
Дакеева Жанар Жанатқызы
Қаржы, экономика және салық бөлімшесінің басшысы
Өмірбаян
Жанар Жанатқызы Дакеева 1991 жылы 28 қыркүйекте Алматы облысы, Көксу ауданы, Балпық би ауылында дүниеге келді. 2007 жылы Талдықорған қаласында № 8 В.Островский атындағы орта мектепті бітірді. 2007-2010 жылдары "Талдықорған экономика-технологиялық колледжін" бітірді. 2010-2013 жылдары Ө.А.Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясында экономика,бухгалтерлік есеп және аудит мамандығы бойынша білім алды. Тұрмыс құрған, 2 бала тәрбиелеп отыр. Спортпен және жүзумен айналысады.
26.08.2015 -02.10.2016 жж." Талдықорған қаласының Өтенай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, қаржы, экономика және салық бөлімшесінің жетекші маманы.
03.10.2016 жылдан «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, қаржы, экономика және салық бөлімшесінің басшысы болып тағайындалды.


