индер ауданы Индербор кенті Өрлік ауылдық округі әкімдерінің сайлауы бойынша кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    2026жылғы27 қыркүйеккетағайындалған Индер ауданы Индербор кенті Өрлік ауылдық округі әкімдерінің сайлауы бойынша кандидаттарға үгіттік баспаматериалдарын орналастыру үшін орындар р/с Елді мекеннің атауы Үгіттік баспа ма...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебін...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер[1] күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанын еске салады

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 01.01.2026 ж. бастап салымшылардан зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушы (бұдан әрі – ИПБ) «Halyk Global Markets» АҚ беру туралы жаңа өтін...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98%-дан астамы цифрлық форматта жүргізілді

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтар...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті

    Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 тамызына 28,35 трлн теңгеболды. 12 айдағы өсім – 3,50 трлн теңгенемесе 14,1%. Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейне...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды: