Жетісу облысы Сарқан ауданы Қарашыған ауылдық округі әкімінің аппараты

    Ауыл әкімінің аппараты туралы

    "Сарқан ауданы Қарашыған ауылдық округі әкімінің аппараты" (бұдан әрі – Әкімнің аппараты) ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық -талдау тұрғысынан, ұйымдық -құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етілуін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады. Әкімнің аппаратында ведомстволары жоқ.Әкімнің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқытық актілерге,сондай-ақ ережеге сәйкес жүзеге асырады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ашу

    Қарашыған ауылдық округінде ауыл әкімі мен учаскелік полиция инспекторының қатысуымен «Заң мен тәртіп» қағидаты және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Ашу

    Қарашыған ауылдық округінің М.Төлебаев ауылында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында өрт сөндіру бекетінің ашылу салтанаты өтті.

    Ашу

    "Заң және әр - қадам кепілі» Мұқан Төлебаев ауылдық мәдениет үйінде мекеме қызметкерлерінің бірлесуімен «Заң және тәртіп» тақырыбын арқау ете отырып, «Діни экстремизмге жол жоқ!» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.

    Ашу

    ӨНЕРДІҢ ӨНЕГЕСІ - ҰРПАҚҚА АМАНАТ Мұқан Төлебаев ауылдық мәдениет үйінде мекеме басшысы Қасымов Дәулет Задашұлының бастамасымен қазақ мәдениеті мен әдебиетіне өзіндік үлес қосқан қаламгер Зылиха Тамшыбаеваның шығармаларын таныстыруға арналған танымдық мәдени шара өтті.

    Ашу

    2026 жылдың 16 сәуір күні Қарашыған ауылдық округінің әкімшілігінде "Заң мен тәртіп - қоғам негізі" тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Қоғамдағы құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шара. Оның негізгі мақсаты - заңның маңызын түсіндіру, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін талқылау және тәртіптің қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі рөлін көрсету. Қорытындысында, заң мен тәртіпті сақтау - әрбір азаматтың борышы екені және ол қоғамның дамуы мен өркендеуінің басты негізі екені атап өтілді.

    Ашу

    «Заң мен тәртіп» акциясы аясында Қарашыған ауылдық округі әкімшілігінде учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Ержан Жандос Серікжанұлы мекеме қызметкерлері мен ауыл тұрғындары арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Іс-шара барысында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқықбұзушылықтың алдын алу, интернет-алаяқтықтан сақтану және тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына заң талаптарын сақтау мен қауіпсіздік шараларын күшейтудің маңыздылығы айтылып, қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді.