«Шәкәрім университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Басқарма мүшесі – цифрландыру жөніндегі проректор бос лауазымына орналасуға конкурс

    Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

    «Шәкәрім университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесіБасқарма мүшесі – цифрландыру жөніндегі проректор бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды

    «Шәкәрім университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының мекенжайы: Семей қаласы, Глинка көшесі, 20А.

    Қызметтің негізгі мәні жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім берегу саласында білім беру қызметтерін ұсыну болып табылады.

    Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, білім беру және оқыту үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

    Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

    – жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

    – тиісті салалардың уәкілетті органдарында және (немесе) білім беру мекемелеріндегі басшылық қызметте 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі болуы.


    Конкурсқа қатысуға төмендегі тұлғалар жіберілмейді:

    – жиырма бес жастан кіші;

    – бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

    – өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;

    – медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;

    – Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

    Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:

    1. белгіленген нысандағы өтініш;

    2. конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    3. белгіленген үлгі бойынша 3x4 үлгідегі түрлі түсті суретпен конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;

    4. салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсына отырып білім туралы құжаттардың және қосымшалардың көшірмелері:

    – «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленген Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына түсетін білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі.

    – «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқу бітіргені туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

    – өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына түсетін білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

    5. жоғары оқу орнын/цифрландыру бағытын дамыту бағдарламасы;

    6. жұмыс орны (қолданыстағы не соңғы) бойынша кадр қызметі куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

    7. № 075/е нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби кеңес қорытындысы);

    8. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

    9. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;

    10. қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқ екенін растайтын құжат.

    Тиісті мемлекеттік органдар шектеу іс-шараларын жүзеге асырған, төтенше жағдай енгізілген, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған жағдайларда көрсетілетін қызметті алушылар, конкурсқа қатысушылар, 8, 9 және 10-тармақшаларда көрсетілген құжаттарды ұсынбайды.

    Конкурсқа қатысуға үміткер тұлғалар өздерінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіптік деңгейі мен беделіне қатысты қосымша ақпарат (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру туралы құжаттардың көшірмелері, мінездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және олардың кәсіби қызметін сипаттайтын өзге де мәліметтер) ұсына алады.

    Құжаттарды қабылдау мерзімі: Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.

    Конкурстың өткізілетін күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде Семей қ., Глинка к., 20А, №7 оқу ғимараты, 307 кабинет мекенжайы бойынша «Шәкәрім университеті» КеАҚ Персоналды дамытуды сүйемелдеу бөліміне немесе [email protected] электрондық поштасына ұсыну қажет. Анықтама үшін телефон +7 701 993 0010.

    Жүктеу
    7c512153fe6a6f4263d0d4cd87337748_original.21290.docx
    DOCX · 21 КБ
    Жүктеу
    2177f6a909e7aa257b45c9e97c6dedb8_original.13957.docx
    DOCX · 14 КБ
    Жүктеу
    b832c34b4dd053294142e53ba81df270_original.23092.docx
    DOCX · 23 КБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Ақпарат

    Ғылым саласындағы статистика

    2022 жылмен салыстырғанда елдегі ғалымдар саны шамамен 6 мың адамға артып, 28 374 адамға жетті. Жас зерттеушілердің үлесі 48%-ды құрайды, ғылыми ұйымдар қызметкерлерінің жалақысы 18%-ға өсті, 792 жас ғалым тұрғын үймен қ...

    Ақпарат

    Қазақстан Орталық Азиядағы жетекші академиялық орталық ретіндегі әлеуетін нығайтып келеді

    QS Insights Magazine журналында жарияланған «Kazakhstan’s Higher Education: Building Central Asia’s Leading Academic Ecosystem»атты жаңа мақалада Қазақстанның жоғары білім беру жүйесінің негізгі жетістіктері мен оның хал...

    Кесте

    Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесу өткізуінің 2026 жылдың екінші жартыжылдығына арналған графигі

    Ақпарат

    «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» цифрлық деректер қоры

    «Жоғары білім берудің бірыңғай платформасы» цифрлық деректер қоры – бұл Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі әзірлеген цифрлық база, ол еліміздің жоғары білім беру жүйесіне қатысты мәліметтерді бірі...

    Ақпарат

    Қазақстан адам дамуының деңгейі бойынша ТМД мен ОА елдері арасында көш бастап, әлемдегі үздіктер қатарына енді

    Қазақстан ТМД мен Орталық Азия елдері арасында сенімді түрде көш бастап тұр. 2023 жылғы көрсеткіштерге негізделген 2025 жылғы баяндама деректері бойынша Қазақстан 193 ел мен аумақ арасында 60-орында тұр. ҚР Адамның даму...

    Ақпарат

    Қазақстан студенттік қалалардың тартымдылығы бойынша Орталық Азиядағы көшбасшылығын растады

    Ақпарат

    Қызметіне өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі қатысатын халықаралық ұйымдардың тізбесі

    Ақпарат

    Қазақстанның ғылыми белсенділік пен жоғары білім берудің жаһандық рейтингтеріндегі позицияларын нығайту туралы ақпарат

    Қазақстан ғылыми белсенділік бойынша SCImago жаһандық рейтингінде Орталық Азияның көшбасшысы атанды https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/1164297?lang=kk ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ РЕКОРДЫ: ҚАЗАҚСТАН QS SUBJE...