Қызметкерлер — «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылык, кәсіпкерлік және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

    «Солтүстiк Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылык, кәсіпкерлік және ветеринария бөлiмi» коммуналдық мемлекеттік мекемесі басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    2
    Дүйсембеков Рүстем Жанатұлы
    Қызметкерлер

    Дүйсембеков Рүстем Жанатұлы

    "Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және ветеринария бөлімі" КММ басшысы

    1963 жылы 5 наурызда Ақмола облысы, Еңбекшілдер ауданы, Баймұрза ауылында дүниеге келген. Білімі-жоғары.

    Қызметкерлер

    Петров Петр Борисович

    Бөлім басшысының орынбасары

    Ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісін ынталандыру және ұлғайту жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асыру. Нарықтық қатынастарды, жерді және басқа ресурстарды ұтымды пайдалануды ескере отырып, ауыл шаруашылығы саласындағы мемлекеттік аграрлық саясатты, басым мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру жөніндегі жоспарларды әзірлеу. Уәкілетті органның келісімі бойынша оларды аудан аумағында өткізуді ұйымдастыру. Нарықтың жай-күйін талдау, баға белгілеу, ауыл шаруашылығы өнімдеріне сұраныс пен ұсыныстарды зерделеу, мүдделі тұлғалар арасында байланыс орнатуға ықпал ету. Егіншілікте бірыңғай технологиялық саясатты жүргізуді жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы өндірісіне жаңа технологияларды енгізуге ықпал ету. Ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын орындау мәселелеріне жетекшілік ету. Ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға тұқым шаруашылығы, егіншілік саласындағы қажетті ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету. Ауыл шаруашылығы саласындағы субсидиялау бағдарламасын іске асыру. Ауыл шаруашылығы бөлімінің аудан әкімінің аппаратымен, аудандық бөлімдермен бөлім қызметінің мәселелері бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз ету.

    Басқа қызметкерлер

    7
    Қызметкерлер

    Нұркин Нұржан Елтайұлы

    Өсімдік және мал шаруашылығы секторының меңгерушісі

    Ауыл шаруашылығы құрылымдарына, шаруа қожалықтарына және халықтың жеке аулаларына тиесілі мал мен құстың өнімділігін арттыру мақсатында өндірісті қарқындату, мал шаруашылығы өнімдерін өндірудің прогрессивті технологиясын енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру. Мал шаруашылығы саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүзеге асыру. Ауылдық округтерде мал шаруашылығы өнімдерін (сүт, жүн және т.б.) сатып алу барысын бақылауды жүзеге асыру. Ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға тұқым шаруашылығы, егіншілік саласындағы қажетті ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету. Өнімді сатып алу бойынша есептілікті жүргізу және жоғары тұрған ұйымдар алдында уақтылы есеп беру. Өнеркәсіптік қайта өңдеу кәсіпорындарында мал шаруашылығы өнімдерін өндіруді бақылауды және талдаудың дұрыстығын жүзеге асыру. Мал шаруашылығы өнімінің бағасына мониторингті жүзеге асыру. Аудан орталығы мен Петропавл қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелерін ұйымдастыруға қатысады. Ауылдық аумақтарды дамыту бағдарламасын әзірлеу және жүргізу. Заңды және жеке тұлғалардың өтініштерін уақытылы қарауды қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізеді, ДБ-да жұмыс жүргізеді, «Е-өтініш» базасын жүргізеді. Жануарлардың тұқымдық сапасы мен өнімділігін жақсартуға бағытталған асыл тұқымдық жұмысты ұйымдастыру.

    Қызметкерлер

    Каторженко Владимир Иванович

    Кәсіпкерлік секторының меңгерушісі

    Өз құзыреті шегінде мемлекеттік билік органдарымен және басқа да мемлекеттік ұйымдармен қарым-қатынаста бөлімнің атынан өкілдік етеді. Кәсіпкерлікті, туризмді қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды жүзеге асырады, олардың дамуы үшін жағдай жасайды. Ауданда шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құруды және дамытуды қамтамасыз етеді, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға мониторингін, қауымдастықтармен, технопарктермен, бизнес-инкубаторлармен, шағын бизнес орталықтарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Аудан бойынша шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың перспективалық жоспарлары мен iс-шараларын әзiрлеу және орындау. Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру. Бөлімге жүктелген міндеттердің және функциялардың орындалуына дербес жауапты болады. Өз құзыретіне жатқызылған қолданыстағы заңнамада және бөлім туралы ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастырады. Аудан орталығы мен Петропавл қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелерін ұйымдастыруға қатысады. Мемлекеттік және еңбек тәртібін, ұйымның ішкі тәртіп ережелерін сақтау. Бөлім басшысының, бөлім басшысы орынбасарының тапсырмасы бойынша қолданыстағы заңнамаға және бөлім туралы ережеге сәйкес өзге де міндеттерді орындайды.

    Қызметкерлер

    Бламбаев Алибек Алжанұлы

    Кәсіпкерлік секторының бас маманы

    Құжаттандыруды ұйымдастыру. Жоғары тұрған органдардан келіп түсетін құжаттардың, басқа да қызметтік тапсырмалардың орындалу мерзімін және орындалуын, азаматтардың ұсыныстарын, өтініштерін, хаттарын, шағымдарын қарауды бақылайды. Ауданда бизнесті дамыту жоспарларын, бағдарламаларын, іс-шараларын әзірлеу және орындау және іске асыру (талдау, перспективалар, мақсаттар, міндеттер, кестелік нысандар). Тақырыптық «дөңгелек үстелдер», семинарлар өткізуді ұйымдастыру, БАҚ-та материалдар жариялау. Өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларының мониторингін, инфрақұрылымның қолданыстағы және ашық объектілерінің мониторингін жүзеге асырады. Кәсіпкерлік секторы бойынша ауылдық аумақтарды дамыту мониторингі. Ауданда кәсіпкерлікті қолдау және дамыту, индустриялық-инновациялық даму, туризм және т.б. мәселелері бойынша жоғары тұрған ұйымдарға есептер дайындайды және ұсынады. Сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастырады. Аудан орталығы мен Петропавл қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелерін ұйымдастыруға қатысады.

    Қызметкерлер

    Рамазанов Оспан Русланович

    Өсімдік және мал шаруашылығы секторының бас маманы

    Ауыл шаруашылығы құрылымдарына, шаруа қожалықтарына және халықтың жеке аулаларына жататын мал мен құстың өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында мал шаруашылығы өнiмдерiн өндiрудiң прогрессивтi технологиясын енгiзу, өндiрiстi қарқындату жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және жүзеге асыру. Жануарлардың тұқымдық сапасы мен өнімділігін жақсартуға бағытталған асыл тұқымдық жұмысты ұйымдастыру. Мал шаруашылығы өнімдерін (сүт, жүн және т.б.) сатып алуды ұйымдастыру. Өнімді сатып алу бойынша есептілікті жүргізу және жоғары тұрған ұйымдар алдында уақтылы есеп беру. Ауылдық округтерде мал шаруашылығы өнімдерін сатып алу барысына мониторингті жүзеге асыру. Ауыл шаруашылығы саласындағы уәкілетті органға тұқым шаруашылығы, егіншілік саласындағы қажетті ақпаратты ұсынуды қамтамасыз ету. АҚК-да сақталатын астық мониторингін жүзеге асыру. Агро іс-шараларды өткізу кезеңінде агроқұрылымдардың қызметі бойынша жедел ақпарат жинау, астықты мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру. Химияландыру құралдарын сатып алу, оларды шаруашылықтарда қолдану бойынша мониторинг жүргізу. Мал шаруашылығы өнімінің бағасына мониторингті жүзеге асыру. Аудан орталығында және Петропавл қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелеріне қатысу.

    Қызметкерлер

    Дробышев Петр Павлович

    Бас маман-инженер өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы секторының инспекторы

    Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне ғылыми-техникалық прогрестi енгiзудi қамтамасыз ету, машина-трактор паркiн жұмыс жүргiзуге дайындау, оның жұмысқа қабiлеттiлiгi мен тиiмдi пайдаланылуын қолдау жөнiндегi ұйымдардың агроқұрылымдары мамандарына жәрдем көрсетедi. Өз құзыреті шегінде машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуді жақсарту бойынша іс-шаралар мен ұсыныстар әзірлеу. Мемлекеттік қызмет көрсету. Ауыл шаруашылығы техникасының жеке және заңды тұлғаларға тіркелуі туралы құзыретті органдардың сұрауларына жауап береді. Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу бойынша ғылыми деректерді ЕАСУ базасына, ГРСТ базасына енгізеді. Мемлекеттік қызметтер бойынша Е-лицензиялау базасын жүргізу. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егiс, егiн жинау жұмыстарын жүргiзу, олардың ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуы үшiн қажеттi ЖЖМ-ға қажеттiлiгi мен қамтамасыз етiлуiне мониторинг жүргiзу. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін уәкілетті органға ақпарат беруді қамтамасыз ету. Жүктелген міндеттерді орындау үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратады және алады. Мемлекеттік және еңбек тәртібін, ұйымның ішкі тәртіп ережелерін сақтау. Бөлім басшысының, басшы орынбасарының, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы секторы меңгерушісінің тапсырмасы бойынша қолданыстағы заңнамаға және бөлім туралы ережеге сәйкес өзге де міндеттерді орындайды.

    Қызметкерлер

    Аблаева Гүлмира Қуанышбайқызы

    Жоспарлау және бухгалтерлік есеп бойынша бас маманы

    Бөлімде бухгалтерлік есеп жүргізеді. Мемлекеттік сатып алу заңына сәйкес тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүргізуді жүзеге асырады. Құжаттаманы жүргізу және дерекқорды қалыптастыру. Бюджет бойынша шығыстар сметасының орындалуын жасау және есепке алу, қаржылық құжаттарды уақтылы және дұрыс ресімдеу. Бухгалтерлік есептіліктің белгіленген мерзімінде жасалған барлық құрғатылатын шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетуді, бақылауды қамтамасыз ету. Өз жұмысын далалық, мал шаруашылығы, инженерлік-техникалық инфрақұрылым, стратегиялық жоспарлау және реформалар, бухгалтерлік есеп, қаржы, инвестициялық және кредиттік саясат мамандарымен бірлесіп үйлестіру. Өз құзыреті шеңберінде басқа бөлімдермен, ұйымдармен, комитеттермен және басқармалармен ынтымақтастықты жүзеге асыру. Мемлекеттік және еңбек тәртібін, ұйымның ішкі тәртіп ережелерін сақтау. Бөлім басшысының, басшы орынбасарының тапсырмасы бойынша қолданыстағы заңнамаға және бөлім туралы ережеге сәйкес өзге де міндеттерді орындайды.