Этносаралық қатынастар саласы бойынша 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

    Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы

    Жыл басынан бері облысымызда этносаралық саладағы ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталды. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелген жоқ.

    Соңғы статистикалық ақпаратқа сәйкес облыс халқының 96,3% қазақ, 3,7% түрлі этностық топтан құралады. Мемлекеттік этносаясатты жүзеге асыруда облыс көлемінде 11 этномәдени бірлестік және 9 қоғамдық құрылым(Ақсақалдар, Аналар, Медиация кеңестері, Ғылыми-сарапшылық топ, Журналистер мен сарапшылар клубы, Шығармашылық ұжымдар қауымдастығы, «Жомарт жан» орталығы, Ақпараттық-түсіндіру тобы мен Жастар қанаты) жұмыс атқарады. Есепті мерзімде 137 іс-шара ұйымдастырылып, 6 мыңға жуық адам қамтылды.Мәселен, қаңтар айында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің қолдауымен, «ҚазАтомӨнеркәсіп» ұлттық компаниясының демеушілігімен жаңа Достық үйі ғимараты пайдалануға беріліп, ел игілігіне қызмет етуде. Бүгінде ғимарат облыстық және республикалық деңгейдегі қоғамдық-саяси іс-шаралар ұйымдастырылып, ел үшін маңызы зор шешімдер қабылданатын диалог алаңына айналды.Осы жылдың ақпан айында «Сыр өңірі – бейбітшілік пен келісім мекені» жобасы аясында Корей этносының Жаңа жылы – «Соллаль» және «Славян» этносының «Масленица» мерекелері аталып өтілсе, наурыз айында Алғыс айту күні облыс көліменде тойланып, этнос өкілдері Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесіне белсене қатысты. Сәуір айында Татар этномәдени бірлестігінің 35 жылдығы мен «Сабантуй» жоғары деңгейде ұйымдастырылып, еліміздің басқа өңірлері мен Татарстан Республикасынан арнайы келген қонақтар қатысып, өнерлерін паш етті. Мамыр айы Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен бастау алып, ай көлемінде атаулы мерекелерге орай түрлі форматтағы іс-шаралар өткізілсе, маусымда Арал, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаңақорған аудандарында көшпелі жиындар, қоғамдық қабылдаулар, кездесулер мен ақпараттық-түсіндірме шаралары ұйымдастырылды.

    Жыл басынан бері республикалық және облыстық БАҚ беттерінде – 348 материал, әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда – 397 бейнематериал, 863 жарияланым жарық көрді.

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

    «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» КММ интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.

    Есеп

    БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс бөлімінің 2026 жылдың ІІ тоқсанында атқарған жұмысы туралы

    Бүгінде облыстың медиа кеңістігінде 150 бұқаралық ақпарат құралы(13 мемлекеттік, 137 тәуелсіз) жұмыс жасайды. Оның ішінде, 120 баспа БАҚ, 27 интернет сайт пен ақпараттық агенттік, 3 телеарна. Олардың 138-і облыстық, 2-уі...

    Есеп

    Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы бойынша бюджет қаражатының 2026 жылдың IІ тоқсанына игерілуі туралы мәліметі (мың.теңге)

    Қызылорда облысының қоғамдық дамубасқармасы бойынша бюджет қаражатының 2026 жылдың II тоқсанына игерілуі туралы мәліметі (мың.теңге) Бюджеттік сыныптаманың кодтары Шығыстардың атауы Жылдық жоспар (мың. теңге) Есепті мер...

    Есеп

    2026 жылдың 2 тоқсанына арналған Азаматтық бюджет

    https://budget.egov.kz/material/material?id=4013991&govAgencyId=3672 https://budget.egov.kz/material/material?id=4013991&govAgencyId=3672 https://budget.egov.kz/material/material?id=4242881&govAgencyId=3672 h...

    Есеп

    Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің 2026 жылғы ІІ тоқсанда атқарған жұмыстары туралы

    Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарын іске асыру бағытында өңірде жүйелі жұмыстар жүргізілуде. 2026 жылғы І...