Бүгінде облыстың медиа кеңістігінде 150 бұқаралық ақпарат құралы(13 мемлекеттік, 137 тәуелсіз) жұмыс жасайды.
Оның ішінде, 120 баспа БАҚ, 27 интернет сайт пен ақпараттық агенттік, 3 телеарна. Олардың 138-і облыстық, 2-уі қалалық, 10-ы аудандық деңгейде ақпарат таратушылар. Айта кету керек, соңғы жылдары интернет сайттардың саны артқан.
Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру қызметіне бағытталған қолдау аймақ басшысының қолдауымен жыл сайын артып келеді. Бұл қаражат соңғы екі жылда бірнеше есе өсті. Облыстық қоғамдық даму басқармасы мемлекеттік ақпараттық саясатқа арналған мемлекеттік тапсырыстарды өткізудің аймақтағы бірегей ұйымдастырушысы.
2026 жылға облыстық бюджеттен мемлекеттік ақпараттық тапсырысқа лимит шегінде 975 733,0 мың теңге бөлінді.
«Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ алаңында жыл басынан бері БАҚ өкілдерімен 119 брифинг, 15 баспасөз тур, 9 көшпелі брифинг ұйымдастырылды.