Жетісу облысы жер қатынастары басқармасының ІI тоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы

    ·

    1) Ережеге сәйкес Облыстың жер қатынастары басқармасына бақылау функциялары берілмеген.

    Осыған байланысты Басқарма бақылау іс-шараларын жүргізбейді.

    2) Басқарма Мемлекеттік қызметтерді «Е-Лицензиялау МДҚ» ақпараттық жүйесінде жүзеге асырады және жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтер толығымен автоматтандырылған.

    Сонымен қатар, 2026 жылдан бастап Жер қатынастары саласындағы жаңа мемлекеттік қызметтер туралы мақала басқарманың интернет ресурсында жарияланды.

    (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysuland/documents/details/961743?lang=kk ) Мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры толығымен онлайн-форматқа көшіріледі (https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysuland/press/news/details/1243729?lang=kk)

    2026 жылдың ІI тоқсанында басқарма 4 мемлекеттік қызмет көрсетті (бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру).

    Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінде тіркелген жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жалпы саны 15-ні құрайды, оның ішінде:

    жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

    жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру;

    іздестіру жұмыстары үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру;

    ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екінші түрге ауыстыруға түпкілікті шешім беру;

    кент, ауылдық жерлерден жер учаскесін беру;

    Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды)өткізуді талап етпейтін, мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу;

    жер учаскелерінің бөлінгіштігі мен бөлінбейтіндігін анықтау;

    бұзылған жерлерді қалпына келтіру жобасын келісу және беру;

    жер учаскесін жеке меншікке бөліп-бөліп сату;

    жер учаскесін алуға кезекке қою;

    жер учаскесін жалдау мерзімін ұзарту;

    Республикалық маңызы бар қала, астана, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар шегінде жер учаскесіне құқықтар алу;

    жер учаскесін жалдау шартының төлнұсқасын беру туралы;

    Құрылысты пайдалануға бергеннен кейін бұрын жалға берілген жер учаскесіне жеке меншік құқығын беру;

    Ортақ үлестік меншіктегі немесе ортақ үлестік жер пайдаланудағы жер учаскесіндегі жер үлесін ресімдеу.

    Мемлекеттік қызметтер жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес көрсетілді;

    Есепті кезеңде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына шағымдар болған жоқ.

    Сондай-ақ, басқармада ведомстволық бағынысты ұйымдар жоқ екенін қосымша хабарлаймыз.

    Жүктеу
    bda57e8dcb8cc30918b7be2df8961dcc_original.30008.docx
    DOCX · 29 КБ
    Жүктеу