15. Шарт жасасқанға дейін жеткізушінің банктік деректемелерін өзгертуге бола ма?

    ·
    Сұрақ

    15. Шарт жасасқанға дейін жеткізушінің банктік деректемелерін өзгертуге бола ма?

    Жауап

    Банк деректемелерін осы статусларда өзгертуге болады: «Келісуге жіберілді» және «Қол қоюда». Батырма: «Банк деректемелерін өзгерту».

    Ұқсас материалдар

    Сұрақ

    21. Егер ол тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте облыс шекарасында жұмыстарды орындау орны бойынша болса, әлеуетті өнім берушіге шартты жеңілдіктің қанша пайызы беріледі?

    Жауап

    Шекті сомадан төмен сатып алулар үшін, егер жеткізуші бір әкімшілік-аумақтық бірлікте орналасқан болса, оған шартты түрде 2% жеңілдік беріледі.

    ·
    Сұрақ

    20. Жұмыскердің еңбек ресурстарына қойылатын талаптағы еңбек өтілі қалай есептеледі?

    Жауап

    Еңбек өтілі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан үзінді көшірмемен немесе Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан алынған мәліметтермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабында көзделген құжаттардың бірімен расталады.

    ·
    Сұрақ

    18. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурсқа қатысуға өтінімге қандай негізгі талаптар қойылады?

    Жауап

    Өтінім веб-портал арқылы электронды түрде беріледі және құжаттар пакетін, техникалық сипаттаманы, баға ұсынысын және өтінімді қамтамасыз етуді қамтуы тиіс.

    ·
    Сұрақ

    13. Тапсырыс берушінің, ұйымдастырушының, бірыңғай ұйымдастырушының, сараптама комиссиясының (сарапшының) әрекеттеріне(әрекетсіздігіне), шешімдеріне, егер олардың әрекеттері(әрекетсіздігі), шешімдері әлеуетті өнім берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін бұзса, қалай шағымдануға болады?

    Жауап

    Шағымды «Қолжетімді әрекеттер» → «Шағым беру» арқылы жіберуге болады.

    ·