«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    ·

    «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша

    ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    1. Актінің жасалған күні, уақыты және орны: 06.2026 жыл сағат 11.00 де, Қызылқоға ауданы, Мұқыр ауылы.
    2. Бақылау және қадағалау органының атауы: Атырау облысы, Қызылқоға ауданы «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі.
    3. Негізге алынып тексеру жүргізілген тексеруды тағайындау туралы актінің жасалған күні мен нөмері: 2026 жылдың 28.05.2026 жылғы округ әкімінің №125 өкімі.

    «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі аудан әкімдігінің 2018 жылғы 26 қаңтардағы №14 қаулысымен алынған Ереженің негізінде жұмыс атқарады.

    1. Тексеру жүргізу мақсатында құрылған жұмысшы топ адамның (адамдардың) тегі, аты-жөні және лауазымы: Жұмыс тобының басшысы – Жақсиев Азамат Қонысұлы; округ әкімі аппаратының бас мамандары, Сарбаева Жанаргүл Жаңбырбекқызы, Нұрлыбаева Райхан Есқабылқызы, Нұрлан Аягүл Нұрланқызы, Нұрболат Масатұлы, Қондыбай Мөлдір Молдабайқызы, Мақсотов Естай Аманбайұлы.
    2. Тексерілетін субьектінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты:

    «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі, әкімі Жақсиев Азамат Қонысұлы .

    Жұмыс тобы төмендегідей ақпарат көздері бойынша талдау жүргізді:

    1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер;

    2) бөлімшеге қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері;

    3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар;

    4) бөлімшеге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері;

    5) прокурорлық қадағалау актiлерi;

    6) ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен жол берілген өзге де мәліметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің ақпарат көздері болып табылады.

    1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде штат саны –15 бірлікті құрайды. Атап айтқанда округ әкімі -1, бас мамандар – 6 адам, техникалық қызметкерлер саны 8 - адам жұмыс жасайды.

    «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық - басқарушылық қызметінде ағымдағы жыл ішінде кадрлардың ауысуы орын алды.

    29.08.2025 жылы округ әкімінің №237-ө өкімімен Аталикова Лаззат округ әкімі аппаратының бас маманы өз өтінішіне сәйкес басқа жұмысқа орналасуына байланысты лауазымынан босатылды.

    02.10.2025 жылы округ әкімінің №261-ө өкімімен Утепкалиева Айымгуль Салимгееревна 2025 жылдың 3 қазанынан бастап уақытша 3(үш) ай сынақ мерзімі негізінде округ аппаратының статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманы болып жұмысқа алынды.

    30.04.2026 жылы округ әкімінің №102-ө өкімімен Нұрадинова Арайлым Ермекқызы округ әкімі аппаратының бас маманы негізгі қызметкердің жұмысқа шығуына байланысты лауазымынан босатылды.

    30.04.2026 жылы округ әкімінің №103-ө өкімімен Сарбаева Жанаргуль Жанбырбекқызы 2026 жылдың 04 мамырынан бастап атқаратын жұмысына кірісті.

    05.05.2026 жылы округ әкімінің №107-ө өкімімен Мақсотов Естай Аманбайұлы округ әкімі аппаратының бас маман-есепшісінің міндеттерін уақытша атқарушы болып қабылданды.

    29.05.2026 жылы округ әкімінің №126-ө өкімімен Утепкалиева Айымгуль Салимгееревна округ әкімі аппаратының статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманы өз өтінішіне байланысты лауазымынан босатылды..

    30.06.2026 жылы округ әкімінің №153-ө өкімімен Бисенгалиев Дулат округ әкімі аппаратының күзетшісі зейнеткерлікке шығуына байланысты жұмыстан босатылды.

    1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің міндеттерінде:

    1) Қазақстан Республикасының Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарына, Үкімет қаулыларына, жоғары тұрған өкілетті және атқарушы органдардың, облыс, аудан, ауылдық округ әкімдерінің нормативтік құқықтық актілерін орындау мақсатында жұмысты ұйымдастыру;

    2) ауылдық округ әкімінің құқықтық актілер жобасын әзірлеу;

    3) Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін, арыздарын және шағымдарын тіркеу және қарау;

    4) «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімші болатын бюджеттік бағдарламалар жобаларын әзірлеу;

    5) әскери міндетті тұлғаларды, әскери учаскіге тіркелуге және шұғыл әскери қызметке шақырылуға жататын тұлғаларды есепке алу, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде әскери міндет және әскери қызмет, азаматтық қорғаныс, сондай-ақ, мобильді дайындық және мобилизация мәселелері бойынша жұмысты ұйымдастыру;

    6) аз қамтылған тұлғаларды анықтау, жұмыспен қамту, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, жалғыз басты қарттар және еңбекке жарамсыз адамдарға үйде көмек көрсету бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстарды енгізу бойынша жұмысты ұйымдастыру;

    7) шаруашылық есепке алуды жүзеге асыру;

    8) ауылдық округ аумағында орналасқан мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ұйымдары, мәдениет мекемелерінің қызметін қамтамасыз ету;

    9) ауылдық округ аумағында ветеринарлық-санитарлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ауыл шаруашылық малдарды сәйкестендіру жұмыстарын ұйымдастыру, сондай-ақ, ауылдық округ әкімі құзыреті шегінде ветеринарлық алдын алу іс-шараларын өткізу;

    10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мемлекеттік қызметтерді көрсету;

    11) «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау бойынша жұмысты ұйымдастыру;

    12) ауылдық округ аумағындағы маңызды мәселелерді шешу үшін ауылдық округ аумағында орналасқан елді мекендер тұрғындарының жиынын өткізеді. Жиындарда әкім төрағалық етеді, олардың шешімдеріне қол қояды және орындалуын қамтамасыз етеді;

    13) жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізуін ұйымдастыру көрсетілген.

    14). «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің өз қызметін атқаруда келесі нормативтік құқықтық актілерді қолданған:

    -Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек кодексі;

    -Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы Әдеп кодексі;

    -Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

    -Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы № 350-VI «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

    -Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 1 шілдедегі №106-VIII «Мемлекеттiк сатып алу туралы» заңы;

    -Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

    -Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221-III «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңы;

    15).«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық -басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

    Округте ҚР-ның «Мемлекеттік қызмет туралы» және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының,Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік этика ержелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып,осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу,жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook.instagram)жарияламау және сол сияқты құқық бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізілуде.

    Округте мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау,бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізу мен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының өзгерістерімен таныстырып отыру мақсатында олардың білімін жетілдіру,тәжірибелер алмасу мақсатында тұрақты білімін жетілдіру дәстүрге айналып отыр.

    Бюджетті жоспарлау:

    Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 16 қарашадағы «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Заңының 17-бабы 3 тармағына және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №271 «Ашық бюджеттер инернет-порталында ақпарат орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жергілікті мемлекеттік органдардың бюджеттік есептіліктерін, шоғырландырылған қаржы есептілікті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың нәтижелерін орналастыратын, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді көпшілікпен талқылауды өткізетін «Ашық бюджеттер» порталына «budget.egov.kz» орналастырылды.

    Бюджет қаржысын игеру:

    Округке бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды,қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша,Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп ,электрондық веб-порталда жарияланады.Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылды.

    Округте негізгі қызметін жүргізу мақсатында есепті мерзімде Баға ұсынысын сұрату тәсілменен кәзіргі уақытқа дейін – 2025 жылы- 15, 2026 жылы- 15 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді.

    16.«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілер сыбайлас жемқорлыққа тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталмады.

    17.«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде мүдделер қақтығысы орын алмаған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түспеген.

    1. «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың шілде айы мен 2026 жылдың маусым айы бойынша жалпы саны – 632 мемлекеттік қызметтер көрсетілген.
    2. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 22-бабына сәйкес барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субьектілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» ММ-і, Мұқыр орта мектебі, МКҚК «Алтын кілт» бөбекжай балалар бақшасы мекемесі, №2 ЖОББМ www. adaldyk.kz тіркелген.

    20.«Мұқыр ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың шілде айы мен 2026 жылдың маусым айы бойынша жеке тұлғалардан 18 өтініш түсіп, 18 өтінішке заң шеңберінде түсіндірілді.

    Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, арнайы журнал ашылған , 61-5-49 сенім телефондары жария етілген.

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

    ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының басшысы

    _____________________А.Қ.Жақсиев

    «____» _______________ 2026 жыл

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

    ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі

    _____________________ Ж.Ж.Сарбаева

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

    ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі

    _____________________ Р.Е.Нұрлыбаева

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

    ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі

    _____________________ Н.Масатұлы

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

    ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі

    _____________________ А.Нұрлан

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

    ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі

    _____________________ Е.А.Мақсотұлы

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне

    ішкі талдау жүргізген жұмыс тобының мүшесі

    _____________________ М.М.Қондыбай

    Жүктеу
    Справка о проведенном внутреннем анализе коррупционных рисков в государственном учреждении «Аппарат акима Мукурского сельского округа»
    Справка о проведенном внутреннем анализе коррупционных рисков в государственном учреждении «Аппарат акима Мукурского сельского округа»
    DOCX · 35 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    «Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды

    «Ұлттық қор - балаларға»: 62,7 млн АҚШ доллары тұрғын үйге және білім алуға жұмсалды 2026 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша бағдарлама іске қосылған 2024 жылғы 1 ақпаннан бастап нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалануға б...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Қызылқоға ауылдық округі әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама 30.06.2026 жыл Қарабау ауылы Кіріспе бөлімі: Сыбайлас жемқорлық тәуек...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жамбыл ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық

    Жамбыл ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама 30.06.2026жыл Қаракөл ауылы Кіріспе бөлімі: 1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талда...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі

    Саяси партияларға сайлаушылармен кездесуі үшін шарттық негізде берілетін үй-жайлардың тізімі № Қала және аудандар Үй-жайлар атауы Мекен-жайы, байланыс телефоны Жалдау туралы келісім шарт жасақтау орган атауы, байланыс т...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Көздіғара ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Көздіғара ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама 30 маусым 2026 жыл Қоныстану ауылы Кіріспе бөлімі: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қи...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Ойыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

    «Ойыл ауылдық округінің әкім аппараты» мемлекеттік мекемесіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА 20.06.2026 жыл Жасқайрат ауылы Атырау облысы, Қызылқоға ауданы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлас жемқорлықтан ада қоғам: мәдениетті сөзден іске көшірууақыты

    Сыбайлас жемқорлықтан ада қоғам: мәдениетті сөзден іске көшірууақыты Сыбайласжемқорлық – қоғамныңдамуынакедергікелтіретін, мемлекет пен халықарасындағысенімгенұқсанкелтіретінкелеңсізқұбылыс. Оғанқарсыкүрес тек заңнаманы...

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Тайсойған ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

    Тайсойған ауылдық округінің қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама Кіріспе бөлімі: 1Актініңжасалғанкүні, уақытыжәнеорны: 20.06.2026жылсағат 11.00 де, Қызы...

    Жарияланды: