«Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралы талдамалық анықтама

    Индер ауданының әкімдігі

    «Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері туралыталдамалық анықтама

    Индер ауданы 27.07.2026 жыл

    І.Кіріспе бөлім:

    Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің (бұдан әрі -Бөлім) 2026 жылғы 13 шілдедегі №71бұйрығы негізінде қызметтегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмысшы тобы құрылды.

    Талдаумен Бөлімнің қызметі қамтылды.

    Қамтылған кезең : 2025 жылғы шілде-желтоқсан, 2026 жылдың қаңтар – маусым айлары

    Ішкі талдау өткізу кезеңі: 17.07.2026 ж 27.07.2026 жыл .

    «Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне қарасты 2 ведомстволары бар:

    1) «Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Жартылай күндізгі стационарлық үлгідегі ұйымының күндіз болу бөлімшесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі;

    2) «Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

    1. Персоналды басқару, оның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдарды анықтау

    Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген.

    Бөлімде штат саны бойынша 5 мемлекеттік қызметкер, келісім шарт негізінде 10 азаматтық қызметшілер бар (статист, архивариус, көлік жүргізуші, еден жуушы, 3-күзетші, 3 котельщик).

    2025 жылдың қараша айында бөлімнің бас маман-бас есепшісі жүктілікке және бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын еңбек демалысына шығып, орнына 2026 жылдың ақпан айынан бастап келісім шарт негізінде уақытша 1 азаматтық қызметкер қабылданды. 2026 жылдың мамырынан бастап декреттік орынға конкурс жарияланып, мемлекеттік қызметкер орналасты.

    2025 жылдың қараша айында статист қызметімен айныланысатын азаматтық қызметкер бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалысқа шығып, орнына 1 азаматтық қызметкер уақытша алынды.

    2026 жылдың қаңтар айында бөлімде архивариус лауазымындағы қызметкерді бала күтіміне байланысты негізгі қызметкер жалақысы сақталмайтын демалысқа қалуына байланысты орнына 1 азаматтық қызметкер жұмысқа қабылданды.

    2026 жылдың маусым айында «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 56 бабының 6-тармағына сай бөлімнің бас маман мемлекеттік қызмет лауазымы сектор меңгерушісі лауазымына ауыстырылды.

    2026 жылдың маусым айында бөлімнің басшысы зейнеткерлік жасқа зетуіне байланысты жұмыстан босатылып, лауазымы уақытша бос тұруда.

    1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

    Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

    1. Мемлекеттік қызметтер көрсету

    Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау
    министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84
    бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары және 2024 жылғы 31 шілдедегі №288 қағидасына сәйкес мемлекеттік қызмет түрлерін көрсетеді.

    Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 16 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

    - «Тұрғын үй көмегін тағайындау»;

    - «Мүгедектігі бар балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу»;

    - «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау»;

    - «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру»;

    - «Еңбекші көшіп келушіге рұқсаттар беру және ұзарту»;

    - «Мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

    - «Мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

    - «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің қызметтерімен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

    - «Есту кемістігі бар мүгедектерді ымдау тілі маманының қызметтерімен қамтамасыз етуге мүгедектерге құжаттарды ресімдеу»;

    - «Мүгедектігі бар адмдарды арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»;

    - «Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды санаторийлік-курорттық емделумен қамтамасыз етуге құжаттарды ресімдеу»

    - «Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;

    - «Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»;

    - Әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі кәмелетке толған адамдарға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгілеу;

    - Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу;

    - Ақталған адамға куәлік беру.

    2025 жылдың шілде-желтоқсан айларында 737 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:.

    - қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 13;

    - мемлекеттік коорпорация арқылы көрсетілген мемлекттік қықметтердің саны- 2

    -ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 722.

    2026 жылдың қаңтар-маусым айларында 1305 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:.

    - ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1305.

    1. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

    Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде рұқсат беру функция жоқ.

    1. Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру

    Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тікелей бақылау органы болып табылмайды.

    Аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының тікелей тапсырмаларының, аудан әкімдігі жанындағы комиссия отырысының шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.

    1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу

    Соңғы 3 жылда әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы орган бюджеттен 1,3 млрд. астам қаражат бөлді (1 291 905 973 тг.) теңге, оның ішінде:

    2023 ж.-262 233 000 тг.;

    2024 ж.-479 722 973тг.

    2025 ж. – 549 950 000 тг.

    Олардың ішінде:

    АӘК-284 712 000 тг.;

    мүгедектігі бар адамдарды қамтамасыз ету-284 616 000 тг.;

    әлеуметтік көмек (АӘК-тен басқа)- 519 605 000 тг.;

    өзге де- 202 972 973 тг.

    Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде 2026 жылға 541 885,0 мың теңге қаражат бөлінді. 7 айында 312 648,0 мың тенге қаражаты игерілді. Қалғаны жыл соңына дейін игеріледі.

    Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VІІІ «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы №687 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.

    2026 жылға:

    баға ұсыныстарын сұрау тәсілімен – 7 сатып алу, жалпы сомасы 81,7 мың теңгеге;

    бір көзден алу тәсілмен – 20, жалпы сомасы 4 947,0 мың теңге;

    ашық конкурс тәсілі бойынша – 2, жалпы сомасы 562,3 мың теңгеге.

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясындағы жобалар – 1 (инватакси) 22 642,0 мың теңгеге;

    Мемлекеттік сатып алу goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жүзеге асырылады.

    Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда нақтыланады және бекітіледі, өзгерістер есепті кезең ішінде енгізіледі.

    Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақтылы жасалады. Бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.

    Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аффиллирлену, бөлімнің басшы құрамының жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының әлеуетті өнім берушілерін өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу фактілері анықталған жоқ.

    1. Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасау

    Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасақталған жоқ.

    1. Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану

    Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі «Е-қызмет», МОИП, электрондық құжат айналымы және «Е-собес», «Әлеуметтік көмек» «Шетелдік жұмыс күші» ақпараттық жүйелерімен жұмыс жасайды.

    1. Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер

    Индер аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінде:

    - Әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үш жақты комиссия,

    - Арнайы комиссия,

    - Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеудің және оларға куәлік беру үшін арнайы комиссия;

    -1941 жылғы 22 маусым – 1945 жылғы 9 мамыр кезеңінде кемінде 6 ай жұмыс істеген адамдардың жұмыс өтілін белгілеу үшін арнайы комиссиясы бар.

    Комиссия отырыстары уақытылы өткізіліп, тиісті тұлғаларға тапсырмалар беріліп, олардың орындалыстары үнемі бақылауда болады.

    Сонымен қатар, бөлімде ҚР 2005 жылғы 8 шілдедегі «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік реттеу туралы Заңы негізінде және жергілікті өкілді органның шешімімен Индер ауданының елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек көрсету жұмыстары атқарады. Алайда бұл мемлекеттік көрсетілетін қызметтер реестріне енгізілмегендіктен жасырын қызмет болып есептеледі. Бөлім негізінен мұқтаж азаматтардың жекеленген санаттарына әлеуметтік төлем тағайындау қызметімен айналысатындықтан отын сатып алуға берілетін әлеуметтік көмекті сала мамандарына төлеу ұзақ мерзімді, олардың сол салада қызмет атқаратындығы жөнінде бақылауды қажет етеді. Көрсетілетін қызметті әр салаға өздеріне беру ұсынылады. Ол үшін бюджеттік классификацияға өзгерістер енгізіп, бағдарлама әкімгерін әр сала бойынша өздеріне өзгертуге ұсыныс береді.

    Инватакси қызметтерін ұсыну бойынша.

    Әлеуметтік саласындағы проблемалық мәселелердің бірі инватаксидің қызметін атап өтуге болады, өйткені бұл қызметтерді тек мүгедектігі бар адамдар пайдаланады және бұл үшін бюджеттен көп қаражат бөлінеді.

    Мүгедектігі бар адамдар инватакси қызметтерін көрсетуді жергілікті атқарушы органдар (бұдан әрі-ЖАО) мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы жүзеге асырады.

    Мүгедектігі бар адамдар тасымалдауды Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы №859 бұйрығымен бекітілген. Автомобиль көлігімен мүгедек адамдарды тасымалдау бойынша қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес ЖАО реттейді Өз кезегінде, ЖАО инватакси қызметтеріне ақы төлеу автомобиль көлігінің нақты жұмыс уақытынан, атап айтқанда сағатпен (машина-сағат) алынады.

    Индер ауданында бұл қызметті 1 жеткізуші көрсетеді - "Сенім Шыңы" ҚБ.

    Бұл ретте, жыл сайын осы қызметке бюджеттен бөлінетін қаражат ұлғайып отыр. Мәселен, Индер ауданында инватакси қызметіне 2023 жылы -12,0 млн. теңге , 2024жылы -18,5млн. теңге, 2025 жылы -23,0 млн теңге және 2026 жылға 37048,0 тенге бөлінді.

    Ұсынылады:

    -Инватакси қызметін "Әлеуметтік Портал" арқылы мүгедек жандарға таңдау мүмкіндігін қарастыру және цифрлық мониторинг арқылы бақылау жүйесін енгізу.

    Бөлім басшысының м.а. Т.Карашулакова

    Жұмыс тобының мүшелері:

    Бас маман ______________ Э.Саркенова

    Бас маман______________Ш.Куспанова

    Жүктеу
    АНАЛИТИЧЕСКАЯ СПРАВКА
    DOCX · 17 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Индер ауданы Индербор кенті Өрлік ауылдық округі әкімдерінің сайлауында тіркелген кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесі

    Индер ауданы Индербор кенті әкіміне кандидаттардың сайлаушылармен кездесу кестесі № Кандидаттың аты-жөні Өтетін орны Өтетін уақыты 1. Сахипов Бакитжан Сансызбаевич Индербор кенті, «Индер-Мәдениет» МКҚК 11 қыркүйек 2026...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Индер ауданы Индербор кенті Өрлік ауылдық округі бойынша кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде белгіленген үй-жайлардың тізімі

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Индер ауданы Индербор кенті Өрлік ауылдық округі бойынша кандидаттардың сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде белгіленген үй-жайлардың тізімі № Қала және аудандар Үй-жайлар...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылғы 27 қыркүйекке тағайындалған Индер ауданы Индербор кенті Өрлік ауылдық округі әкімдерінің сайлауы бойынша кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    2026жылғы27 қыркүйеккетағайындалған Индер ауданы Индербор кенті Өрлік ауылдық округі әкімдерінің сайлауы бойынша кандидаттарға үгіттік баспаматериалдарын орналастыру үшін орындар р/с Елді мекеннің атауы Үгіттік баспа ма...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді

    АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ зейнетақы төлемдерін уақытылы рәсімдеудің маңыздылығын ескертеді «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және (немесе) міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебін...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарын басқарудың кеңейтілген мүмкіндіктеріне ие болды

    2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, салымшылардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерін кеңейтетін өзгерістер[1] күшіне енді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, енді...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    БЖЗҚ «Halyk Global Markets» АҚ-мен зейнетақы активтерін сенімгерлік басқару туралы шартты бұзу жоспарланғанын еске салады

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) 01.01.2026 ж. бастап салымшылардан зейнетақы активтерін инвестициялық портфельді басқарушы (бұдан әрі – ИПБ) «Halyk Global Markets» АҚ беру туралы жаңа өтін...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    БЖЗҚ-ның халыққа жыл басынан бері көрсеткен қызметтерінің 98%-дан астамы цифрлық форматта жүргізілді

    «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ, Қор) – Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің бірыңғай операторы, ол зейнетақы жинақтарының сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді. Оның негізгі міндеті – азаматтар...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Хабарлама

    Отандастарымыздың зейнетақы жинақтарының көлемі 28,35 трлн теңгеге жетті

    Қазақстандықтардың «БЖЗҚ» АҚ-дағы (БЖЗҚ, Қор) зейнетақы жинақтарының көлемі 2026 жылдың 1 тамызына 28,35 трлн теңгеболды. 12 айдағы өсім – 3,50 трлн теңгенемесе 14,1%. Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейне...

    Индер ауданының әкімдігіЖарияланды: