Сұрақтар мен жауаптар — Ұлытау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы

    Ұлытау облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы мемлекеттік қызметтер мен ресми рәсімдер бойынша сұрақтары мен жауаптары.

    Сұрақ

    21. Егер ол тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте облыс шекарасында жұмыстарды орындау орны бойынша болса, әлеуетті өнім берушіге шартты жеңілдіктің қанша пайызы беріледі?

    Жауап

    Шекті сомадан төмен сатып алулар үшін, егер жеткізуші бір әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан болса, оған шартты түрде 2% жеңілдік беріледі.

    Сұрақ

    20. Жұмыскердің еңбек ресурстарына қойылатын талаптағы еңбек өтілі қалай есептеледі?

    Жауап

    Еңбек өтілі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмемен немесе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған мәліметтермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірімен расталады.

    Сұрақ

    19. Қазақстанда мемлекеттік сатып алу конкурсына қатысу кезінде демпингтік баға қалай анықталады?

    Жауап

    Баға конкурсқа ұсынылған кезде сараптамадан өткен құжатқа қарағанда едәуір төмен болса, демпингтік болып саналады.

    Сұрақ

    18. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімге қандай негізгі талаптар қойылады?

    Жауап

    Өтінім веб-портал арқылы электронды түрде беріледі және құжаттар пакетін, техникалық сипаттаманы, баға ұсынысын және өтінімді қамтамасыз етуді қамтуы тиіс.

    Сұрақ

    17. Конкурстық құжаттама жобасына сұрау салуды немесе ескертулерді қалай жіберуге болады?

    Жауап

    Хабарлама жарияланғаннан кейін 2 жұмыс күні ішінде «Құжаттама ережелерін талқылау» қойындысы арқылы сұрау/ескертулер жіберіледі

    Сұрақ

    15. Шарт жасасқанға дейін жеткізушінің банктік деректемелерін өзгертуге бола ма?

    Жауап

    Банк деректемелерін осы статусларда өзгертуге болады: «Келісуге жіберілді» және «Қол қоюда». Батырма: «Банк деректемелерін өзгерту».

    Сұрақ

    14. Бірыңғай ұйымдастырушы арқылы сатып алуға өтінімді қалай құруға және жіберуге болады?

    Жауап

    Жылдық жоспардан позицияны таңдап → «Сатып алуға өтінім құру» → ұйымдастырушы ретінде Бірыңғай ұйымдастырушыны таңдау.

    Сұрақ

    13. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне(әрекетсіздігіне), шешімдеріне, егер олардың әрекеттері(әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, қалай шағымдануға болады?

    Жауап

    Шағымды «Қолжетімді әрекеттер» → «Шағым беру» арқылы жіберуге болады.

    Сұрақ

    12. Бекітілген Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына қалай өзгерістер енгізуге болады?

    Жауап

    Бекітілген жылдық жоспарға өзгерістер енгізу үшін жылдық жоспар жобасын құру қажет. Бұл ретте осы жобаға бекітілген жылдық жоспардан жоспардың барлық тармақтары қосылатынын атап айтамыз.

    Сұрақ

    11. Қандай жағдайларда әлеуетті өнім берушінің электрондық әмияндағы ақша түріндегі конкурсқа қатысуға өтінімін қамтамасыз ету қайтарылады?

    Жауап

    Әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді ол конкурс жеңімпазы деп танылған жағдайда мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуына және мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Респу...

    Сұрақ

    10. Егер әлеуетті өнім беруші Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген жағдайда, Тапсырыс берушінің мұндай өнім беруші жосықсыз өнім берушілер тізіліміне енгізілгенге дейін жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шартты (-ларды) раторгиялауға құқығы бар ма?

    Жауап

    Мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу бұрын жасалған шартты бұзуға автоматты негіз болып табылмайды. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңда тізілімге енгізілген өнім берушілермен шартты автоматты түрде бұзу қарастырылмаған.