Мемлекеттен тұрғын үйді қалай алуға болады немесе қандай жағдайда маған бас тартуы мүмкін?

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттен тұрғын үйді қалай алуға болады немесе қандай жағдайда маған бас тартуы мүмкін?

    Жауап

    30 күнтізбелік күн ішінде сіз тұрғын үйді алуға кезекке қою туралы немесе бас тартудың негізді жауабы бар хабарлама аласыз. Хабарламада сіздің ағымдағы кезегіңіздің нөмірі көрсетілетін болады. Егер құжаттар онлайн берілсе – онда хабарлама сіздің жеке кабинетіңізге келеді, ал егер әкімдікте болса жеке өзіңіз ала аласыз немесе сізге почтамен жібереді.

    Тұрғын үйді онлайн алуға кезекті бақылау өте қолайлы. Ол үшін ЭЦҚ алудың қажеттілігі жоқ және құжаттардың қандай түрде берілгені маңызды емес. ЖСН және сіз кезекте тұрған аймақты көрсету жеткілікті.

    Кезек тәртібі өзгеруі мүмкін, оларға сәйкес тұрғын үй ұсынылатын азаматтардың үш тобы бар, (әр топ бойынша өз кезегі бар):

    Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне;

    жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;

    "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына беріледі. Азаматтардың аталған санаттарының жиынтық орташа айлық кірісі тұрғынжай беру туралы өтініш жасау алдындағы соңғы он екі айда отбасының әрбір мүшесіне республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төмен күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшерінен төмен болуға тиіс;

    халықтың әлеуметтік әлсіз топтары;

    мемлекеттік қызметкерлер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметкерлер, ғарышкерлікке үміткерлер, ғарышкерлер және мемлекеттік сайланатын лауазымды атқаратындар;

    ҚР заңнамасымен белгіленген апатты тәртіптегі жалғыз тұрғын үйі бар азаматтарға.

    Жеке меншік тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы органнан жалға алынған мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді бірінші кезекте алу құқығына Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, жетiм балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көпбалалы аналарға, көпбалалы отбасыларға жататын Қазақстан Республикасы азаматтары ие.

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларының 12-бабына сәйкес әкімдік жыл сайын тұрғын үй алуға кезектегілер тізімін жыл сайын жаңартады.

    Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұрған адамдардың тізімін өзектілендіру мақсатында ауданның, облыстық маңызы бар қаланың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған Тұрғын үйге кезекте тұрғандарды есепке алудың бірыңғай ұлттық жүйесі арқылы автоматтандырылған режимде коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған Қазақстан Республикасы азаматтарының кезектілік тізіміне жыл сайын түгендеу жүргізеді.

    Ақпараттық жүйеде мәліметтер болмаған не өтініш беруші мен оның отбасы мүшелері туралы мәліметтер өзгерген жағдайда, өтініш берушіні жергілікті атқарушы органдар Мемлекеттік корпорация не портал арқылы тиісті құжаттарды жаңарту қажеттігі туралы ұялы телефонға sms-хабарлама арқылы хабардар етеді.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Зейнетақы жинақтарының жай-күйін қалай тексеруге болады?

    Жауап

    Зейнетақы жинақтарының жай-күйін бірнеше тәсілмен тексеруге болады: 1. EgovKzBot2. 0 Тelegram-ботының көмегімен. Қызмет бөлімінде "БЖЗҚ салымшысының (алушысының) зейнетақы жинақтарының (инвестициялық кірістерін ескере отырып) жай-күйі туралы ақпарат алу"тармағын таңдау қажет. Әрі...

    ·
    Сұрақ

    Тұрғын үйге кезекке тұру үшін қайда бару керек және қандай құжаттар қажет?

    Жауап

    Жүгінудің екі жолы бар. "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы құжаттардың толық пакетінұсыну қажет. Қызметті алуда кезекке қою үшін құжаттарды беру кезінде уақытты үнемдеу үшін мемлекеттік қызметті онлайн алуға болады. Ол үші...

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кім үміткер бола алады?

    Жауап

    ҚР баспана алуға кезекке қою үшін тиісті елді мекенде тұрақты тұру қажет (тұру мерзміне қарамастан). Коммуналдық немесе мемлекеттік пәтерлер коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жеке тұрғын үй қорынан мынадай тұлғаларға ұсынылады (әкімдіктер жалға алған пәтерлер, егер қорға кірсе...

    ·