Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі қандай?

    Жетісу облысының жер қатынастары басқармасы

    Сұрақ

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі қандай?

    Жауап

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту тәртібі Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 49-1-бабымен реттелген.

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге мүдделі жеке және заңды тұлғалар жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қағаз жеткізгіште не «электрондық үкімет» веб-порталы немесе Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш береді.

    Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы шешім осы Жер кодексінің 43-бабының 2-тармағына сәйкес құрылатын комиссияның қорытындысы негізінде қабылданады.

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін қалай алуға болады?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі м.а 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығымен бекітілген жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқық беру қағидаларының 28-тармағына сәйкес комиссияның қорытындысы шыққаннан кейін Қазақстан Республикасы азаматтарының және о...

    Сұрақ

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қалай алуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер учаскелерін шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін беру Жер кодексінің 43-1-бабында белгіленген тәртіппен конкурс негізінде жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы орган жер учаскелерінің тіз...