Каторженко Владимир Иванович
Кәсіпкерлік секторының меңгерушісі
Өмірбаян
Өз құзыреті шегінде мемлекеттік билік органдарымен және басқа да мемлекеттік ұйымдармен қарым-қатынаста бөлімнің атынан өкілдік етеді. Кәсіпкерлікті, туризмді қолдау мен дамытудың мемлекеттік саясатын іске асыруды жүзеге асырады, олардың дамуы үшін жағдай жасайды. Ауданда шағын кәсіпкерлікті және инновациялық қызметті қолдау инфрақұрылымының объектілерін құруды және дамытуды қамтамасыз етеді, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктерімен, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және нарықтық инфрақұрылым объектілерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Өз құзыреті шегінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға мониторингін, қауымдастықтармен, технопарктермен, бизнес-инкубаторлармен, шағын бизнес орталықтарымен өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Аудан бойынша шағын және орта кәсiпкерлiктi дамытудың перспективалық жоспарлары мен iс-шараларын әзiрлеу және орындау. Бөлімде жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жұмысты ұйымдастыру. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысты ұйымдастыру. Бөлімге жүктелген міндеттердің және функциялардың орындалуына дербес жауапты болады. Өз құзыретіне жатқызылған қолданыстағы заңнамада және бөлім туралы ережеде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Сарапшылық кеңестердің қызметін ұйымдастырады. Аудан орталығы мен Петропавл қаласында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелерін ұйымдастыруға қатысады. Мемлекеттік және еңбек тәртібін, ұйымның ішкі тәртіп ережелерін сақтау. Бөлім басшысының, бөлім басшысы орынбасарының тапсырмасы бойынша қолданыстағы заңнамаға және бөлім туралы ережеге сәйкес өзге де міндеттерді орындайды.