Текелі қаласы әкімдігі

    Әкімдік туралы

    «Текелі қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік орган, қала әкімінің ұйымдастыру, құқықтық, ақпараттық-сараптамалық кеңестік және материалдық - техникалық қызметін қамтамасыз етуді жүргізеді.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    ОтырысАяқталды

    Құрметті Текелі қаласының тұрғындары!

    Жетісу облысының әкімі Бейбіт Өксікбайұлы Исабаев 2026 жылғы 11 маусымда сағат 10.30-да Текелі қаласындағы мәдениет үйі ғимаратының ( Тәуелсіздік көшесі, 11) 1-қабатында қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдайды. Қабылдауға облыс әкімі аппаратының азаматтар өтініштерінің қаралуын бақылау бөліміне 8 (7282) 40-25-06 телефон нөміріне хабарласу арқылы алдын ала жазыла аласыздар. Сондай-ақ сағат 11.00-де өңір басшысы Текелі қаласы мәдениет үйі ғимаратының (Тәуелсіздік көшесі, 11) 2-қабатында қала тұрғындарымен кездесу өткізеді. Облыс әкімінің халықпен кездесуінің тікелей көрсетілімі облыс әкімдігінің «Instagram» әлеуметтік желісіндегі «jetisu_akimdigi» парақшасында https://instagram.com/jetisu_akimdigi?igshid=YmMyMTA2M2Y = сілтемесі бойынша жүргізіледі.

    11 маусым 2026 ж.Тікелей

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Зейнетақы жинақтарының жай-күйін қалай тексеруге болады?

    Жауап

    Зейнетақы жинақтарының жай-күйін бірнеше тәсілмен тексеруге болады: 1. EgovKzBot2. 0 Тelegram-ботының көмегімен. Қызмет бөлімінде "БЖЗҚ салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат алу"тармағын таңдау қажет. Әрі қарай, сіз ақпарат алғыңыз келетін уақыт кезеңін көрсетіңіз және SMS-тен кодты енгізіңіз. Зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат бірнеше минуттан кейін поштаға жеткізілетін болады. Телеграм-боттың көмегімен қызметті алу үшін телефон нөмірі мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс. 2. Порталда egov.kz. авторизациядан кейін сіз азаматтар бөліміне өтуіңіз керек➡Әлеуметтік қамсыздандыру➡зейнетақымен қамсыздандыру➡Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірісті ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат беру. Бұдан әрі өтінімге ЭЦҚ-мен қол қою және ақпарат алғыңыз келетін уақыт кезеңін таңдау қажет. Дайын Ақпарат жеке кабинетке келіп түседі, онда зейнетақы аударымдары туралы ұсынылған ақпаратпен танысуға болады. Порталдың көмегімен қызметтерді алу үшін egov.kz ЭЦҚ болуы қажет.

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын үйге кезекке тұру үшін қайда бару керек және қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Жүгінудің екі жолы бар. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы құжаттардың толық пакетін ұсыну қажет. Қызметті алуда кезекке қою үшін құжаттарды беру кезінде уақытты үнемдеу үшін мемлекеттік қызметті онлайн алуға болады. Ол үшін осы сілтеме бойныша қажетті құжаттарды тіркеп өту және ЭЦҚ сұранысына қол қою қажет.

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттен тұрғын үйді қалай алуға болады немесе қандай жағдайда маған бас тартуы мүмкін?

    Жауап

    30 күнтізбелік күн ішінде сіз тұрғын үйді алуға кезекке қою туралы немесе бас тартудың негізді жауабы бар хабарлама аласыз. Хабарламада сіздің ағымдағы кезегіңіздің нөмірі көрсетілетін болады. Егер құжаттар онлайн берілсе – онда хабарлама сіздің жеке кабинетіңізге келеді, ал егер әкімдікте болса жеке өзіңіз ала аласыз немесе сізге почтамен жібереді. Тұрғын үйді онлайн алуға кезекті бақылау өте қолайлы. Ол үшін ЭЦҚ алудың қажеттілігі жоқ және құжаттардың қандай түрде берілгені маңызды емес. ЖСН және сіз кезекте тұрған аймақты көрсету жеткілікті. Кезек тәртібі өзгеруі мүмкін, оларға сәйкес тұрғын үй ұсынылатын азаматтардың үш тобы бар, (әр топ бойынша өз кезегі бар): Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне; жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Азаматтардың аталған санаттарының жиынтық орташа айлық кірісі тұрғынжай беру туралы өтініш жасау алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуға тиіс; халықтың әлеуметтік әлсіз топтары; мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ғарышкерлікке үміткерлер, ғарышкерлер және мемлекеттік сайланатын лауазымды атқаратындар; ҚР заңнамасымен белгіленген апатты тәртіптегі жалғыз тұрғын үйі бар азаматтарға. Жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органнан жалға алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді бірінші кезекте алу құқығына Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтары ие. Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларының 12-бабына сәйкес әкімдік жыл сайын тұрғын үй алуға кезектегілер тізімін жыл сайын жаңартады. Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған адамдардың тізімін өзектілендіру мақсатында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған Тұрғын үйге кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі арқылы автоматтандырылған режимде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізеді. Ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған не өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, өтініш берушіні жергілікті атқарушы органдар Мемлекеттік корпорация не портал арқылы тиісті құжаттарды жаңарту қажеттігі туралы ұялы телефонға sms-хабарлама арқылы хабардар етеді.

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кім үміткер бола алады?

    Жауап

    ҚР баспана алуға кезекке қою үшін тиісті елді мекенде тұрақты тұру қажет (тұру мерзміне қарамастан). Коммуналдық немесе мемлекеттік пәтерлер коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан мынадай тұлғаларға ұсынылады (әкімдіктер жалға алған пәтерлер, егер қорға кірсе): Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ( онлайн жеңілдіктердің болуы туралы анықтама алу *); жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға; "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Азаматтардың аталған санаттарының жиынтық орташа айлық кірісі тұрғынжай беру туралы өтініш жасау алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуға тиіс; республикалық бюджет туралы заңмен тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі күнкөріс мөлшерінен 3,1 есе төмен отбасының әр мүшесіне баспана ұсыну туралы жүгінер алдында соңғы он екі ай үшін жиынтық орташа айлық табысы бар халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына . Ең төменгі күнкөрістің 3,1 есе мөлшерінің коэффициенті жетім-балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және мүгедек балаларға қолданылмайды; мемлекеттік қызметкерлерге, бюджеттік ұйым қызметкерлеріне, әскери қызметкерлерге, ғарышкерлікке үміткерлерге және мемлекеттік сайлау лауазымындағыларға; ҚР заңнамасына белгіленген тәртіпте жалғыз баспанасы апатты жағдайда деп танылған азаматтарға. *Ескерту. Жеңілдіктердің болуы туралы анықтаманы (Ұлы Отан соғысына қатысушыларға, Чернобыль АЭС апатын жоюшыларға, әскери-интернационалистерге) онлайн алуға болады, ол үшін ЭЦҚ керек емес. Сіз туысқандарыңызға да көмектесесіз, себебі анықтаманы тек өзіңізге ғана емес, сонымен қатар туысқаныңызға да ала аласыз. Бұл жерде «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 69-бабына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж болып табыласыз, егер: коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан тұрғын үйді есепке қоюда және ұсыну сәтінде ҚР аумағында меншік құқығында тұрғын үй болмаса; есепке қойған кезде және мемлекеттік мекеменің тұрғын үй қорынан тұрғын үй берген кезде осы елдi мекенде меншiк құқығында тұрғын үйі болмаса; өздеріне берілген сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғынжайы болмаса; сіздің отбасыңыз тұрып жатқан баспана белгіленген санитарлық және техникалық талаптарға жауап бермесе; біріккен оқшауланбаған тұрғын бөлмелерде екі және одан да артық отбасы тұрса; сіздің отбасыңызда кейбір созылмалы аурулардың ауыр нысандарымен ауыратын науқастар болса (ҚР Үкіметінде бекітілген аурулардың тізімі бойынша), онда бір бөлмеде (пәтерде) бірге тұру мүмкін емес.

    ·
    Ақпарат

    Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру тәртібі

    Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауда дауыс беру тәртібі

    Жарияланды:
    Заң

    Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты Баланың құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасын бекіту туралы

    Балаларды саудалауға, балалар зинақорлығына және балалар порнографиясына қатысты Баланың құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасын бекіту туралы

    Жарияланды:
    Заң

    Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына байланысты Баланың құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасын бекіту туралы

    Балалардың қарулы жанжалдарға қатысуына байланысты Баланың құқықтары туралы конвенцияның факультативтік хаттамасын бекіту туралы

    Жарияланды:
    Заң

    Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралар туралы конвенцияны (182-конвенция) бекіту туралы

    Балалар еңбегінің ең жаман түрлеріне тыйым салу және жою жөніндегі шұғыл шаралартуралы конвенцияны (182-конвенция) бекіту туралы

    Жарияланды:
    Заң

    Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы

    Балаларды халықаралық ұрлаудың азаматтық-құқықтық аспектілері туралы конвенцияны ратификациялау туралы

    Жарияланды:
    Заң

    Ананы қорғау туралы 1952 жылғы (қайта қаралған) конвенцияны қайта қарау туралы конвенцияны ратификациялау туралы

    Ананы қорғау туралы 1952 жылғы (қайта қаралған) конвенцияны қайта қарау туралы конвенцияны ратификациялау туралы

    Жарияланды: