
Анарбекова Жанат Халықбекқызы
Ауыл шаруашылық бөлімшесінің басшысы
Өмірбаян
Жанат Халықбекқызы Анарбекова - 1985 жылы 12 маусым Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Дарбаза ауылында дүниеге келді.
2003-2008 жж. Талдықорған қаласындағы «Жетісу Мемлекеттік Университетінде» тарих мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі берілді.
2009-2012 жж. Алматы қаласындағы «Қазақ Еңбек және Әлеуметтік Қатынастар» Академиясының құқықтану мамандығы бойынша бакалавр академиялық дәрежесі берілді. Волейбол, жүгіру спорт түрімен айналысады.
02 наурыз 2015 жылы «Талдықорған қаласының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-де техникалық инспектор ретінде жұмысқа қабылданды.
13.12.2021- 17.03.2023 жылы «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімшесінде жетекші маманы лауазымына тағайындалды.
17.03.2023 жылы «Талдықорған қаласы Еркін ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің ауыл шаруашылық бөлімшесінің басшысы лауазымына тағайындалды.


