«Қызылқоға аудандық ішкі бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша
талдамалық
АНЫҚТАМА
30 маусым 2026 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының 2026 жылғы 18 мамырдағы №46 а «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде жүргізілді.
Талдау кезеңі: 2025 жылдың 1 шілде мен 2026 жылғы 31 мамыр аралығындағы қызметіне.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2026 жылдың 1 маусымынан бастап 30 маусым аралығы.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдаудың мәні:
- Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;
- Мүдделер қақтығысын реттеу;
- Мемлекеттік қызмет көрсету;
- Рұқсат беру функцияларын іске асыру;
- Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру;
- Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу;
- Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;
- Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы;
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.
«Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ, Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, А.Құнанбаев көшесі, №4.
- Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы
Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің штаттық құрылымы – 8. Атап айтқанда басшысы 1, 2 бас маман, статист-1, әдіскер- 1, басшының хатшысы- 1 (еңбек демалысында), архиовариус-1, автокөлік жүргізуші-1. Enbek.kz порталы арқылы 3 қызметкер жұмысқа қабылданды. Қазіргі уақытта хат тасушы 1 бос лауазым орын бар.
- Мүдделер қақтығысын реттеу жоқ
- Мемлекеттік қызмет көрсету
Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі мемлекеттік қызметтер көрсетпейді.
- Рұқсат беру функцияларын іске асыру
Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінде рұқсат беру функциялары жоқ.
- Бақылау-тексеру функцияларын іске асыру
Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөліміне аудан әкімінің, аудан әкімі орынбасарларының тікелей тапсырмаларының, аудан әкімдігі жанындағы комиссия отырысының шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2024 жылғы 9 қаңтардағы №687 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалатын тәртіппен және нысанда нақтыланады және бекітіледі, өзгерістер есепті кезең ішінде енгізіледі.
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілермен шарттар уақтылы жасалады. Бекітілген мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделмеген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алуға жол берілмейді.
Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде аффилирлену, бөлімнің басшы құрамының жақын туыстарының, жұбайларының немесе жекжаттарының әлеуетті өнім берушілердің өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысу фактілері анықталған жоқ.
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасау.
Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасалған жоқ.
Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі «Е-қызмет», «Е-өтініш», электрондық құжат айналымы, goszakup.ga.kz, esf.gov.kz, cabinet.kgd.gov.kz, cabinet.stat.gov.kz. budget.egov.kz. ақпараттық жүйелерімен және EPS, Mail.kz электорнды пошталарымен жұмыс жасайды.
Ұйымдастыру-басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
- 6. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.
Өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың барлық тәсілдері, сондай-ақ сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімді ашу, конкурс тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар Қазақстан Республикасының бірыңғай мемлекеттiк сатып алу веб-порталы арқылы ашық өткізіледі.
- Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
Көрсетілген мерзім ішінде, яғни 2025 жылдың 1 шілде мен 2026 жылғы 31 мамыр айлары бойынша бөлімге е-өтініш ақпараттық жүйесімен аудан әкімдігі арқылы жеке және заңды тұлғалардан 2 өтініш түсіп, ҚР Заңына сәйкес қанағаттандырылып, жауаптары мерзімінде берілді.
- Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы
Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады.
Мекеме ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасы тақырыбында ақпараттар, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналыстырылған. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың 2026 жылға арналған іс-шаралар жоспары» жасақталып, жоспарлы жұмыстар жүргізіліп келеді, «Біржолғы ақшалай сыйақының мөлшері» тақырыбында түсінік жұмыстарын жүргізу мақсатында брошюралар таратылды. Сонымен қатар, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға байланысты аудандық «Қызылқоға» газетінің №21 (7485) 29.05.2026 жылғы баспасының 4 бетіне, Қызылқоға ауданы әкімдігінің ресми интернет ресурсына және бөлімнің әлеуметтік желісіне «Әділ қоғам кепілі» атты мақала жарияланды.
Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды тіркейтін журнал жасақталып, сенім телефоны 2-15-12 бекітілген.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижесінде тәуекелдер анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І. Кіріспе
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингтің мәні: Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингі жүргізілді: «Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, А.Құнанбаев көшесі №4. Электронды пошта: [email protected] байланыс нөмері 8/71238/2-15-12.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі: 11-15 тамыз аралығы.
- Бақыланатын кезең: 2025 жылдың 1 шілде мен 2026 жылдың 31 мамыр айлары.
ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:
- Мемлекеттік қызмет жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізуге;
- Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындау;
- Бөлімде Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының талаптарын сақталуын қадағалау;
- Жасырын көрсетілетін қызметтер бойынша қағидаға енгізу жөнінде жоғары органға ұсыныс жолдау.
Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлім басшысының у.м.а, жұмысшы топтың жетекшісі |
Ж.Сәрсенова |
Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы |
Г.Маратова |
Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің әдіскер маманы |
Г.Қабидолла |
Қызылқоға аудандық ішкі саясат бөлімінің есепке алу статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманы, жұмыс тобының мүшесі |
А.Тасжанова |
«Қызылқоға» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, сарапшы |
Д.Ғұбайдуллин |