Мекебекұлы Сабыржан

    Бөлім басшысы

    Мекебекұлы Сабыржан
    Руководитель отдела

    Мекебекұлы Сабыржан

    Бөлім басшысы

    Өмірбаян

    Мекебекұлы Сабыржан 1996 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

    Білімі: Жоғары.

    2017 жылы – Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін құрылыс (техника және технология бакалавры) мамандығы бойынша бітірген.

    2019 жылы – І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін құқықтану (құқық магистрі) мамандығы бойынша бітірген.

    Мансап

    Еңбек жолын 2019 жылдың 15 сәуірінен бастап «Алматы облысының құрылыс басқармасы» ММ-де басшының хатшысы болып бастады, Алматы облысы, Талдықорған қаласы.

    2020 жылғы 13 қарашадан 2022 жылғы 9 шілдеге дейін «Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де қалақұрылысы қызметін ақпаратпен қамтамасыз ету және мониторинг бөлімінің және қалақұрылыс қызметін қамтамасыз ету бөлімінің жетекші, бас маманы болып лауазымын атқарған, Алматы облысы, Талдықорған қаласы.

    2022 жылдың 10 шілдесінен 2023 жылдың 2 қазанына дейін «Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де сәулеттік қызмет және бас жоспарлар бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы.

    2024 жылғы 14 ақпаннан 2024 жылғы 26 наурызға дейін «Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де статист болып жұмыс істеді, Жетісу облысы, Талдықорған қаласында.

    2024 жылғы 27 наурыздан 2025 жылғы 9 маусымға дейін «Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де сәулеттік қызмет және бас жоспарлар бөлімінің бас маманы лауазымын атқарған, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы.

    2025 жылғы 10 маусымнан бастап «Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ-де қала құрылысы қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы болып тағайындалды, Жетісу облысы, Талдықорған қаласы.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері