«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес, Ақмола облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 11 маусымдағы № 18/119 «Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі № 11 аудандық сайлау комиссиясы мүшесін міндеттерінен босату туралы» Қаулысы негізінде және «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының ұсынысы негізінде, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ақмола облыстық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №7С-25-3 «Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
№ 11 аудандық сайлау комиссиясының құрамына Косяченко Дарья Ивановна сайлансын;
аталған құрамнан Акубасова Анастасия Геннадьевна шығарылсын.
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Ақмола облыстық
мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов