«Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
25 маусым2026 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының 2025 жылғы 6 мамырдағы №48 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Талдау кезеңі: 2025 жылдың 1 шілде мен 2026 жылдың 31 мамыр айлары бойынша
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: «1» маусымы мен «30» маусым аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:
- Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
- Мүдделер қақтығысын реттеу;
- Мемлекеттік қызмет көрсету;
- Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
- Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру
- Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
- Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
- Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: «1» маусымы мен «30» маусым аралығы.
Талдау кезеңі: 2025 жылдың 1 шілде мен 2026 жылдың 31 мамыр айлары бойынша.
«Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі» ММ, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Т.Қарабалин көшесі 39.
- Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің штаттық құрылымы – 9. Атап айтқанда басшысы, 2 бас маман, статист, мұрағатшы, әдіскер, басшының хатшысы, курерь, автокөлік жүргізуші. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.
- Мүдделер қақтығысын реттеу жоқ
- Мемлекеттік қызмет көрсету
Қызылқоға аудандық жер қатынастары бөлімі, сәулет және қала құрылысы бөлімі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылғы министрінің 2020 жылғы 01 қазандағы №301 бұйрығы және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №750 бұйрығымен бекітілген келесідей мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
Мемлекеттік қызметтер e-license.kz және egov.kz веб порталдар арқылы және қағаз түрінде көрсетіледі.
2025 жылдың 1 шілде мен 2026 жылдың 31 мамыр айлары бойынша барлығы 3652 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде:
1) Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын бекiту - 194;
2) Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 10;
3) Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру – 0;
4) Жер учаскесінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау – 6;
5) «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру» - 1;
6) Ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға рұқсат беру – 0;
7) Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру – 0;
8) Жер учаскесін жекеменшікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеуге сату – 0;
9) Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 9;
10) Жер учаскесін алу үшін кезекке қою –3122;
11) Жер учаскесінің жалдау мерзімін ұзарту-40
12) Эскизді (эскиздік жобаны) келісуден өткізу -204
13) Құрылыс және реконструкция (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) жобаларын әзірлеу кезінде бастапқы материалдарды ұсыну -66
14) Қазақстан Республикасының аумағында жылжымайтын мүлік обьектілерінің мекенжайын айқындау бойынша анықтама беру-0
15) Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (ғимараттар мен құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру-23
Сонымен қатар, «Қызылқоға» газетіне 10 сәуір 2026 жылы №14(7478) санына «Жоба бекіту қалай жүзеге асады» тақырыбында мақала жарияланды.
4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру
Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.
- Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру- жоқ
6. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.
Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ конкурстық құжаттамалар, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.
Сонымен қатар, бөлімнің қызметкерлерін іс-сапарға жіберу кезінде жоғары органдардың хаттары негізінде жіберіліп, е-қызмет ақпараттық жүйесіне енгізіліп отыр.
- Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2025 жылдың 1 шілде мен 2026 жылдың 31 мамыр айлары айлары бойынша бөлімге е-өтініш ақпараттық жүйесімен аудан әкімдігі арқылы және бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 46 өтініш түсіп, ҚР Заңына сәйкес жауаптары мерзімінде берілді.
- Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы
Қызылқоға аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады. Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспары» жасақталып, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді, «Біржолғы ақшалай сыйақының мөлшері» тақырыбында түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында брошюралар таратылды. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл» атты мақала Қызылқоға ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсына және бөлімнің әлеуметтік желісіне жарияланды.
Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 2-15-18 бекітілген.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде :
І-тәуекел. Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы жер учаскесінің кескінін өзгерту бойынша жасырын қызмет көрсетіледі. Жер учаскесінің кескінін өзгертуге жер пайдаланушылары округ әкіміне өтініш жазады (сызбаларымен қоса). Округ әкімдері ұсыныспен бөлімге жолдайды. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпрациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Атырау облысы бойынша филиалы Қызылқоға аудандық бөліміненкелісім алу үшін жолданады. Мекемеден келген келісім негізінде жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын жасақтауға қорытынды беріледі. Келісім берілмеген жағдайда бас тарту хабарламасы жолданады. Жер пайдаланушымен окуруг әкімімен және жер қатынастары бөлімінің қызметкерлерімен байланыс орнату мүмкін. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдіктеріне алдын алу мақсатында мемлекеттік тізіміне енгізіп, қағида қабылдауды ұсынады.
ІІ- тәуекел Аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі арқылы жер учаскесін біріктіруге бойынша жасырын қызмет көрсетіледі.
Жер учаскесін біріктіруге жер пайдаланушылары округ әкіміне өтініш жазады (сызбаларымен қоса). Округ әкімдері ұсыныспен бөлімге жолдайды. Бөлімнен жер учаскесін біріктіруге Жер учаскелерін қалыптастыру жөнінде жерге орналастыру жобаларын жасақтауға қорытынды беріледі. Жоғарыда аталған қызметтер алу кезінде қандай құжаттар қажет, жер учаскесі қандай мақсатта біріктірілу қажет екендігін анықтау. Осыған байланысты сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдіктеріне алдын алу мақсатында мемлекеттік тізіміне енгізіп, қағида қабылдауды ұсынады.
Жоғарыда аталған қызметтер бойынша қағидаға енгізу үшін жоғары органға ұсыныс жолдау.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І. Кіріспе
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингтің мәні: Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингі жүргізілді: « Қызылқоға аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Т.Қарабалин көшесі 39.
электронды пошта: kizilkoga-jer @mail.kz байланыс нөмері 8/71238/2-15-18.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі: 1-30маусым аралығы.
- Бақыланатын кезең: 2025 жылдың 1 шілде мен 2026 жылдың 31мамыр айлары
ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:
- Мемлекеттік қызмет жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізуге;
2.Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындау;
3.Бөлімде Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының талаптарын сақталуын қадағалау;
- Жасырын көрсетілетін қызметтер бойынша қағидаға енгізу жөнінде жоғары органға ұсыныс жолдау;
Қызылқоға аудандық жер қатынастары сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы жұмысшы топтың жетекшісі |
Қ.Оразғалиев |
Қызылқоға аудандық жер қатынастары сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы |
С.Бағытжанов |
Қызылқоға аудандық жер қатынастары сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы |
Ж.Махметова |
Қызылқоға аудандық жер қатынастары сәулет және қала құрылысы бөлімінің әдіскер маманы |
А.Қуанов |