Текелі энергокешенінің инвестициялық бағдарламасы таныстырылды

    1 / 6

    Текелі энергокешенінің инвестициялық бағдарламасы таныстырылды

    12 қазанда, дүйсенбі күні, Текелі қаласында «Текелі энергокешені» ЖШС-ның инвестициялық бағдарламасын іске асыру барысына арналған баспасөз туры өтті. Оған Жетісу облысы бойынша Табиғи монополияларды реттеу комитеті департаментінің өкілдері, тәуелсіз сарапшылар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

    «Текелі энергокешені» ЖШС жылу энергиясын өндіру, беру, бөлу және жабдықтау қызметтерін көрсетеді. Кәсіпорынның 2024–2028 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасы аясында Чажа өзеніндегі су алу құрылыстарынан Жағалау сорғы станциясына дейінгі өздігінен ағатын су құбырының жерасты бөлігін төрт кезеңмен ауыстыру көзделген.

    Биыл «Айрон Снаб» ЖШС-мен диаметрі 920×10 мм болат құбырларды жеткізу бойынша шарт жасалды. Қазіргі уақытта құбырларды жеткізу және оларды 2027 жылы ауыстыру жоспарланған учаскеге жақын алаңға түсіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Баспасөз туры инвестициялық бағдарламаның жүзеге асу барысын таныстыру және табиғи монополия субъектісі қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында өтті.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Текелі қаласы әкімдігі" жаңалықтары