Тілдерді дамыту және ономастика бөлімінің 2026 жылғы ІІ тоқсанда атқарған жұмыстары туралы

    Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы

    Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы мен «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заң талаптарын іске асыру бағытында өңірде жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

    2026 жылғы І жартыжылдығында Тілдерді оқыту орталығы арқылы 282 адам (93 – мемлекеттік тіл, 91 – орыс тілі, 98 – ағылшын тілі) тілдік курстардан өтіп, сертификат алды. Сонымен қатар, 11 мекемеде тіл туралы заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіліп, анықталған кемшіліктер бойынша ұсынымдар берілді.

    «Аймақта мемлекеттік тіл саясатын іске асыру» әлеуметтік жобасы аясында «Жастар және мемлекеттік тіл» дебат турнирі және «Тіл Quiz» интеллектуалдық сайысы ұйымдастырылды.

    Есепті кезеңде 9 мекемеге оқу-әдістемелік құралдар таратылып, 5 мақала жарияланды. Қазақ тіліндегі интернет контентті арттыру мақсатында Уикипедияны толықтыру жұмыстары жалғасуда. Сондай-ақ, орталықтың әлеуметтік желілерінде «Сөзтүзер», «Ұлылар ұлағаты», «Трендтегі сленгтер», «Practical English» айдарлары тұрақты жүргізілуде.

    Есепті мерзімде облыстық ономастика комиссиясының І отырысы өткізілді.

    Сонымен қатар «Сыр өңірінің эргонимдері» әлеуметтік жобасы аясында Қызылорда қаласы мен барлық аудан орталықтарында зерттеу жүргізіліп, өңірдегі эргонимдерге қатысты материалдар жинақталды.

    Көрнекі ақпараттың заң талаптарына сәйкестігін зерделеу мақсатында 58 рейдтік іс-шара өткізіліп, 21 кәсіпкерлік субъектісіне заң бұзушылықтарды жою жөнінде ұсынымдар берілді. Сонымен қатар,
    6 кәсіпкерлік нысанға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар рәсімделді. Түсіндіру жұмыстарын күшейту мақсатында «Көрнекі ақпарат және заң» тақырыбындағы ақпараттық бейнеролик әзірленіп, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен таратылды.

    Ұқсас материалдар

    Хабарландыру

    Өңірлік тапсырысты орналастыру туралы ақпараттық хабар

    «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы» КММ интернет-ресурстар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды.

    Есеп

    БАҚ және интернет ресурстармен жұмыс бөлімінің 2026 жылдың ІІ тоқсанында атқарған жұмысы туралы

    Бүгінде облыстың медиа кеңістігінде 150 бұқаралық ақпарат құралы(13 мемлекеттік, 137 тәуелсіз) жұмыс жасайды. Оның ішінде, 120 баспа БАҚ, 27 интернет сайт пен ақпараттық агенттік, 3 телеарна. Олардың 138-і облыстық, 2-уі...

    Есеп

    Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы бойынша бюджет қаражатының 2026 жылдың IІ тоқсанына игерілуі туралы мәліметі (мың.теңге)

    Қызылорда облысының қоғамдық дамубасқармасы бойынша бюджет қаражатының 2026 жылдың II тоқсанына игерілуі туралы мәліметі (мың.теңге) Бюджеттік сыныптаманың кодтары Шығыстардың атауы Жылдық жоспар (мың. теңге) Есепті мер...

    Есеп

    2026 жылдың 2 тоқсанына арналған Азаматтық бюджет

    https://budget.egov.kz/material/material?id=4013991&govAgencyId=3672 https://budget.egov.kz/material/material?id=4013991&govAgencyId=3672 https://budget.egov.kz/material/material?id=4242881&govAgencyId=3672 h...

    Есеп

    Этносаралық қатынастар саласы бойынша 2026 жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстары туралы ақпарат

    Жыл басынан бері облысымызда этносаралық саладағы ахуал және этностық топтар арасындағы өзара қарым-қатынас тұрақты әрі қалыпты деңгейде сақталды. Этникалық белгілеріне сәйкес кикілжіңдер тіркелген жоқ. Соңғы статистикал...