2025 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы жөніндегі жылдық есепті бекіту туралы

    ·

    Облыс әкімінің баяндамасын тыңдап, талқылағаннан кейін Ақмола облыстық мәслихаты атқарушы органдар 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы бойынша белгілі бір жұмыс жүргізгенін атап өтті.

    Қабылданған шаралар облыстың жалпы өңірлік өнімінің көлемін 5332,9 млрд. теңге көлемінде қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. ЖАӨ-нің нақты көлем индексі - 106,6%.

    Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 1 194,2 млрд. теңгеге дейін өсті, НКИ 115,9% құрады, оның ішінде: өсімдік шаруашылығы – 120,7%, мал шаруашылығы – 104,8%.

    Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі 2024 жылға қарай 124,4% - (431 млрд. теңге), тұрғын үйді пайдалануға беру - 103,7% - (694,4 ш. м.) құрады, жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 62,7 мың бірлікке дейін өсті, өсу қарқыны 5,8%.

    Жалпы жұмыссыздық деңгейі 4,5% құрады (ҚР бойынша - 4,6%). 29 233 тұрақты жұмыс орны құрылды.

    Облыстық бюджетке түсетін түсімдер жоспарының орындалуы 97,6% деңгейінде қамтамасыз етілді (облыстың жергілікті атқарушы органы 9,9 млрд.теңге сомасына алатын қарыздар бойынша түсімдер жоспарының орындалмауы). Салық түсімдері 86,7 млрд. теңгені құрап, 2024 жылғы деңгейге қарағанда 12% - ға өсті. Облыстық бюджетке салықтар бойынша берешек 17,7% - ға 432,8 млн. теңгеге ұлғайды.

    Игерілмеген қаражат көлемінің айтарлықтай өсуі байқалды - 2024 жылғы 4,7 млрд.теңгеден есепті жылы 16,1 млрд. теңгеге дейін, игеру 97,6% болды.

    Дебиторлық берешек 5,3 млрд.теңгеге дейін айтарлықтай қысқарды (2024 жылы – 72,7 млрд. теңге), кредиторлық берешек 66,9 млрд. теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылы – 49,4 млрд. теңге).

    Ақмола облысының облыстық бюджеттік бағдарламаларының жекелеген әкімшілері бюджет қаражатының толық әрі тиімді игерілуін қамтамасыз ете алмады.

    Бюджеттік бағдарламалардың кейбір әкімшілері тікелей және түпкілікті көрсеткіштердің нәтижелеріне қол жеткізбеген, бюджеттік инвестициялық жобаларды тиімді іске асыру және бюджет қаражатын пайдалану қамтамасыз етілмеген. Бюджеттің атқарылу сапасы мен тиімділігіне әсер еткен бірқатар басқа да олқылықтар бар.

    «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 130-бабына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШТІ:

    1. 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің орындалуы туралы

    есеп 1-қосымшаға сәйкес келесі көлемде бекітілсін:

    • түсімдер – 615 162 106,4 мың теңге, оның ішінде:

    салық түсімдері бойынша – 86 721 359,3 мың теңге;

    салықтық емес түсімдер бойынша – 21 033 650,7 мың теңге;

    негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 24 446,3 мың теңге;

    трансферттердің түсімдері бойынша – 507 382 650,0 мың теңге;

    • шығыстар – 616 811 242,6 мың теңге;
    • таза бюджеттік несие беру – 1 417 822,7 мың теңге, оның ішінде:

    бюджеттік несиелер – 15 639 877,9 мың теңге;

    бюджеттік несиелерді өтеу – 14 222 055,2 мың теңге;

    • қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо –

    2 491 898,7 мың теңге, оның ішінде:

    қаржы активтерін сатып алу – 2 500 441,0 мың теңге;

    мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер – 8 542,3 мың теңге;

    • бюджет тапшылығы (профицит) – -5 558 857,6 мың. теңге;
    • бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитті пайдалану) –

    – 5 558 857,6 мың. теңге.

    1. Тұрақты әлеуметтік-экономикалық өсуді қамтамасыз ету және облыстық бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында ұсынылсын:

    2.1. Ақмола облысының облыстық бюджеттік бағдарламаларының әкімшілеріне:

    - қаражатқа қажеттілікті нақты және негізделген болжау, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мерзімдерінің шынайылығын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдау;

    - жоспарлауды республикалық бюджеттен қаражаттың нақты түсу мерзімдерімен үндестіру;

    - жобалау алдындағы, жобалау, конкурстық құжаттаманың сапасын арттыру және тиісті рәсімдердің уақтылы және сапалы жүргізілуін қамтамасыз ету;

    - мемлекеттік сатып алу туралы шарттар тараптарының шарттық міндеттемелерін орындауына мониторингті күшейту;

    - игерілмеген қаражатты жедел қайта бөлу мүмкіндігімен бюджеттік бағдарламалардың орындалуына тұрақты мониторингті енгізу;

    - кредиттерді беру шарттарын қайта қарау есебінен олардың тиімділігі мен сұранысын арттыру, сондай-ақ кредиттерді басқарудың жоғары деңгейі бар бағыттар бойынша табысты практикаларды тарату;

    - агроөнеркәсіптік кешеннің инвестициялық жобалары бойынша әзірлігі расталған дәрежесі бар жобалардың тізбесін қалыптастыру (ЖСҚ, рұқсаттар, қоса қаржыландыру) ;

    - жауапты тұлғаларды бекітіп, қаражатты жете игермеу тәуекелі кезінде жедел шешімдер қабылдай отырып, кредиттерді игерудің ай сайынғы мониторингін күшейту;

    - ағымдағы және өткен жылдардағы дебиторлық және кредиторлық берешекті өтеу және қысқарту, оның ішінде дебиторлық берешекті өтеу кестелерін өзектендіру, міндеттемелерді қайта құрылымдау, сот өндіріп алу арқылы шаралар қабылдау;

    - нысаналы индикаторлар жүйесін өзектендіру мәселесін пысықтау, оның ішінде облыстың қолданыстағы стратегиялық жоспарлау құжаттарымен үйлесімділікті қалыптастыру және қамтамасыз ету тәсілдерін жетілдіру арқылы;

    - бюджеттік инвестициялық жобаларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында жобаларды іріктеу кезінде бюджет заңнамасын қатаң сақтауды қоса алғанда, құқықтық және ұйымдастырушылық реттеуді күшейту, техникалық-экономикалық негіздемелер мен экономикалық қорытындылар сараптамасының сапасы мен тереңдігін арттыру, мониторинг жүйесін жетілдіру, сондай-ақ іске асырудың барлық кезеңдерінде бюджет қаражатының нысаналы және тиімді пайдаланылуына бақылауды күшейту;

    - квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды күшейту.

    2.2. Ақмола облысының әкімдігіне:

    - облыстың даму Жоспарының орындалуын талдау, бюджет қаражаты мен активтерін сапалы басқару негізінде оның нысаналы индикаторларына қол жеткізуді, бюджеттік бағдарламалар нәтижелерінің көрсеткіштерін орындауды қамтамасыз ету;

    - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Ақмола облысы бойынша департаментімен, басқа да мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, салық түсімдерін жоспарлау сапасын арттыру; берешекті төмендету бойынша, оның ішінде әрбір ірі борышкер бойынша егжей-тегжейлі және нақты өндіріп алу шараларын айқындай отырып, берешекті төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту жолымен жұмыс жүргізу;

    - қаржылық тәртіпті нығайту, бюджет және өзге де заңнамалардың бұзылуын азайту;

    - облыс экономикасына инвестициялар тартуда қол жеткізілген оң нәтижелерді бекіту және дамыту үшін реттеуші ортаны, инфрақұрылымды және адами капиталды дамытуды қоса алғанда, бизнесті жүргізу жағдайларын жүйелі жақсартуды жалғастыру.

    2.3. Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына:

    – ғылыми негізділік, жүйелілік, шынайылық, мақсаттылық қағидаттарын сақтау негізінде облыстың әлеуметтік-экономикалық даму Болжамын қалыптастыру сапасын және оның негізінде әзірленетін облыстың және облыстық бюджеттің даму Жоспарының сапасын арттыру;

    - бюджеттік сұраныстарды, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын қарау кезінде жоспарланған есептеулердің негізділігі мен дұрыстығына, көрсеткіштердің сапасына, олардың бюджетке ғана емес, салалық заңнамаға да сәйкестігіне назар аударылсын;

    - бюджеттік инвестициялық жобалардан тиісті әлеуметтік-экономикалық әсер алу, оларды жоспарлау және іске асыру кезінде тәуекелдердің алдын алу үшін бюджеттік инвестициялық жобалармен жұмыс сапасын арттыру жөнінде шаралар қабылдау.

    2.4. Ақмола облысының қаржы басқармасы міндеттемелерді уақтылы қабылдамау, бюджеттік бағдарламалар бойынша төлемдерді уақтылы жүргізбеу себептерін анықтау мақсатында жүзеге асырылатын бюджеттің атқарылу көрсеткіштерін қадағалау және талдау мақсатында бюджеттік мониторинг жүргізуді жалғастырсын.

    1. Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының 2025 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебі-қорытындысы бекітілсін.

    Ақмола облыстық

    мәслихатының төрағасы Б.Жүсіпов

    Жүктеу
    Решение Акмолинского областного маслихата от 19 июня 2026 года № 8С-30-2
    решение маслихата
    DOC · 639 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Бюджет

    "Ақмола облыстық мәслихатының аппараты" ММ 2025 - 2027 жылдарға арналған БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

    "Ақмола облыстық мәслихатының аппараты" ММ 2025 - 2027 жылдарға арналған БЮДЖЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ 001 Облыс мәслихатының қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер

    Жарияланды:
    Хаттама

    Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ 2025 ж. 15 мамыр

    Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес отырысының Хаттамасы Көкшетау қ. 2025 ж. 15 мамыр 10.00 Қатысқандар:қалалық пен аудандық мәслихаттардың төрағалары (тізім қоса беріледі) Төрағалық етуші...

    Жарияланды:
    Хаттама

    Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ 2026 ж. 21 сәуір

    Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес отырысының Хаттамасы Көкшетау қ. 2026 ж. 21 сәуір 11.00 Қатысқандар:қалалық пен аудандық мәслихаттардың төрағалары (тізім қоса беріледі) Төрағалық етуші...

    Жарияланды:
    Есеп

    АЗАМАТТАРДЫҢ ӨКІЛДІ ОРГАНЫ – АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ДЕПУТАТТЫҚ КОРПУСТЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ

    АЗАМАТТАРДЫҢ ӨКІЛДІ ОРГАНЫ – АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ 2025 ЖЫЛҒЫ ДЕПУТАТТЫҚ КОРПУСТЫҢ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕБІ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік органдардың барлық дең...

    Жарияланды:
    Шешім

    Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясының күн тәртібі туралы

    Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясының күн тәртібі туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикас...

    Жарияланды:
    Шешім

    Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының міндеттерін уақытша жүктеу туралы

    Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының міндеттерін уақытша жүктеу туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес А...

    Жарияланды:
    Шешім

    «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Ақмола облысы бойынша іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 қарашадағы № 8С-16-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

    Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 22 шілдедегі № 8С-31-5 шешімі «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Ақмола облысы бойынша іс-қимыл...

    Жарияланды:
    Шешім

    Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 22 шілдедегі № 8С-31-4 шешімі

    Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 22 шілдедегі № 8С-31-4 шешімі Ақмола облысында жерлеу және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мем...

    Жарияланды: