«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша 2025 жылдың шілде - желтоқсан айлары мен 2026 жылдың 6 айы бойынша талдамалық
АНЫҚТАМА
2 шілде 2026 жыл
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2025 жылғы 16 мамырдағы №64 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығы негізінде 2026 жылдың 1-30 маусым аралығында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде 2025 жылдың 1 шілде мен 2026 жылдың 30 мамыр аралығындағы қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі -Талдау) жүргізілді.
Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:
Салықов Сәндібек Аманбайұлы |
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлім басшысы, жұмыс тобының төрағасы; |
Курмангазиева Гаухар Маликовна |
Бөлімнің бас маманы; |
Аязбайқызы Ақнұр |
Бөлімнің бас маманы; |
Жасталапова Мөлдір Асқарқызы |
Бөлімнің статистикалық есепке алу және есептілік жөніндегі маманы; |
Орынбасар Айдана Жанболатқызы |
Бөлімнің спорт жөніндегі әдіскері; |
- Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін айқындау.
Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің штаттық құрылымы – 19. Атап айтқанда 1 басшы, 2 бас маман, 1 әдіскер, 1 іс қағаз жүргізуші, 1 хат тасушы, 1 есепші, 1 тазалықшы, 1 автокөлік жүргізуші, 10 спорт нұсқаушысы. Қазіргі уақытта бос лауазымдық орын жоқ.
- Мүдделер қақтығысын реттеу.
Бөлімде 2025 жылдың шілде – желтоқсан айлары мен 2026 жылдың қаңтар – маусым айлары аралығында мекеменің қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне, ішкі талдау жүргізу кезінде құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ, мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
- Мемлекеттік қызмет көрсету
Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінде Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бөлімде келесідей мемлекеттік қызметтер көрсетіледі:
2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 2-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы, 3-ші жасөспірімдер разрядындағы спортшы спорттық разрядтарын және бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, спорт төрешiсi біліктілік санаттарын беру.
2025 жылдың шілде-желтоқсан айлары бойынша 5 мемлекеттік қызмет, 2026 жылдың қаңтар-маусым айлары бойынша барлығы 6 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның 4-уі құжаттарының дұрыс болмауына байланысты кері қайтарылды.
Оның ішінде:
- жылы
- 1-ші жасөспірімдер разрядты спортшы – 1;
- 2-ші жасөспірімдер разрядты спортшы – 1;
- 3-ші жасөспірімдер разрядты спортшы – 1;
- Біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы - 2;
- жылы
- Спорт төреші – 1;
- 1-ші жасөспірімдер разрядты спортшы – 1;
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің facebook парақшасына 23 қаңтар, 26 мамыр күндері мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мүмкіндігі туралы тиісті заңдылықтарын халыққа түсіндіру мақсатында ақпарат жарияланды.
7 мамыр күні аудан орталығында орналасқан "Арман" мәдениет үйінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша барлық бөлімдердің қатынасуымен «Қызмет алушылар күні» атты іс-шара өтті. Шарада аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша түсінік берілді.
Сондай-ақ "Ашық есік" күні онлайн режимде "Қызылқоға ауданы әкімдігі" фейзбук әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.
4.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатының жұмсалу ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды және көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдері Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Жыл сайын мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары бекітіліп, мемлекеттік сатып алудың веб-порталында жарияланады. Мемлекеттік сатып алулардың барлығы бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алудың барлық тәсілдері бойынша конкурстық құжаттама, сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландырулар, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамалары, мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамалар және заңнамада көзделген өзге де ақпарат Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алудың бірыңғай веб-порталы арқылы ашық түрде жарияланады.
2025 жылдың шілде–желтоқсан айлары аралығында мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің қорытындысы бойынша барлығы 20 келісімшарт жасалды. Ал 2026 жылы бөлімде мемлекеттік сатып алу бойынша 47 келісімшарт жасалды. Барлық мемлекеттік сатып алулар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу саласындағы қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес және бекітілген жылдық мемлекеттік сатып алу жоспары негізінде жүзеге асырылды. Есепті кезеңдерде мемлекеттік сатып алуды бір көзден алу тәсілімен келісімшарттар жасалған жоқ.
Бөлімнің қызметіне қатысты бюджет қаражатын жоспарлау және атқару жөніндегі ақпарат, азаматтық бюджет, бюджеттік бағдарламалар, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаға сәйкес жариялануға жататын өзге де мәліметтер «Ашық бюджет» порталында тұрақты түрде жарияланып отырады.
Бөлім қызметкерлерін іссапарға жіберу жоғары тұрған мемлекеттік органдардың хаттары мен тапсырмалары негізінде жүзеге асырылады. Іссапарға қатысты мәліметтер белгіленген тәртіппен «е-Қызмет» ақпараттық жүйесіне уақытылы енгізіліп отырады.
- Бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері
2025 жылдың шілде–желтоқсан айлары аралығында бөлімге барлығы 5 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 2 өтініш қанағаттандырылып, 3 өтініш бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірме берілді.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында «е-Өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы аудан әкімдігі арқылы бөлімге жеке және заңды тұлғалардан барлығы 13 өтініш келіп түсті. Оның ішінде 4 өтініш қанағаттандырылып, 8 өтініш бойынша түсіндірме берілді, ал 1 өтінішті өтініш беруші кері қайтарып алды.
Сонымен қатар, бөлімге 1 ұсыныс хат келіп түсті. Аталған хатқа белгіленген мерзімде жауап ұсынылмағандықтан, қызметтік тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша жауапты маманға қолданыстағы еңбек заңнамасына сәйкес тәртіптік жаза қолданылды.
- Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының сақталуы.
Бөлімде Қазақстан Респуликасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Заңының талаптары қатаң сақталады. Мекеме ғимаратында мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылған.
Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі орынға орналастырылған, 2-16-17 сенім телефоны орнатылған.
- Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудан туындайтын өзгеде мәселелер.
«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры лауазымына конкурс жариялау және комиссия құрамын құру туралы» Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2026 жылдың 11 ақпандағы №11а бұйрығымен конкурс комиссиясы құрылды. Конкурс «Қызылқоға» аудандық газетіне 2026 жылдың 13 ақпандағы №6(7470) басылымымен жарияланды.
«Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау жүргізу, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 70 бұйрығы негізінде конкурс рәсімдері жүргізілді. Қағиданың 2-тарау, 9-тармағына сәйкес, «Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ-нің 11.02.2026 жылғы №11а бұйрығымен конкурстық комиссия 5 адамнан құрылды.
«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің бос тұрған лауазымдық қызметіне кандидатурасына іріктеу 25 ақпан 2026 жылғы №1 хаттамасына сәйкес, Узганбаева Гулжамал Жолдаскалиевна мен Жексенов Мағжан Абызұлы комиссияға өтуіне рұқсат етілді.
«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымдарына орналастыруға арналған конкурстық комиссия отырысының 06 наурыз 2026 жылғы №2 хаттамасымен әңгімелесу жүргізілді. Яғни, әңгімелесу уақыты 1 күнге кешігіп өткізілді. Аталған рәсімдік кемшілікке жол берген жауапты хатшыға қатысты тәртіптік жаза қолдану мәселесі қаралған. Алайда, осы кезеңде жауапты хатшының жыл сайынғы еңбек демалысында болуына байланысты тәртіптік жаза қолданылмаған.
Бос тұрған лауазымға түскен үміткерлерге әңімелесу кезінде сұрақтар қойылды. Комиссия шешімімен бір ауыздан ашық дауыс беру арқылы бос тұрған лауазымға кандитатура ұсынылды. Комиссия мүшелерімен конкурсқа түскен үміткерлердің құжаттары қаралып, тиісті шешімдері шықты.
«Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры бос лауазымдарына орналастыруға арналған конкурстық комиссия отырысының 10 наурыз 2026 жылғы №3 хаттамасына сәйкес, комиссия шешімімен бос тұрған лауазымға Жексенов Мағжан Абызұлының кандидатурасы ұсынылды деп шешілді.
ҚР Еңбек Кодексінің 23-бабы, 1-тармағын, 1-тармақшасына және комиссия шешіміне сәйкес, бос тұрған орынға М.Жексенов тағайындалды.
Конкурс нәтижелерімен келіспеген екінші үміткер алдымен Қызылқоға аудандық әкімдігіне, кейін Атырау облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына әкімшілік талап қоюмен жүгінді. Сотта конкурстық комиссияның әрекеттері мен қабылдаған шешімдерінің заңдылығы қаралды.
Соттың шешімімен талап қоюшының талаптары қанағаттандырусыз қалдырылып, конкурстық комиссияның қабылдаған шешімдері заң талаптарына сәйкес қабылданғаны танылды. Осылайша, бөлімнің әрекеттері мен конкурстық комиссияның шешімдерінің заңдылығы сот тәртібімен расталды.
Жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде конкурстық рәсімдердің негізгі кезеңдері қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес ұйымдастырылып, өткізілгені анықталды. Конкурс өткізу барысында конкурс комиссиясының құрамы заңнама талаптарына сәйкес қалыптастырылған, конкурс туралы хабарландыру белгіленген мерзімде жарияланған, кандидаттардың құжаттары қабылданып, қаралған және конкурс кезеңдері заңнамада көзделген тәртіппен жүргізілген.
Анықталған кемшіліктің қайталануына жол бермеу мақсатында конкурстық рәсімдердің мерзімдерін қатаң сақтау, жауапты қызметкерлердің дербес жауапкершілігін күшейту, конкурстарды ұйымдастыру және өткізу барысында ішкі бақылау тетіктерін жетілдіру, сондай-ақ жауапты мамандарға қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру және олардың сақталуына тұрақты мониторинг жүргізу жөнінде ұйымдастырушылық шаралар қабылданды.
Жалпы алғанда, жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша конкурстық рәсімдерде жүйелі сипаттағы заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Алдағы уақытта конкурс өткізу рәсімдерінің ашықтығын, заңдылығын және мерзімдерінің сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар тұрақты бақылауда болады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің қорытындылары
І. Кіріспе
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингтің мәні: сыбайлас жемқорлыққа қарсы туындайтын жағдайларды анықтау.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы монитрингі жүргізілді: « Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі-2. Электронды пошта: [email protected] , байланыс нөмері 8/71238/2-18-57, 2-15-63;
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингті жүргізу кезеңі: 1-30 маусым аралығы.
- Бақыланатын кезең: 2025 жылдың шілде-желтоқсан айлары мен 2026 жылғы 6 айы бойынша.
ІІ. Ақпараттық – талдамалық бөлім
Мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметінде сыбайлас жемқорлықтың туындауының себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштері.
ІІІ. Қорытынды бөлім
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілері қабылдаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жақсарту бойынша ұсынымдар:
- Мемлекеттік қызмет жұмыстарын қатаң заңдылыққа сай жүргізуге;
- Бөлімге келіп түскен арыз-шағымдарды мерзімінде және сапалы орындау;
- Бөлімде Әдеп кодексі нормалары мен сыбайлас жемқорлық заңдарының талаптарын сақталуын қадағалау.
Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы |
С.Салықов |
Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, жұмысшы тобының мүшесі |
Г.Құрманғазиева |
Қызылқоға аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы, жұмысшы тобының мүшесі |
А.Аязбайқызы |
Бөлімнің статистикалық есепке алу жөніндегі маманы Бөлімнің спорт жөніндегі әдіскері |
М.Жасталапова А.Орынбасар |