Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы

    Басқарма туралы

    «Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі қандай?

    Жауап

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1-бабымен реттелген. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште не «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді. Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім осы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.

    ·
    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларының 28-тармағына сәйкес комиссияның қорытындысы шыққаннан кейін Қазақстан Республикасы азаматтарының және оралмандардың өтініштері арнайы есепке қойылып, бөліп берілетін алаңдардың дайын болуына қарай жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған жағдайда кезегіне қарай қанағаттандырылады. Жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін берілетін алаңдар елдi мекеннiң егжей-тегжейлi жоспарлау жобасына немесе бас жоспарына сәйкес бөлінеді. Бұдан бөлек, жер заңнамаларында жер учаскелерінің бөліну кезінде жеңілдіктер қарастырылмаған және кезекте тұрған азаматтардың құқығы тең болып саналады.

    ·
    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру Жер кодексінің 43-1-бабында белгіленген тәртіппен конкурс негізінде жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы орган жер учаскелерінің тізбесін дайындайды және хабарландыруды қалыптастырады. Жергілікті атқарушы органдар шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты өткізу туралы хабарламаны тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның интернет-ресурсында жариялауды жүзеге асырады. Бұқаралық ақпарат құралдарында конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің тізбесі жарияланған күннен бастап, Қазақстан Республикасының азаматтары конкурсқа қатысу үшін өтінім берулеріне болады. Ауыл шаруашылығы мақсатына арналған жер учаскелері жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылған конкурстар негізінде беріледі.

    ·
    Анықтама

    Жетісу облысы жер қатынастары басқармасының ІI тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

    1) Ережеге сәйкес Облыстың жер қатынастары басқармасына бақылау функциялары берілмеген. Осыған байланысты Басқарма бақылау іс-шараларын жүргізбейді. 2) Басқарма Мемлекеттік қызметтерді «Е-Лицензиялау МДҚ» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырады және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер толығымен автоматтандырылған. Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап Жер қатынастары саласындағы жаңа мемлекеттік қызметтер туралы мақала басқарманың интернет ресурсында жарияланды. (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysuland/documents/details/961743?lang=kk) Мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры толығымен онлайн-форматқа көшіріледі(https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysuland/press/news/details/1243729?lang=kk) 2026 жылдың ІI тоқсанында басқарма 4 мемлекеттік қызмет көрсетті (бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру). Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде тіркелген жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы саны 15-ні құрайды, оның ішінде: жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту; жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру; іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру; ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру; кент, ауылдық жерлерден жер учаскесін беру; Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу; жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау; бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру; жер учаскесін жеке меншікке бөліп-бөліп сату; жер учаскесін алуға кезекке қою; жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту; Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу; жер учаскесін жалдау шартының төлнұсқасын беру туралы; Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру; Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу. Мемлекеттік қызметтер жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетілді; Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар болған жоқ. Сондай-ақ, басқармада ведомстволық бағынысты ұйымдар жоқ екенін қосымша хабарлаймыз.

    Жарияланды: