
Өмірбаян
Дәркен Нұржанұлы 1981 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақ Ұлттық Техникалық Университетін, Қазақ аграрлық университетін, Тараз мемлекеттік университетін бітірген. Мамандығы бойынша - полиграфия өндірісінің технологы, заңгер, сәулетші.
Қазақстан Республикасының құрметті сәулетшісі, Сәулетшілер одағының вице-президенті.
Еңбек жолын 2001 жылы Алматы қаласында «Қазақстанның жастар ақпарат қызметі» қоғамдық қорының нұсқаушысы болып бастаған.
Әр жылдары Қарасай ауданында учаскелік сәулетші, сәулетші, инженер, аға инженер, тұрғын үйлердің құрылысын бақылау секторының, жобалау геодезия бөлімінің меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Кейіннен Астана қаласында "ҚазҒЗСТҚСК" РМК қалақұрылысы жобалары бөлімінің маманы, Алматы облыстық құрылыс басқармасының бас маманы, Астана қаласында "Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау, қадағалау, лицензиялау және аттестациялау департаменті» ММ Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының сарапшысы, ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында сарапшы, бас сарапшы, Алматы облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары, басшысы, Талғар ауданы әкімінің орынбасары, Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
2022 жылдың тамыз айынан Жетісу облысының сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.