Қызметкерлер — "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі

    "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Рыспеков Қанат Сағымканұлы
    Әкім

    Рыспеков Қанат Сағымканұлы

    Еркін ауылдық округінің әкімі

    Қанат Сағымқанұлы Рыспеков 1980 жылы 22 қазанында Алматы облысы, Қапал ауданы, Қапал ауылында дүниеге келді. 1997 жылы Е.Жайсанбаев атындағы орта мектепті бітірді. 1997-2002 жылдары Алматы қаласындағы ҚазҰАУ «Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау» мамандығы бойынша бітірді. 2002-2004 жылдары Қаз ЕА және ӘҚ заңгер мамандығы бойынша білім алды. Тұрмыстық жағдайы – үйленген, 2 бала тәрбиелеп отыр. Спортпен айналысады. 2002 жылдан 2012 жылға дейін Алматы облысы ІІД қызмет атқарды. 2013 жылдың қараша айынан 2014 жылдың қараша айына дейін «Талдықорған қаласы Еркін селолық округінің әкімі аппараты» ММ-де ТҮҚШ бөлімінің басшысы болды. 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап Еркін ауылы әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 2020 жылдың 01 маусымында Еркін ауылдық округінің әкімі болып сайланды.

    Басқа қызметкерлер

    4
    Болатұлы Самат
    Әкімінің орынбасары

    Болатұлы Самат

    Еркін ауылдық округі әкімінің орынбасары

    1992 жылдың 2 шілдесінде Талдықорған облысы, Көксу ауданы, Талапты ауылында дүниеге келді. Білімі жоғары. 2010 - 2014 ж. ақпараттық жүйелер мамандығы бойынша Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірді. 2014 - 2016 ж. І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша аяқтаған. Үйленген, үш баласы бар. Футбол спорт түрімен шұғылданады.

    Анарбекова Жанат Халықбекқызы
    Басшы

    Анарбекова Жанат Халықбекқызы

    Ауыл шаруашылық бөлімшесінің басшысы

    Жанат Халықбекқызы Анарбекова - 1985 жылы 12 маусым Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылында дүниеге келді. 2003-2008 жж. Талдықорған қаласындағы «Жетісу Мемлекеттік Университетінде» тарих мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі берілді. 2009-2012 жж. Алматы қаласындағы «Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар» Академиясының құқықтану мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі берілді. Волейбол, жүгіру спорт түрімен айналысады.

    Дакеева Жанар Жанатқызы
    Бастық

    Дакеева Жанар Жанатқызы

    Қаржы, экономика және салық бөлімшесінің басшысы

    Жанар Жанатқызы Дакеева 1991 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылында дүниеге келді. 2007 жылы Талдықорған қаласында № 8 В.Островский атындағы орта мектепті бітірді. 2007-2010 жылдары "Талдықорған экономика-технологиялық колледжін" бітірді. 2010-2013 жылдары Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясында экономика,бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша білім алды. Тұрмыс құрған, 2 бала тәрбиелеп отыр. Спортпен және жүзумен айналысады.

    Жетпісбай Нұрлан Айдарұлы
    Басшы

    Жетпісбай Нұрлан Айдарұлы

    "Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімшесінің басшысы

    26.11.1993 жылы Жетісу облысы, Кербұлақ ауданы, Қоғалы ауылында дүниеге келген. Білімі жоғары. 2018 жылы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің электр энергетикасы маманды бойынша білім алды. Үйленген. Бос уақытында футбол ойнайды.

    Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық