Қызметкерлер — Жетісу облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы

    Жетісу облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    1
    Нұржанов Даркен Нұржанұлы
    Басқарма басшысы

    Нұржанов Даркен Нұржанұлы

    Басқарма басшысы

    Дәркен Нұржанұлы 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ Ұлттық Техникалық Университетін, Қазақ аграрлық университетін, Тараз мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша - полиграфия өндірісінің технологы, заңгер, сәулетші. Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі, Сәулетшілер одағының вице-президенті.

    Сәулет және қала құрылысы

    Басқа қызметкерлер

    2
    Жанабай Асанәлі Мамырханұлы
    Бөлім басшысы

    Жанабай Асанәлі Мамырханұлы

    Бөлім басшысы

    Жанабай Асанәлі Мамырханұлы 1995 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Білімі: Жоғары. 2017 жыл – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, геодезия картография бакалавры; 2018 жыл-Жетісу мемлекеттік университеті. И. Жансүгірова, құқық магистрі. Мансап Еңбек жолын 2017 жылы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының Әкімшілік-шаруашылық қамтамасыз ету және Мемлекеттік сатып алу бөлімінің маманы болып бастаған. 22.12.2017 - 06.09.2020 жж - "Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" мемлекеттік мекемесі, бас жоспарлар және аумақтарды салу бөлімінің жетекші маманы. 10.09.2020 - 11.02.2021 жж. - Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті балық ресурстарын қорғау және балық шаруашылығын реттеу басқармасының бас сарапшысы. 12.02.2021 - 10.05.2021 жж.- Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар басқармасының бас сарапшысы. 10.06.2021 - 05.07.2022 жж. - Талдықорған қаласы әкімі аппаратының Жер мәселелері жөніндегі бас инспекторы. 05.07.2022 - 10.08.2022 жж. - Талдықорған қаласының Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімі басшысының орынбасары. 2022 жылдың 06 қыркүйегінен бастап "Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы" сәулет қызметі және бас жоспарлар бөлімінің басшысы лауазымына тағайындалды.

    Сәулет және қала құрылысы
    Мекебекұлы Сабыржан
    Бөлім басшысы

    Мекебекұлы Сабыржан

    Бөлім басшысы

    Мекебекұлы Сабыржан 1996 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Білімі: Жоғары. 2017 жылы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін құрылыс (техника және технология бакалавры) мамандығы бойынша бітірген. 2019 жылы – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін құқықтану (құқық магистрі) мамандығы бойынша бітірген. Мансап Еңбек жолын 2019 жылдың 15 сәуірінен бастап «Алматы облысының құрылыс басқармасы» ММ-де басшының хатшысы болып бастады, Алматы облысы, Талдықорған қаласы. 2020 жылғы 13 қарашадан 2022 жылғы 9 шілдеге дейін «Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де қалақұрылысы қызметін ақпаратпен қамтамасыз ету және мониторинг бөлімінің және қалақұрылыс қызметін қамтамасыз ету бөлімінің жетекші, бас маманы болып лауазымын атқарған, Алматы облысы, Талдықорған қаласы. 2022 жылдың 10 шілдесінен 2023 жылдың 2 қазанына дейін «Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де сәулеттік қызмет және бас жоспарлар бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы. 2024 жылғы 14 ақпаннан 2024 жылғы 26 наурызға дейін «Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де статист болып жұмыс істеді, Жетісу облысы, Талдықорған қаласында. 2024 жылғы 27 наурыздан 2025 жылғы 9 маусымға дейін «Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де сәулеттік қызмет және бас жоспарлар бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы. 2025 жылғы 10 маусымнан бастап «Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де қала құрылысы қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып тағайындалды, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы.

    Сәулет және қала құрылысы