Дробышев Петр Павлович
Бас маман-инженер өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы секторының инспекторы
Өмірбаян
Ауыл шаруашылығы өндiрiсiне ғылыми-техникалық прогрестi енгiзудi қамтамасыз ету, машина-трактор паркiн жұмыс жүргiзуге дайындау, оның жұмысқа қабiлеттiлiгi мен тиiмдi пайдаланылуын қолдау жөнiндегi ұйымдардың агроқұрылымдары мамандарына жәрдем көрсетедi. Өз құзыреті шегінде машиналарды мемлекеттік техникалық байқаудан өткізуді жақсарту бойынша іс-шаралар мен ұсыныстар әзірлеу. Мемлекеттік қызмет көрсету. Ауыл шаруашылығы техникасының жеке және заңды тұлғаларға тіркелуі туралы құзыретті органдардың сұрауларына жауап береді. Ауыл шаруашылығы техникасын мемлекеттік тіркеу бойынша ғылыми деректерді ЕАСУ базасына, ГРСТ базасына енгізеді. Мемлекеттік қызметтер бойынша Е-лицензиялау базасын жүргізу. Ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң егiс, егiн жинау жұмыстарын жүргiзу, олардың ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтарын сатып алуы үшiн қажеттi ЖЖМ-ға қажеттiлiгi мен қамтамасыз етiлуiне мониторинг жүргiзу. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына бағалау жүргізу үшін уәкілетті органға ақпарат беруді қамтамасыз ету. Жүктелген міндеттерді орындау үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратады және алады. Мемлекеттік және еңбек тәртібін, ұйымның ішкі тәртіп ережелерін сақтау. Бөлім басшысының, басшы орынбасарының, өсімдік шаруашылығы және мал шаруашылығы секторы меңгерушісінің тапсырмасы бойынша қолданыстағы заңнамаға және бөлім туралы ережеге сәйкес өзге де міндеттерді орындайды.