"Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары

    ·

    Қазақстан Республикасының
    Еңбек және халықты
    әлеуметтік қорғау министрі
    2021 жылғы 25 наурыздағы
    № 84 бұйрығына
    2-қосымша

    . Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 24.11.2022№ 473 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

    1-тарау. Жалпы ережелер

    1. Осы "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) көрсету тәртібін белгілейді.

    Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026№ 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1. Мемлекеттік қызметті республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.

    Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

    1) көрсетілетін қызметті беруші;

    2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі);

    3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес ақционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация);

    ЗҚАИ-ның ескертпесі!
    4) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026
    № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    4) "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

    Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025№ 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

    1. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы өзінің немесе отбасының атынан (немесе өкілі, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 167-бабына сәйкес берілген сенімхат бойынша) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға жазбаша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен немесе порталға электрондық түрде осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішпен жүгінеді.

    ЗҚАИ-ның ескертпесі!
    3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026
    № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    Жазбаша өтініш берген кезде құжаттарды қабылдайтын маман "электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес сұрау салу қалыптастырады.

    ЗҚАИ-ның ескертпесі!
    3-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026
    № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    Ақпараттық жүйелерде мәліметтер сәйкес келмеген (болмаған) кезде көрсетілетін қызметті алушы өтінішке "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса отырып жүгінеді.

    Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025№ 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1. Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде келтірілген.қоса бере отырып ұсыну арқылы жүгінеді.
    2. Құжаттарды қарау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күнін құрайды.
    3. Осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген тізбеде көзделген құжаттардың толық топтамасын ұсынған кезде көрсетілетін қызметті алушыға:

    Мемлекеттік корпорацияда – өтініш берушіден қабылданған құжаттардың тізбесі, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), өтініш беру күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетілетін тиісті құжаттарды қабылдау туралы электрондық қолхат, өтініш берушінің өтініші бойынша қолхат қағаз түрінде беріледі;

    ЗҚАИ-ның ескертпесі!
    6-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026
    № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    көрсетілетін қызметті берушіде немесе ауылдық округ әкімінде – тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алатын күні, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген үзбелі талон беріледі;

    ЗҚАИ-ның ескертпесі!
    6-тармақтың төртінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026
    № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    портал арқылы – көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы статус көрінеді.

    Көрсетілетін қызметті алушы толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде осы Қағидаларға 2-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш қабылдаудан бас тарту туралы қолхат беріледі.

    Көрсетілетін қызметті алушы әлеуметтік көмекке портал арқылы электронды түрде жүгінген кезде мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне қажетті мәліметтерді алу үшін көрсетілетін қызметті алушының өзі сұрау салады.

    Бұл ретте мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен келіп түскен электрондық өтініш пен мәліметтерді көрсетілетін қызметті алушы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырады.

    Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1. Өтініштерді, оның ішінде электрондық өтініштерді көрсетілетін қызметті беруші немесе ауылдық округ әкімі түскен жұмыс күні ішінде, ал жұмыс күнінен тыс келіп түскен жағдайда – өтініш түскен күннен кейінгі бірінші жұмыс күні тіркейді.

    Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 8-тармағы 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде көрсетілетін қызметті беруші немесе ауылдық округ әкімі көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайын зерттеп-қарау үшін 1 (бір) жұмыс күні ішінде учаскелік комиссияға жібереді.

    Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025№ 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1. Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 3, 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы акт жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне жібереді.

    Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі учаскелік комиссияның актісі мен қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оларды қоса берілген құжаттармен қоса көрсетілген қызметті берушіге жібереді.

    1. Әлеуметтік көмек көрсету үшін құжаттар жетіспегенде уәкілетті орган әлеуметтік көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшін тиісті органдардан қажетті мәліметтерді сұратады.
    2. Өтініш берушінің қажетті құжаттарды олардың бүлінуіне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкіндігі болмағанда уәкілетті орган тиісті мәліметтерді қамтитын өзге уәкілетті органдар мен ұйымдардың деректері негізінде әлеуметтік көмек тағайындау туралы шешім қабылдайды.
    3. Көрсетілетін қызметті беруші учаскелік комиссиядан немесе ауылдық округ әкімінен құжаттар келіп түскен күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 26 мамырдағы № 181 "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудің ережесін бекіту туралы" бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32609 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға үміткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеу қағидаларына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеуді жүргізеді және құжаттардың толық топтамасын арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

    Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025№ 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1. Арнайы комиссия құжаттар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсетуге қажеттілік туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтік көмектің мөлшерін көрсетеді.
    2. Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсетуге қажеттілік туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

    Осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарында көрсетілген жағдайларда уәкілетті орган өтініш берушіден немесе кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімінен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

    1. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеге сай беріледі.
    2. Осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес тізбеде көзделген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші шешім қабылдағанға дейін кемінде үш жұмыс күні бұрын көрсетілетін қызметті алушыны бас тарту туралы алдын ала шешім туралы, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша ұстанымды білдіруге мүмкіндік беру үшін тыңдау өткізілетіні туралы хабардар етеді.

    Көрсетілетін қызметті беруші тыңдаудың уақыты мен күнін белгілейді, ол:

    көрсетілетін қызметті алушыны бейнеконференц-байланыс немесе өзге де коммуникация құралдары арқылы тыңдауға шақыру;

    ЗҚАИ-ның ескертпесі!
    15-тармақтың екінші бөлігінің үшінші абзацы жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026
    № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    ақпараттық жүйелерді пайдалану;

    көрсетілетін қызметті алушыға өзінің ұстанымын баяндауға мүмкіндік беретін өзге де байланыс тәсілдері арқылы жүзеге асырады.

    Көрсетілетін қызметті алушы әкімшілік іс бойынша алдын ала шешімге қарсылықты алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмейтін мерзімде оны беруге немесе білдіруге құқылы.

    Көрсетілетін қызметті алушы өз қарсылығын ауызша білдірген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға тыңдау хаттамасын жүргізеді.

    Көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды тұлға көрсетілетін қызметті алушыны тыңдау хаттамасымен танысу мүмкіндігімен қамтамасыз етуге міндетті.

    Көрсетілетін қызметті алушы танысқаннан кейін үш жұмыс күні ішінде тыңдау хаттамасына өз ескертулерін беруге құқылы.

    Ескертулерді қарау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті беруші осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы шешім қабылдайды.

    Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша, бас тартқан жағдайда – осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әлеуметтік көмек көрсету туралы қабылданған шешім туралы хабарлама жолдайды.

    Егер әлеуметтік көмек көрсетуге өтініште мобильді азаматтар базасында тіркелген ұялы телефон нөмірі көрсетілсе, әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу арқылы автоматты режимде жолданады.

    Көрсетілетін қызметті алушының ұялы телефонына sms-хабарлама жіберу мүмкіндігі болмаса, көрсетілетін қызметті беруші немесе Мемлекеттік корпорация әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарламаны басып шығарады және оны көрсетілетін қызметті алушы өзі келген кезде береді.

    Өтініш портал арқылы берілген болса, әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы хабарлама шешім қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушының жеке кабинетіне портал арқылы автоматты режимде жіберіледі.

    Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025№ 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсетудің негіздерін жойғанда көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген тәртіп бойынша мемлекеттік қызмет алуға қайта жүгіне алады.

    ЗҚАИ-ның ескертпесі!
    17-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026
    № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    1. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректерді енгізуді қамтамасыз етеді.

    3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

    1. ҚР ӘРПК 91-бабының 1-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға құқылы.

    Шағым шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті берушіге, лауазымды адамға беріледі.

    Шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі жоғары тұрған әкімшілік органға (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жібереді.

    Бұл ретте шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім қабылдаса, әкімшілік әрекет жасаса, шағымды қарайтын органға шағымды жібермеуге құқылы.

    "Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспегенде, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгінуге құқылы.

    Мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қарауға жатады.

    Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

    ҚР ӘРПК 91-бабының 5-тармағына сәйкес егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі.

    Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026№ 196 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
    ЗҚАИ-ның ескертпесі!
    1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026
    № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    "Жергілікті өкілді органдардың
    шешімдері бойынша мұқтаж
    азаматтардың жекелеген
    санаттарына әлеуметтік көмек
    тағайындау" мемлекеттік
    қызметін көрсету қағидаларына
    1-қосымша

    Нысан

    Жергілікті атқарушы
    органның басшысына
    ___________________

    Өтініш

    Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025№ 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    Азамат________________________________________________________

    (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Туған күні: ______ жылғы "___" _______________________________________

    Жеке сәйкестендіру нөмірі: ___________________________________________

    Жеке басын куәландыратын құжат түрі: _________________________________

    Құжаттың сериясы: _____ құжаттың нөмірі:________ кім берген: ___________

    Берілген күні ____________ жылғы "__" ________________________________

    Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы ___________________________________

    ____________________________________________________________ облысы

    __________________________ қаласы (ауданы) ____________________ ауылы

    ____________________________ көшесі (шағын ауданы) _______ үй ___ пәтер

    Банк деректемелері:__________________________________________________

    Банктің атауы _______________________________________________________

    Банк шотының № ____________________________________________________

    Телефон ____________________________________________________________

    Маған ________________________ әлеуметтік көмек тағайындауды сұраймын

    Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

    Р/с №

    Құжаттың атауы

    Құжаттағы парақтардың саны

    Ескертпе

    1

    2

    3

    4

    "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төлемді тағайындаған (қайта есептеген) кезде, сондай-ақ әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындаған кезде қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.

    Банк шотының иесі ретінде өзім туралы, екінші деңгейдегі банктердегі, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның банк операцияларының тиісті түрлеріне лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді алуға келісім беремін.

    Тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің өзгеруі туралы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

    Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін жеке банк шотын ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуға жүгінуіне жол берілмейтіні туралы хабардармын.

    20____ жылғы "____" ___________

    ___________________________________________________________________

    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), өтініш берушінің (заңды өкілінің) қолы

    Құжаттарды қабылдаған:

    ___________________________________________________________________

    (өтінішті қабылдаған тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы және қолы)

    20____ жылғы "____" ____________

    ЗҚАИ-ның ескертпесі!
    1-1-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026
    № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    "Жергілікті өкілді органдардың
    шешімдері бойынша мұқтаж
    азаматтардың жекелеген
    санаттарына әлеуметтік көмек
    тағайындау" мемлекеттік
    қызметін көрсету қағидаларына
    1-1-қосымша

    Нысан

    Жергілікті атқарушы
    органның басшысына
    ___________________

    "Электрондық үкімет" веб-порталы арқылы әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш

    Ескерту. Қағидалар 1-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025№ 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    Азамат ____________________________________________

    (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Туған күні: _____________________________________________________

    Жеке сәйкестендіру нөмірі:________________________________________

    Мемлекеттік органдардың растауы:

    "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесінен алынған деректер

    Өтініш беруші туралы мәліметтер:

    Жеке басын куәландыратын құжат түрі: _____________________________

    Құжат сериясы: _________________________________________________

    Құжат нөмірі: ___________________________________________________

    Кім берген: _____________________________________________________

    Берілген күні: ___________________________________________________

    Тұрақты тұратын жерінің мекенжайы:

    ______________________ облысы _________________________ қаласы (ауданы)

    ___________________ ауылы _______________________ көшесі (шағын ауданы)

    __________ үй _________ пәтер

    Маған _________________________________________________________

    әлеуметтік көмек тағайындауды сұраймын.

    Өтінішке қоса берілген құжаттардың тізбесі:

    Р/с №

    Құжаттың
    атауы

    Құжаттағы парақтардың саны

    Ескертпе

    1

    2

    3

    4

    Жүктеу

    Банктік деректемелер:

    Банк атауы______________________________________________________

    Банктік шоттың № _______________________________________________

    Телефон ________________________________________________________

    Электрондық пошта ______________________________________________

    Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз міндеттемелерін орындаған, сондай-ақ төлемді тағайындаған (қайта есептеген) кезде "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге, ақпараттық жүйелерде бар, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді сақтауға және пайдалануға келісім беремін.

    Екінші деңгейдегі банктердегі, банк операцияларының тиісті түрлеріне қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы бар ұйымдардағы, "Қазпошта" акционерлік қоғамының аумақтық бөлімшелеріндегі банктік шот иесі ретінде өзім туралы және банктік шотымның нөмірі туралы мәліметтерді алуына келісім беремін.

    Тұрғылықты жерімнің (оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерге кету), анкеталық деректердің, банктік деректемелердің барлық өзгерістері туралы әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті органға 10 (он) жұмыс күні ішінде хабарлауға міндеттенемін.

    Жергілікті бюджеттен төленетін әлеуметтік көмекті есептеу үшін жеке банктік шот ашу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ осындай шоттағы ақшаны үшінші тұлғалардың өндіріп алуды қолдануына жол берілмейтіні туралы хабардармын.

    Өтініш берушінің электрондық цифрлық қолтаңбасы

    ____________________________________________________________________

    Өтінішке қол қойылған күні мен уақыты:

    ____ .___. _____ жыл ___сағат __ минут ____секунд

    ЗҚАИ-ныңескертпесі!
    1-2-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026№ 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    "Жергілікті өкілді органдардың
    шешімдері бойынша мұқтаж
    азаматтардың жекелеген
    санаттарына әлеуметтік көмек
    тағайындау" мемлекеттік
    қызметін көрсету қағидаларына
    1-2-қосымша

    Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне сұрау салу

    Ескерту. Қағидалар 1-2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025№ 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне "электрондық үкімет" шлюзі арқылы өтініш берушінің, отбасы мүшелерінің ЖСН бойынша мынадай:

    1) ЖТ МДҚ-дан жеке басты куәландыратын;

    2) ЖТ МДҚ-дан тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгені туралы;

    3) әлеуметтік көмекті төлеу жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банктік деректемелері туралы;

    4) "ЖМБМК" АЖ-да кадастрлық нөмірі және жылжымайтын мүліктің мекенжайы туралы;

    5) баланың (балалардың) туу туралы куәлігі немесе "АХАЖ" АЖ-да туу туралы актілік жазбадан үзінді көшірме (азаматтық хал актілерінің жазбалары) бойынша;

    6) "АХАЖ" АЖ-да неке қию туралы куәлік бойынша (азаматтық хал актілерінің жазбалары);

    7) "ҰББДҚ" АЖ-да қорғаншылық (қамқоршылық) белгілеу туралы құжаттар бойынша;

    8) ЖТ МДҚ-дан 14 жастан асқан қорғаншылықтағы баланың тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгені туралы;

    9) "ДНЭТ" АЖ-де жеке тұлғаның Д-есебінде тұруы жөніндегі мәліметтерді алу үшін сұрау салу қалыптастырылады.

    Мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың АЖ-сынан және ЕДБ АЖ-дан сұратылатын мәліметтерді растайтын электрондық құжаттар "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік органдардың және (немесе) ұйымдардың, ЕДБ-ның ЭЦҚ-сымен, сондай-ақ сұрау салуды жүзеге асырған мемлекеттік корпорация бөлімшесі қызметкерінің немесе өтініш берушінің ЭЦҚ-сымен куәландырылады.

    Ескертпе:

    Аббревиатуралардың толық жазылуы:

    ЖТ МДҚ – "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры;

    "ЖМБМК" АЖ – "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесі;

    АЖ – ақпараттық жүйе;

    "АХАЖ" АЖ – азаматтық хал актілерінің ақпараттық жүйесі;

    "ҰББДҚ" АЖ – "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесі;

    "ДНЭТ" АЖ – "Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі" ақпараттық жүйесі;

    ЕДБ АЖ – екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйесі;

    ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі;

    ЭЦҚ – электрондық цифрлық қолтаңба.

    ЗҚАИ-ның ескертпесі!
    2-қосымша жаңа редакцияда көзделген - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026
    № 196 (12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    "Жергілікті өкілді органдардың
    шешімдері бойынша мұқтаж
    азаматтардың жекелеген
    санаттарына әлеуметтік көмек
    тағайындау" мемлекеттік
    қызметін көрсету қағидаларына
    2-қосымша

    "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 26.05.2026 № 196 (12.07.2026 дейін қолданылады) бұйрығымен.

    1

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы

    Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау

    2

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің (бар болса) атауы

    Жоқ

    3

    Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

    Республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, облыстық маңызы бар аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші).

    4

    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету тәсілдері

    1) көрсетілетін қызметті беруші;
    2) кент, ауыл, ауылдық округ әкімі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімі);
    3) Мемлекеттік корпорация арқылы
    4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал).

    5

    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету мерзімі

    1) құжаттардың топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 8 (сегіз) жұмыс күні;
    2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут;
    3) көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут.

    6

    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нысаны

    Қағаз және (немесе) электрондық (ішінара автоматтандырылған) түрде.

    7

    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету нәтижесі

    Тізбенің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша дәлелді жауап көрсетілген немесе қабылданған шешім туралы хабарлама ұсынылады. Порталда әлеуметтік көмек тағайындау туралы хабарлама, сондай-ақ әлеуметтік көмек тағайындау туралы ақпарат көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

    8

    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

    Тегін көрсетіледі.

    9

    Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

    1) көрсетілетін қызметті берушіде немесе ауылдық округ әкімінде – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін. Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру: сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібінде көрсетіледі;
    2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мерекелік күндерден басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда үзіліссіз сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсететін кезекші бөлімдері дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырылады. Құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру электрондық кезек тәртібінде жүзеге асырылады.
    3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

    10

    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

    Көрсетілетін қызметті берушіге немесе ауылдық округ әкіміне немесе Мемлекеттік корпорацияға:
    1) жеке басты куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін қажет);
    2) адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер (адамның (отбасы мүшелерінің) табысына қарамай тағайындалатын әлеуметтік көмекті алу үшін адамның (отбасы мүшелерінің) табысы туралы мәліметтер ұсынылмайды);
    3) мұқтаждар санатына жатқызу негіздерінің болу фактісін растайтын төменде көрсетілген құжаттардың бірі: дүлей апат салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат; өрт салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келу фактісін растайтын құжат; әлеуметтік маңызы бар аурудың болу фактісін растайтын құжат; жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмау фактісін растайтын құжат; жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмау фактісін растайтын құжат; бас бостандығынан айыру орындарынан босатылу, пробация қызметінің есебінде болу фактісін растайтын құжат. Салыстырып тексеру үшін құжаттар төлнұсқалары және көшірмелері ұсынылады. Салыстырып тексерілгеннен кейін құжаттардың төлнұсқасы көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады. Порталға: мемлекеттік қызметті көрсету үшін – "Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) 1-1-қосымшаға сәйкес өтініш; мемлекеттік қызметті көрсету туралы ақпарат алу үшін – көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу. Электрондық өтініште көрсетілген жеке басты куәландыратын құжаттың, тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың, мүгедектікті растайтын құжаттың, адамда әлеуметтік маңызды аурудың бар-жоғын растайтын құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті алушы "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

    11

    Мемлекеттік қызметті және оның кіші түрлерін (бар болса) көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

    Мынадай:
    1) уәкілетті мемлекеттік органның мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті келісімі туралы сұрау салуға берілген теріс жауап, сондай-ақ сараптаманың, зерттеудің не тексерудің теріс қорытындысы;
    2) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмауы бойынша.

    12

    Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

    Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
    1) Министрліктің www.​enbek.​gov.​kz интернет-ресурсында, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер" бөлімінде;
    2) Мемлекеттік корпорацияның www.​gov4c.​kz интернет-ресурсында орналастырылған. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алады. Мереке күндері мен атаулы күндерге орай әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі.

    "Жергілікті өкілді органдардың
    шешімдері бойынша мұқтаж
    азаматтардың жекелеген
    санаттарына әлеуметтік көмек
    тағайындау" мемлекеттік
    қызметін көрсету қағидаларына
    2-1-қосымша

    Нысан

    20___ жылғы "___" __________ әлеуметтік көмек көрсетуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

    Ескерту. Қағидалар 2-1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    Азамат ________________________________________________________,

    (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    өтініш берген күні: 20___ жылғы "___" _____________________________,

    өтініш берушінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 12-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынуына байланысты әлеуметтік көмек көрсетуге өтінішін қабылдаудан бас тартылды (керегінің астын сызу).

    _______________________________________________________________________

    (жауапты тұлғаның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    "Жергілікті өкілді органдардың
    шешімдері бойынша мұқтаж
    азаматтардың жекелеген
    санаттарына әлеуметтік көмек
    тағайындау" мемлекеттік
    қызметін көрсету қағидаларына
    3-қосымша

    Нысан

    Адамның (отбасының) мұқтаждығын айқындауға арналған тексеру АКТІСІ

    Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025№ 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    20___ жылғы "___" ___________

    _______________________________________________________________________

    (елді мекен)

    1. Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

    _______________________________________________________________________

    1. Тұратын жерінің мекенжайы ____________________________________________
    2. Өтініш беруші әлеуметтік көмекке өтініш беруінің себептері ________________
    3. Отбасы құрамы (отбасында нақты тұратындар есептеледі) _____ адам, оның ішінде:

    Р/с №

    Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Туған күні

    Өтініш берушіге туыстық қатынасы

    Жұмыспен қамтылуы (жұмыс, оқу орны)

    Жұмыспен қамтылмау себебі

    Қоғамдық жұмыстарға қатысуы, кәсіптік даярлығы (қайта даярлау, біліктілігін арттыру) немесе жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысуы туралы мәліметтер

    Өмірлік қиын жағдай

    Еңбекке жарамды барлығы ______________________ адам.

    Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде тіркелгендері ____ адам.

    Балалардың саны: ______, олардың ішінен жоғары және орта оқу орындарында ақылы негізде оқитындар _______ адам, оқу құны жылына _______ теңге.

    Отбасында Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлердің, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдары ардагерлерінің, зейнеткерлердің, 80 жастан асқан қарт адамдардың, әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдардың, мүгедектігі бар адамдардың, мүгедектігі бар балалардың болуы (көрсету немесе өзге санатты қосу қажет)__________________________________________________________.

    1. Тұрып жатқан жағдайы (жатақхана, жалға алынған, жекешелендірілген тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй, тұрғын үй кооперативі, жеке тұрғын үй немесе өзге көрсету қажет): ___________________________________________________

    Тұрғын үйді ұстауға жұмсалатын шығыстар: _________________________

    ____________________________________________________________________

    Отбасының табысы:

    Р/с №

    Табысы бар отбасы мүшелерінің (оның ішінде өтініш берушінің) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Табыс түрі

    Өткен тоқсандағы табыс сомасы (теңге)

    Жеке қосалқы шаруашылық (ауладағы учаске, мал мен құс), саяжай және жер учаскесі (жер үлесі) туралы мәліметтер

    тоқсанға

    орта есеппен айына

    1. Мыналардың бар-жоғы:

    автокөлігі (маркасы, шығарылған жылы, құқық беретін құжат, оны пайдаланғаннан түсетін мәлімделген табыс) ______________________________

    қазіргі уақытта өздері тұрып жатқаннан бөлек өзге тұрғын үйі (оны пайдаланғаннан түскен мәлімделген табыс) ______________________________

    1. Бұрын алған көмегі туралы мәліметтер (нысаны, сомасы, көзі):

    ____________________________________________________________________

    1. Отбасының өзге табысы (нысаны, сомасы, көзі):

    ____________________________________________________________________

    1. Балалардың мектеп керек-жарағымен, киіммен, аяқ киіммен қамтамасыз етілуі

    _______________________________________________________________

    1. Тұратын жерінің санитариялық-эпидемиологиялық жағдайы

    ____________________________________________________________________

    Комиссия төрағасы:

    ________________________ _________________________

    Комиссия мүшелері:

    ________________________ _________________________

    ________________________ __________________________

    ________________________ __________________________

    (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Жасалған актімен таныстым: ______________________________________

    Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және қолы

    ____________________________________________________________________

    Тексеру жүргізілуден бас тартамын ________________________________

    Өтініш берушінің (немесе отбасы мүшелерінің бірінің) тегі, аты, әкесінің аты

    (бар болса) және қолы_ _____________________________________________

    (өтініш беруші тексеру жүргізуден бас тартқан жағдайда толтырылады)

    Күні ___________________

    "Жергілікті өкілді органдардың
    шешімдері бойынша мұқтаж
    азаматтардың жекелеген
    санаттарына әлеуметтік көмек
    тағайындау" мемлекеттік
    қызметін көрсету қағидаларына
    4-қосымша

    Нысан

    Учаскелік комиссияның № ______ қорытындысы 20__ жылғы ___ ______

    Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    Учаскелік комиссия Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларына сәйкес мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті алуға өтініш берген тұлға (отбасы)

    _______________________________________________________________________

    (өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    өтінішін және оған қоса берілген құжаттарды қарап, ұсынылған құжаттар және өтініш берушінің (отбасының) материалдық жағдайын тексеру нәтижелерінің негізінде тұлғаға (отбасыға) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмекті ұсынудың

    _______________________________________________________________________

    (қажеттігі, қажетінің жоқтығы) туралы қорытынды шығарады.

    Комиссия төрағасы: __________________ ______________________

    Комиссия мүшелері:

    __________________ __________________________________________

    __________________ __________________________________________

    __________________ __________________________________________

    (қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Қорытынды қоса берілген құжаттармен ___ данада 20__ ж. "___" ___________

    қабылданды ______________________________________________

    құжаттарды қабылдаған кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің немесе әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы, қолы.

    "Жергілікті өкілді органдардың
    шешімдері бойынша мұқтаж
    азаматтардың жекелеген
    санаттарына әлеуметтік көмек
    тағайындау" мемлекеттік
    қызметін көрсету қағидаларына
    5-қосымша

    Нысан

    ___________________________________________________________________ республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдігінің 20__ жылғы____ № ______ әлеуметтік көмек көрсету (көрсетуден бас тарту) туралы шешімі

    Ескерту. Қағидалар 5-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025 № 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    Өтініш беруші___________________________________________________

    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Жынысы _____________________

    Туған күні ____________________

    Мұқтаждар санатына жатқызу үшін негіздеменің болу фактісін растайтын құжаттың нөмірі және берілген күні_____________________________________________________________

    Арнайы комиссияның қорытындысы (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 523 қаулысымен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларының 8-тармағының 1), 2) және 4) тармақшаларында көрсетілген негіздер бойынша):

    _______________________________________________________________________

    1. Әлеуметтік көмек көрсетілсін.

    Әлеуметтік көмектің мөлшері: _____________________________________

    (жазбаша)

    Жиілігі: _________________________________________________________

    (жазбаша)

    1. _____________________________________________________________

    (бас тарту негізі)

    әлеуметтік көмек көрсетуден бас тартылсын.

    Бөлім басшысы _________________________________________________

    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Маман _________________________________________________________

    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    "Жергілікті өкілді органдардың
    шешімдері бойынша мұқтаж
    азаматтардың жекелеген
    санаттарына әлеуметтік көмек
    тағайындау" мемлекеттік
    қызметін көрсету қағидаларына
    6-қосымша

    Нысан

    20__ жылғы "___"________ _______________________________________ (әлеуметтік көмек түрі) әлеуметтік көмек көрсету туралы хабарлама

    Ескерту. Қағидалар 6-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025№ 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    Азамат ________________________________________________________

    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Туған күні _____________________________________________________

    20__ жылғы "__" _____ № ___ әлеуметтік көмек көрсету туралы шешім

    Тағайындалған сома: _____________________________________________

    20 __ жылғы "___" ________ бастап ____________________________ теңге

    (сомасы жазбаша)

    Хабарлама жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылды______________________________________________________

    (жауапты тұлғаның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    "Жергілікті өкілді органдардың
    шешімдері бойынша мұқтаж
    азаматтардың жекелеген
    санаттарына әлеуметтік көмек
    тағайындау" мемлекеттік
    қызметін көрсету қағидаларына
    7-қосымша

    Нысан

    20__ жылғы "___"________ _______________________________________ (әлеуметтік көмек түрі) әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту туралы хабарлама

    Ескерту. Қағидалар 7-қосымшамен толықтырылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 06.02.2025№ 36 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

    Азамат ___________________________________________________________

    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Туған күні __________________

    20__ жылғы "__" ____ № ___ әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту туралы шешім

    _______________________________________________________________негіз (себептерін көрсету) көрсетуден бас тартылды.

    Хабарлама жауапты тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылды _______________________________________________________

    (жауапты тұлғаның лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

    Жүктеу
    4e0c101ba81eaef9b6d64fa4b5667977_original.65282.docx
    DOCX · 64 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Қорытынды туралы анықтама Атбасар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы 2026 жылғы қаңтар-маусым айларында.

    Аудан әкімі -Әлімжанов Кенеш Ғалибекұлы осы лауазымда 2024 жылғы 6 желтоқсаннан бастап жұмыс істейді. 2026 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша халық саны – 40 376 адам, оның ішінде – қалалық – 29 622, ауылдық – 10 754 адам...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Әлем елдерінде зейнетақы жинақтары қалай қорғалады?

    Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттер зейнетақы жүйелерінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай зейнетақы жинақтарын қорғаудың әртүрлі тетіктерін қолданады.Көптеген елдерде зейнетақы жүйелеріне қатысушылардың құқықтары...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдікті жүзеге асыру тәсілінің өзгеруі туралы

    Зейнетақы төлемдерін алушылар үшін зейнетақы жинақтарының нақты енгізілген міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) мөлшерінде, жинақталған инфляция деңгейін ескере отырып сақталуы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 19 шілдеде тағайындалған Атбасар ауданы Борисовка ауылы әкімінің сайлау қорытындылары туралы ХАБАРЛАМАСЫ

    Атбасар аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 14-бабының 9-тармақшасына, 44-бабының 2-тармағына, 45-бабына, 113, 10-баптарына сәйкес...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

    № Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар 1. Орналасқан жері: Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Атбасар қаласы, Жеңіс көшесі, 86, «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Атбасар қ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ТЖШ есептеудің жаңа әдістемесі болашақ жинақтаушы зейнетақының лайықты мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған

    ТЖШесептеудіңжаңа әдістемесі болашақ жинақтаушы зейнетақының лайықты мөлшерін қамтамасыз етуге бағытталған ​ Қоғамның белсенді қызығушылығына және көптеген сауалдардың туындауына байланысты ең төменгі жеткіліктілік шект...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңа Әдістемесі күшіне енді

    Зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткіліктілік шектерін есептеудің жаңаӘдістемесі күшіне енді Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2026 жылғы 21 мамырдағы №422[1] қаулысының талаптарын орындау мақсатында БЖЗҚ бұқаралық ақ...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Құрметті Атбасар ауданының тұрғындары! 2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді

    Сайлаушылартізімітұрақтытіркеунегізіндежергіліктіатқарушыоргандармен(әкімдіктер)тұрғылықты жері бойынша жасалатынын назарларыңызғажеткіземіз.Тұрақтытіркеуіжоқне тіркелген жері бойынша дауыс беру күні болуды жоспарлайтына...

    Жарияланды: